Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет208/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тосқауыл қоюды жоспарлаған бо-
луы керек. Ол үшін қазақ қаламгер-
лерін бір бағытта жұмыс жасауға 
жұмылдыруды басты мақсат санаған. 
«Ұлт әдебиетінің өткен кезеңдерін 
сөз ете келіп:...қысқасы, қазақтың 
күні кешегісі, бұл күнгісі – бәрі де 
айтарлықтай суретке түскен. Осылар 
түспей өз әдебиетіміз бола алмақ емес. 
Сондықтан жас әдебиетіміздің осы 
күнгі мойнындағы жауапты міндеті – 
қай жаққа болса да бір езу болмау. Бұл 
бір бағытты болмау деген сөз емес. 
Бағыттың аты – бағыт, бір езудің аты 
бір езу», – деп жазады. Осындағы бір 
бағытты болу деген ой бағдарламада 
бұқарашылдық ұғымына сай көрініс 
тапқан. Бұқарашылдық әдебиет де-
ген түсініктеменің «Алқаға» байла-
нысты туды деп отырғанымыз сон-
дықтан. Өйткені, «саяси ұйым» ре-
тінде ресми сыналып, басты идеясы 
тапшылдық көзқараста бұрмалана тү-
сіндірілгенімен «Алқа», оны жасау-
шылар бірден қудаланбады. ҚазАПП-
қа оппозиция ретінде өмір сүріп, 
ақын-жазушылар арасына кеңінен та-
рады. Бұқарашылдық әдебиет атауы 
әдеби сын мен теориялық ой-пікірде 
кеңінен қолдануы сол себептен де 
еді. Қайта оралған арыстарымыз-
ды «ұлтшыл-байшыл», «ұлтшыл-
алашордашыл» атанғандар деуден 
көрі «алашшылдар» деп атауға ұсы-
ныс та бар. Біздің ойымызша, олар-
ды «бұқарашылдар» деп атаған дұ-
рыс секілді. Сонда олар 1920 жыл-
дағы әдебиетте бұқарашылдық ба-
ғыттың өкілдері болып табылады 
да, төңкерісшілдік бағыттағыларға 
қарсы тарихи тұлғасы ашыла түседі. 
Сөз орайы келгенде айта кететін бір 
мәселе – ұйымның «Алқа» аталу 
сыры. «Алқа» бағдарламасын жа-
саушылар бұл атауды әшекейлік бұ-
йым мағынасында алмаған. Ресей-
де құрылған әр түрлі әдеби топтар 
мен ұйымдар өз атауларын белгілі 
бір бағыт пен мақсатқа орайласты-
ра атаған. Мысалы «Леф» (Левый 
фронт), «ОПОЯЗ» (общество из-
учения поэтического языка), «Пере-
вал», «Кузница», «На литературном 
посту», «Серапионовы братья», 
ВАПП, РАПП және т.б. Осылар 
секілді «Алқа» ұйымын құрушылар 
да бұқарашылдық бағытқа орай оның 
атын жайдан-жай қоя салуы мүмкін 
емес. Біздің ойымызша, «Алқа» – 
«Алашшыл қазақ ақындары» ма, 
әлде «Алаш қаламгері» ме, бол-
маса «Алаш қазақтарының адаби-
аты» (ол кезде әдебиет осылайша 
аталған) ма, әйтеуір осы тақылеттес 
мағынаны білдіретін сөздердің қыс-
қартыла алынған атауы болуы керек. 
Әрине, архив ақтарып нақты дерек-
термен дәлелдеу қажет. Біз ой салу 
үшін өз ұсынысымызды жобамен 
осылай болуы керек-ау деп айтып 
отырмыз. Негізінде, 1920 жылдар-
да Ресейде болған әр түрлі әдеби 
топтар мен ұйымдар әдеби ағым, 
көркемдік әдіске орай символизмге, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


226


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет