Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет179/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
отырып, авторлар оның ақындық 
ерекшелігі, хан-сұлтандарға өткір 
де батыл айтылған сындары, күрес 
дәуірінің ащы шындығын бейнеле-
ген реалистік сипаты турасында тың 
тұжырымдар білдіреді. Авторлар-
дың көркем шығармашылықты зерт-
теуде маркстік-лениндік әдіснаманы 
негізгі басшылыққа алып отырғанын 
мына пікір дәлелдей түседі. «Өзі 
болған жорықты, өзі көрген тарихи 
үлкен қимылды жыр қылушы қазақ 
әдебиетінде екі-ақ ақын. Бірі – Ма-
хамбет, екіншісі – Нысанбай. Бірақ 
бұл екеуінің жыр, толғауларында екі 
алуан басшылық бар. Махамбет – 
қозғалыстың басшысы, найза басы 
батыры. Оның сөзі де сол көпті же-
тектеп, сүйреп майданға шақырып 
отыратын сөз. Ал мынау (Нысанбай. 
– Ж. С
.) жорықтың басшысы да, ба-
тыры да емес. Көбінесе Кенесары-
дай ханның көңілін ашар ермегі... 
Нысанбай Кенесарының хандығын, 
жеке өмірін жоқтаушы, құптаушы бо-
лады. Сондықтан оның тарихи жыры 
да көбінесе сол қошемет жыры бола-
ды. Шығармаларының барлық қалпы 
хан жорығын мадақтап, үстем тап 
жыршысының үлгісін көрсетеді» [52, 
28].
Махамбет шығармашылығының 
негізгі ерекшеліктерін ашу мақ са-
тында Бұқар толғауларымен салыс-
тырып, тақырыптық айырмасына, 
«майданға көпті еліктіре сөйлеген, 
шабуыл, атой ұран» сипатындағы 
мағынасына және өлең өрнегіне 
ерекше көңіл аударады. Авторлар 
«Ере уіл атқа ер салмай» өлеңін тал-
дау барысында ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірді теориялық негізде өрбі-
тіп, ақын тұлғасын ашып көрсете тін 
дәрежедегі монографиялық портрет 
жасаған. «Бұрынғы өлең-жырда әр 
жерден шаң беріп, басы қосылмай, 
бытырап жүретін суреттер мынада 
қатты жымдасып, екшеліп, бір бас, 
бір тас боп алады. Ақынның көпке 
тастап отырған ұранындағы тілек-
талап та сол. Жырдың ішкі-сыртқы 
құрылысы табиғи тұтас біткен бі-
рыңғай бүтіндікті білдіреді» деген 
секілді пікірлер оқулықтың ғылыми-
зерттеу еңбек ретіндегі маңызын 
көтере түсетіні анық.
«Бұл оқулықтың практикалық ма-
ңызының мәні сол – бұрынғы екі ұш-
ты бағаланған немесе аталмай жүр-
ген ақындар жөнінде нақтылы, анық 
сипаттама берілді. Мұнда Шортан-
бай, Мұрат, Абай, Ыбырай, Әбубә-
кір, Шәңгерей, Омар, Сұлтанмах мұт, 
С. Дөнентаев сияқты ақындар дың 
шығармашылығына арнайы тал-
дау жасалған» [47, 191]. Авторлар 
бұл ақындардың алғашқы алтауын: 
«Бек тік құлауға айналып, өндіріс 
ка питалы дәуірлей бастаған кездің 
әдебиеті» (1870-1905) деп аталған 
дәуірге жатқызса, қалғандарын «ұлт-
шылдық әдебиеттің бас кезі» атты 
кезеңге кіргізген. «Әдебиет тари-
хын дәл осылай дәуірге бөлудің, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


197


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет