Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет212/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ұлтшылдықпен суарылып қалған» 
деп көрсетеді. Одан әрі осы төңіректе 
ой өрбіте келіп, соның негізінде: 
«қазақ әдебиеті қазір күйректік (сен-
тиментализм), сарындамалық (ро-
мантизм) дәуірінде болуға тиіс. Ен-
деше санашылдықтан да (идеализм) 
құтыла алмайды. Нағыздық (реа-
лизм) дәуір қазірге аналардай қабыса 
қоймас» деген қорытындыға келеді. 
Автор бұл пікірін ғылыми-теория-
лық тұрғыдан нақты мысалдармен 
дәйектемеген және ол алғаш сөз 
етіліп отырғандықтан мүмкін де емес 
еді. Алайда, М. Әуезовтің жоғарыда 
айтылған еңбегіндегі қазақ әдебиеті 
көркемдік тұрғысынан келгенде қа-
зір романтизм дәуірінде деген пікірін 
қолдай отырып, әдеби ағым жағы нан 
келгенде сентиментализмде, онда 
идеализм де бар, ал реализмнің жо-
лы шектеулі деген тың көзқарасы –
әдеби-теориялық ой-пікірдің бұл са-
ладағы ізденістеріне айқын дәлел. 
Бұл жерде алдын ала ескерте кететін 
бір жай бар. Мәселе айтылып өткен 
және алдағы уақытта қарастыратын 
мақалалар мен еңбектерде қазақ 
әдебиетінің көркемдік әдіс пен әде-
би ағым тұрғысынан келгенде қан-
дай дәуірде екені дұрыс не бұрыс 
айқындалуында емес. Олардың ұлт 
әдебиетінде көрініс табуын сын мен 
әдеби-теориялық ой-пікір ғы лыми 
зерттеу нысанасына алуында. Со-
нымен қатар, қарастырылатын ең-
бектердегі аталатын әдеби ағымдар 
мен әдістердің барлығы бірдей әде-
биетімізде көрініс тапты деген де 
сөз емес. Бұл – қазақ әдебиеттану 
ғылымындағы теория саласында то-
лық зерттеліп бітпеген проблема. 
Оның басты себебі, 20-жылдардағы 
ағым мен әдіс мәселесіне барсақ, 
бұқарашыл, яғни ұлтшыл атанған 
ақын-жазушыларға жолап кететін 
болған соң жылы жауып қойдық. 
Алда-жалда айта қалған жағдайда 
«қазақ әдебиетіне әр алуан дертті: 
ыңырана күңіренуді, мистиканы жә-
не жұртқа жат электизмді (әркімге 
еліктегіштікті), декаденттікті екпек 
болғандардың» (М. Әуезовтің сөзі) 
тарих сахнасынан аласталуы зор та-
быс болғанын айтумен шектелдік. 
Бұл саладағы зерттеу жұмыстары 
енді ғана қолға алынып жатыр, бір 
өкініштісі, жеке ақын-жазушылар 
шы ғармашылығына байланысты ға-
на.
Сөз етіліп отырылған негізгі мә-
се ле туралы ойымызды жалғастыр-
сақ, сол кезде жазған мақалала-
рында сыншылдық, әдеби-теориялық 
көзқарасы біршама жоғары дәре-
жеде танылған Ж. Сәрсенбин қазақ 
әдебиетінің қандай дәуірде тұрғанын 
анықтауға өз пікірін білдірмей қала 
алмаған. Өзінің «Әдебиет мәселесі 
туралы» («Ақ жол», 1925, 10 сәуір) 
мақаласында Жүсіпбектің қазақта 
тап ақыны жоқ, олар төңкеріске 
жолдан қосылған деген пікірін қол-
дай келе, төңкеріс өз ішінде болған 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


230


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет