Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет153/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жаңсақ кетушілік жоғарыда аталған 
ақындардың творчествосын тексеру-
де біршама орын алды.
Әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші 
жартысынан бергі әдебиеттегі ақын-
дарды «Қазақстанда жаңа өркендеп 
келе жатқан қоғамның, яғни буржу-
азиялана бастаған қазақ байлары-
ның өкілі» деген көзқарастағы ұғым 
қалыптасты. «Егер ақын өзі өмір 
сүріп отырған феодалдық қо ғам-
дық құрылысты сынаса, ол жаңа 
өсіп келе жатқан буржуазия та-
бының көзқарасымен сынады» де-
лініп, ақындар шығармаларындағы 
ха лықтық, сыншыл реалистік си-
патты феодализм және капитализм 
арасындағы қайшылыққа сайып жі-
бе рілді. Бұған, әсіресе ата-тегі «тұр -
пайы социологизм» теориясына 
келе қоймайтын кедей таптан шық-
қан ақындар құрбан болды. Мы-
салы, Шортанбай, Нарманбет, Ақ-
мол ла, О. Қарашовтардың орыс 
пат шалығы отаршылдық саясатын 
сы наған шығармалары жаңашыл-
дық қа, қоғамға қарсы деген ұғымда 
түсіндіріліп, олар «ескі заманды 
хандық, бектік дәуірді аңсайтын 
кертартпа ақындар» болып кетті. 
Ал Ыбырайдың қазақ прозасының 
негізін салудағы, педогогтық-ағарту-
шылық еңбектері мен жаңашыл су-
реткерлігі дұрыс бағалана отырса да 
«Ыбырай шығармаларының мәні, 
сапасы негізінен билер (феодал-
дар) табынікі» деп бағаланды. Осы 
сипаттағы пікірлер Ы. Алтынса рин 
туралы шыққан мақалалардың кө біне 
тән десе де болады.
Классикалық мұраны зерттеуде 
қазақ әдебиеттану ғылымындағы 
қате пікірлер мен «тұрпайы социо-
логиялық» тұжырымдардың қатты 
өріс алуына 1932 жылғы «Сталин 
жолдастың хатына байланысты Қа-
зақстанда теория майданындағы кү-
рес міндеттері туралы» түсіндірме 
хат әсер етті. Сталиннің «Большевизм 
тарихының кейбір мәселелері ту-
ралы» хатының ықпалында жасалған 
бұл нұсқау құжат «халық фолькло-
рының көптеген шығармалары ның, 
революцияға дейінгі кезеңнің аса 
көр некті бірқатар ақындарының твор -
чествосын жөнсіз жазғыруды кү-
шей тіп, сол кездегі маңдай алды әде -
биетшілерді (А. Байтұрсынов, С. Сей -
фуллин, М. Жұмабаев, М. Әуезов, 
С. Мұқанов, І. Жансүгіров, Б. Май-
лин және басқалары) қуғындауды 
өршітті, олардың көпшілігін ке-
йіннен репрессияға ұшыратты». Со-
лақай сыншылдықтың дауылы қай-
та көтеріліп, жоғарыда аталған да-
рындардың мұрасын ғылыми сөз 
ете бастаған мақалалар «өткір сынға 
алынып, оларға феодалдық-рулық 
құрылысты марапаттады, өткен кезең 
ақындарының творчествосына тап-
тық емес көзқараста болды деген 
айып тағылды». Осы қаулы класси-
ка лық мұраның либерал-буржуа-
зия лық немесе билік-феодалдық бо-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет