Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет210/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
лық таныстыра келіп көркемдік әдіс 
жайына ауысады. «Абай өлеңіндегі 
беттеген бағыт, құлаққа естілген са-
рын ненің сарыны екені байқалады. 
Ол – ашық тілек, айқын ұғымның 
(здоровый реализмнің) сарыны. 
Абайдан басталған сол реализм са-
рыны қазақ әдебиетінде осы күнге 
шейін жол болып келе жатыр. Рас, бұл 
жолда кейде күшейіп, кейде жалпақ 
жарысқа ұқсап бытыраңқылық кү-
шейіп жүрген мезгілдер бар, бірақ 
негізгі сарынға келгенде қазақ өмі-
ріне тез боламын деген әдісіне, ай-
ласына келгенде қазақ әдебиеті Абай 
салған жолдан көп ұзап өзгеріп кете 
қойған жоқ» деген алғашқы ғылы-
ми тұжырымның аулы шындықтан 
алыс емес [35, 231]. Ұлтшылдықтың 
салқынынан қорыққан соқырлықпен 
мақаланы ғылыми айналысқа қоспай 
келгенімізбен, бұл пікірдің кейінде 
ғылыми тереңдетіле дәлелденгені 
белгілі. Жалпы қазіргі таңдағы қазақ 
әдебиеттануында ұлттық әде бие-
тіміздегі романтизм, реализм, сын-
шыл реализмнің көркемдік әдіс 
ретінде көрініс табуы мен әдеби 
ағымдар платформасының қалып-
тасуы кең масштабта қарастырылған 
жоқ. Әдебиет теориясына арнал ған 
монографиялардағы 
анықтамалық 
си паттамалар мен жеке ақын-жа зу-
шылар шығармашылығын қарас-
тырған еңбектердегі ой-пікірмен қа-
нағаттанып жүрміз. Сол себептен де 
1920 жылдар әдебиетіндегі көркемдік 
әдіс мәселесі даулы күйде қалып, 1930 
жылдардан басталған социалистік 
реализмге бір-ақ секіріп келдік. Сын-
шыл реализм айқын танылып тұрған 
М. Әуезовтің әңгімелерін оған қимай, 
социалистік реализмге жатқыза ал-
май қиналып келгенде, «Ақбілек» 
пен «Қартқожаны» қай әдіске апарып 
таңарымызды кім білсін ?! 
М. Әуезов мақалада ХХ ғасыр 
әдебиетінде екі сарын (яғни көр-
кемдік әдіс – 
Ж. С
.) болды деп та-
бады. Бірі – қайғы-зар, яғни зар за-
ман сарыны, екіншісі – реализм. Зар 
заман сарынын көркемдік әдіс деп 
алғанына келіспеген күннің өзінде, 
Абайдан басталған реализмнің ғасыр 
басындағы әдебиетте жол болып келе 
жатқанын дәлелдеуі әдеби-теория-
лық ой-пікірдің тың саладағы ізде-
нісін байқатады. Қазақ әдебиетіндегі 
көркемдік әдіс проблемасы тура-
лы көзқарасын М. Әуезов: «Жаз-
ба әдебиеттің Абайдан бергі ұзақ 
дәуірін алғанда жолын өзгертетін 
жаңалық соңғы жылдарда туып 
келеді. Ол жаңалық жаңа басталып 
келе жатқан сезімшілдік (романтизм) 
дәуірі, бұрынғы ауызша әдебиеттен, 
одан бергі Абай заманынан бері 
қарай келе жатқан реализм сарыны 
құрғақ ой, жадағай сөз (рассужде-
ние) күйі, осы күнде ішкі терең сезім, 
нәзік сыр күйіне айналып келеді», –
деп жазады да, Мағжан өлеңдерін 
мы салға келтіреді. Мақаланың әде-
би-теориялық ой-пікірге қосқан 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


228


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет