Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет225/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
азаматтық романтизмнің пайда бо-
луын атап-атап көрсетеді. Мысалы, 
«В 1820-х годах Лимартин своей ли-
рикой создал религиозно-моралисти-
ческое течение французского роман-
тизма... Крупнейшим представителем 
гражданского романтизма в Франции 
был Виктор Гюго», «В Германии сна-
чала возник религиозно-моралисти-
ческий романтизм представленный 
творчеством Новалиса и Гофмана. 
Гражданский романтизм в Германии 
не обладал ни отчетливостью идеа-
лов, ни сильными талантами», – деп 
нақтыласа, орыс әдебиетіне келген-
де «Сначала в России развивался 
религиозно-моралистичесий роман-
тизм, особенно ярко представленный 
творчеством Жуковского», – деп жа-
зады. Бұларды М. Горький: «Керек 
десе француз әдебиетінде лаулап 
өскен романтизмнің жалпы бағыты 
бірдей емес, бір жағы мистикаға 
ұрынған нағыз реакцияшыл болса, 
екінші жағы, өсіп әдебиет әлемінде 
ірі өзгеріс жасаған романтизм», – 
деп екіге жіктеп тастағаннан кейін, 
кеңестік дәуірдегі әдебиеттану ғы-
лымында «революцияшыл роман-
тизм», «реакцияшыл романтизм» де-
ген атаулар пайда болды [66]. Оны 
Ә. Байдилдин мақаласына байланы-
сты жоғарыда айтып өткенбіз. 
Бұл тұрғыдан келгенде, «Әдебиет 
танытқыштағы» діндар дәуір деп 
отырғаны – діни-моральдық роман-
тизм, маркстік-лениндік әдіснама 
бойынша айтсақ, реакцияшыл кер-
тартпа романтизм болып шығады. Ал 
ділмар дәуір – азаматтық романтизм, 
яғни қазірше атасақ, революция шыл 
романтизм. Сындар дәуір – сын шыл 
реализм атауының баламасы екені 
анық. Бұдан шығатын қоры тынды: 
А. Байтұрсынов әдебиет тари хын 
тарихи кезеңдерге бөліп отырған 
жоқ, әдеби дамудың заңдылығына 
орай көркемдік әдіс тұрғысынан 
дәуірлеп отыр. Олай болса, Абайға 
дейінгі ақын-жыраулар, әнші ақын-
дар шығармашылығы реализммен 
дамып келді де, сыншыл реализм-
ге ауысты деген пікір туындайды. 
Әрине, ғылыми дәлелдеу қажет. 
Абай қазақ әдебиетінде сыншыл 
реализмнің негізін қалады дегенде 
оның аспаннан түспегенін, әдеби 
дамудың тарихи сабақтастығы бо-
йынша қалыптасқанын ғылыми не-
гіздеу қажет-ақ. Осы сыншыл реа-
лизм туралы сонау 1920 жылдары 
А. Байтұрсыновтың сындар дәуір 
деп атағанын ұмытпайық. Сын-
дар дәуірге деген ойлардың бәрі 
де профессионалдық әдебиеттің 
көркемдік әдісіне, алған бағытына 
құйылатын таным-білік екені дау-
сыз. Рас, «Әдебиет танытқышта» 
әде би ағымдар мен көркем образ, та-
қырып және идея, сюжет және ком-
позиция туралы әдеби-теориялық 
тұрғыдағы жүйелі баяндалған тарау-
лар жоқ. Бұлардың қамтылмауы кем-
шілік болып табылмайды. Себе бі, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


243


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет