Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет251/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жанрлар дың ғылыми тұрғыда қа-
растырылуына өз әсерін тигізбей 
қалмады. 
Дәуір талабы туындатқан осы 
екі міндет ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірде әдеби мұраны таптық көз-
қарас тұрғысынан қарап бағалау 
мен «тұрпайы социологизм теория-
сына» сай зерттеудің бәсең тартуы-
на әсер етті. «Халық жауларын» әш-
керелеу науқанынан кейін 1947 жыл -
ғы қаһарлы қаулы шыққанға дейінгі 
аз ғана уақыт аралығындағы ғылы-
ми-зерттеу жұмыстарына берілген 
мүмкіншілікті қазақ әдебиет тану 
ғылымы пайдаланып қалуға ұм-
тылды. Ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кір қолданудан шығарылып тастал-
ғанымен, 1920-1930 жылдардағы ғы-
лыми еңбектер мен мақалалардағы 
әдебиет тарихы мен теориясын тек-
серудегі бағыт-бағдарды жалғас-
тырып әкетті. 
Мезгіл жағынан алғанда жаңа 
оқулықтар мен оқу құралдарын жазу 
жұмыстары соғыстың алдында-ақ 
қолға алынған болатын. Оған басты 
себеп, Қазақ ССР Оқу халық комисса-
риаты 1939 жылы «Орта мектептер-
дегі 8-10 кластардағы әдебиет са-
бағы 5-7 кластардағыдай әдебиеттік 
оқу болмай, тарихи әдебиеттік курс 
ретінде жүруі қажеттігіне» шешім 
қабылдап, жаңа жүйедегі оқу бағдар-
ламалары мен оқулықтар жасау-
ды талап етті. Осыған сай алғашқы 
барлау ретінде әдебиет пәнінен 
бағдарламалар жобасы жасалынып, 
соның негізінде хрестоматиялар құ-
растыру қажет болды. 
Себепсіз салдар жоқ екені белгілі. 
Орта мектепті оқу құралдарымен 
қам тамасыз етуден туындаған осы қа-
жеттілік ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірдің әдебиет тарихы мен тео рия сын 
тексеру бағытында тың ізденістерді 
жасауына, жаңа еңбек тердің жазы-
луына ықпал етті. Жаңа бағдарлама 
жобасына орай, 1937-1938 жылдары 
жазылған әдебиет хрестоматиялары 
мен оқулықтар түгелдей өзгеріске 
ұшырады. Оның басты себебі, «халық 
жаулары» атанған ақын-жазушылар 
шығармашылығына байланысты еке-
ні айтпаса да түсінікті.
Партияның көркемөнер мен әде-
биет, ғылым салаларындағы саяса-
тының талаптары негізінде жасал-
ған жаңа бағдарламада орта мек-
тептің 8 сыныбына фольклор мен 
XVІІІ және ХІХ ғасырдың І жарты-
сындағы әдебиетті, 9 сыныбына 
ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан төң-
керіске дейінгі әдебиет тарихын, 
ал 10 сыныпта кеңес дәуірінің әде-
биетін оқыту жоспарланған еді. 
Бұл, әрине, жоғарғы сыныптардағы 
әдебиетті тарихи курсқа жақындата 
жүргізу мақсатынан туындаған бо-
латын-ды. Осыдан ұлттық ғылы-
ми-зерттеушілік ой-пікірдің әде-
биет тарихын тексеруіне жаңа мүм-
кін діктердің жолы ашылып, тың 
ізденістерге баруына жағдай туды. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


270


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет