Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет252/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Бірақ, ол оңайлықпен жүзеге аса 
қойған жоқ. Себебі, әдебиет хрес-
томатиялары мен оқулық жасауда 
біршама тәжірибе жинақтап қалған 
әдебиетші кадрлардың көбі атылды, 
сотталды. Ал аман қалғандарына сая-
си сенімсіздік білдірілді. Сондық тан 
үкімет пен партия оқу құралдарын 
жасау міндетін әдебиет пен сында, 
халық ағарту саласында енді ғана 
таныла бастаған жас күштің иығына 
ауыр салмақ етіп артып тастады. 
Соның негізінде төменгі сыныптарға 
арналған Ш. Кәрібаевтың 5-класқа 
(1939-1941, 1944), Қ. Бекқожиннің 
6-класқа (1939-1941, 1943). А. Кө-
шім баевтың 7-класқа (1939-1944) 
әде биеттік оқу кітаптары жазылды. 
Ал әдебиеттің тарихи курсын жүргізу 
мақ сатына орай жоғарғы сынып-
тарға Е. Ысмайыловтың 9-класс үшін 
«Қазақ әдебиеті» 1940-1942, 1944), 
Қ. Жұмалиевтің 8-9 кластар үшін 
«Қазақ әдебиеті» (1941), Қ. Жұмалиев 
пен Ә. Марғұланның 8-класс үшін 
«Қазақ әдебиеті. Фольклор» (1941), 
Д. Әбілев пен Ж. Саинның 10-класс 
үшін «Әдебиет хрестоматиясы» 
(1939), «Қазақ совет әдебиеті» (1940), 
С. Мұқанов пен Қ. Бекқожиннің 
«Қазақ әдебиеті» (1940-42, 1944) 
атты орта мектепке арналған хресто-
матиялары жарыққа шықты. Бұл 
хрес томатияларды төңкеріске дейінгі 
ұлт әдебиетін тарихи шындыққа сай 
жүйелі зерттеу жасауға алғашқы бар-
лау жасаған, тың ізденістерге бастама 
салған еңбектер деп бағалаған жөн. 
Рас, әдебиетті тарихи курс ретін де 
оқыту бағытын ұстаған ең алғаш қы 
бағдарлама негізінде жасалған хрес-
томатиялар болғандықтан, қарас ты-
рылып отырған ақын-жазушылар 
шы ғармашылығы туралы шолу ма-
териалдар мен көркем туындыларын 
берумен шектелді. Сондықтан да 
әдебиет тарихын дәуірлеу мәселе-
сіне тереңдеп бара қоймағанымен, 
бел гілі бір кезеңдегі әдебиет өкіл-
дерін топтастыруы оқытуы мен та-
ныстыруы, өнерпаздық тұлғаларына 
баға берулері арқылы келешек-
те жазылатын оқу құралдары мен 
зерттеулердегі дәуірге бөлу пробле-
масына негіз қалағанын атап айту 
керек. Бұл ғылыми зерттеушілік ой-
пікірдің қайтадан тез қанаттануына 
қосылған бір үлес болса, екіншіден, 
1930 жылдардағы оқу құралдары 
мен зерттеу еңбектерде назардан тыс 
қалған, егер сөз бола қалса, тұрпайы 
социологизм көзқарасына сай, бол-
маса маркстік-лениндік әдіснама-
ның әдебиеттің таптығы принципіне 
орай бұрмалана бағаланған ақын-
жазушылардың енгізілуі құптар-
лық құбылыс болды. Ол төңкеріске 
дейінгі әдебиет тарихын тұтастай 
тексеру жұмыстарын жүргізуге жол 
басшы болды.
Өйткені, үлкен дау-дамайға түсіп, 
әдебиет тарихындағы лайықты баға-
сын тек отызыншы жылдардың орта 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


271


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет