Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет182/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Бұл кемшіліктің болуы қазақ әде-
биеттану ғылымының қазақ әдебиет 
тарихын зерттеудің барлық пробле-
малары мен принциптерін әлі толық 
меңгере алмай жатқанын анық таны-
тады. Ол оқулықтың үшінші бөлі-
мінде Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, 
С. Дөнентаев шығармашылығын 
зерт теуде де көрінеді. 
Авторлардың үшінші дәуірді «ұлт-
шылдық дәуірдің бас кезі» деп ата-
уына біз жоғарыда сөз еткен С. Мұ-
қановтың оқулығының әсері болған 
секілді. Бірақ, бұл оқулықта А. Бай-
тұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, 
Ж. Аймауытов алынып тасталып, тек 
олардың осы кезеңге кірген ақын дар 
шығармашылығына тигізген «зиян-
ды салқыны» ғана аталып өткен. 
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің 
кескін-келбетін танытуға жасаған 
шолуда дәуір шындығын, қазақ әде-
биетінің даму процесіне әсер ет-
кен ағартушылық, бұқарашылдық 
идеяның мәнін аша отырса да, ав-
торлар Сұлтанмахмұт, Ғұмар, Сә-
бит үшеуінен басқа ақындарды бұл 
дәуірге кіргізбеген. «Ұлтшыл-алаш-
ордашылар» аталғандарды былай 
қойғанда, М. Ж. Көпеев, С. Көбеев, 
М. Сералин және тағы басқалары 
атаусыз қалып қойған. Авторлар 
С. Торайғыров шығармашылығын 
сөз еткенде С. Мұқанов оқулығында 
кеткен ұшқары пікірлерді түзете ке-
ле соны тұжырымдар білдіргенімен, 
сол кезеңде қазақ әдебиеті тарихы-
ның «ұлтшылдық дәуірі» деп ата-
лып жүрген кезеңге қалыптасқан 
көзқарастың ықпалынан шыға алмай 
қалған. Ғ. Қарашев шығармаларын 
талдауда да осыны анық сезуге бо-
лады. Ал С. Дөнентаев барынша әді-
летті бағаланып, жаңа заманды жыр-
лаудағы сәтті шығармалары аталып 
өтіледі.
Ғылыми зерттеудегі негізгі қарас-
тырылған ақындар қазақ әдебиеті-
нің ХІХ және ХХ ғасыр басындағы 
дәуірлерінің көрнекті өкілдері бо ла 
тұрса да, авторлардың басты мақса-
ты ғылыми-педагогикалық талаптар-
ға және әдебиетті мектепте тарихи 
курс ретінде тереңдете оқытуға сай 
тұрақты оқулық жасау болғандық-
тан, орыс классиктерінен А. С. Пуш-
кин, М. Ю. Лермонтов, А. И. Чехов, 
Л. Н. Толстой, М. Горькийлердің 
өмірі мен шығармашылығын таныс-
тыруды жөн санаған. Бұл оқу 
құралына қарағанда әдебиет хрес-
томатияларына тән құбылыс. Хрес-
томатияда көбіне көркем шығарма 
мәтіні мол беріліп, оның маңызы 
мен авторы жайында қысқаша тү-
сініктемелер келтіру сипаты басым 
болғандықтан, әдеби білім беруде 
туысқан республикалар әдебиетінің 
көрнекті өкілдерін таныстыру, клас-
сикалық туындыларды өскелең ұр-
пақтың эстетикалық рухани азы-
ғына айналдыру педагогикалық та, 
әдістемелік те жақтан тиімді еке-
ні рас. Орыс классиктерінің өмірі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет