Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет255/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жырлаған тақырыптары мен идеяла-
ры, әр ақынның өнерпаздық тұлғасы, 
әдебиет тарихынан алатын орны 
туралы маркстік-лениндік әдіснама-
ның талаптарынан тыс тұжырымдар 
білдіруге ұмтылыс жасаған. Рас, 
олардың шығармашылық мұрасы 
толық қамтылмағанымен, әдеби-
теориялық сипатта талдау жасауға 
деген талпыныс игі қадамның ны-
шаны екенін айта кеткен орынды 
болмақ. Зерттеушінің ауыз әдебиеті 
мен жазба әдебиеттің үлкен тұлға 
ескерткіштерін екшеп, іріктеп көр-
сетуге талаптанған бұл оқулығы 
өзінен бұрынғы және сол кездегі 
ғылыми ізденістердің қорытындысы 
ғана емес, ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің жаңаша бағыттағы зертте-
улерге баруына ізашар бола білді. 
Қ. Жұмалиев оқу құралының 1942, 
1943 жылдары «Қазақ әдебиеті. Қа-
зақтың ауыз әдебиеті мен XVІІІ-XІ, 
X ғасырдағы жазба әдебиеті» деген 
атпен шыққан, 1948-1950 жылдары 
«Қазақ әдебиеті» деген атпен шыққан 
жаңа басылымдарын ғы лыми-зерт-
теушілік ой-пікірдің бұл са ладағы 
азды-көпті қол жеткізген табыста-
рымен толықтыра отырып, келешек 
монографиялық зерттеулерге апарар 
күрделі де соны мәселелерінің бағыт-
бағдарын ашуға ұмтылыс жасады.
Е. Ысмайыловтың 9-сыныпқа ар-
налған оқу құралы («Қазақ әдебие-
ті», 1941) 1920-1930 жылдардағы 
ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің 
әде биет тарихын дәуірге бөле оты-
рып тексеру жолындағы ізденісте-
рінің жалғастық тапқандығын дә-
лелдеп берген еңбек болды. Негізі-
нен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ 
ға сыр басындағы қазақ әдебиеті та-
рихын зерттеуді мақсат тұтқан бұл 
оқу құралы ұлттық әдебиеттану ғы-
лымының қалыптасу кезеңіне қадам 
басқан шағында, бұрын жан-жақты 
сөз бола қоймаған қаламгерлер шы-
ғармашылығын зерттеуде жаңа бас-
тама салуы үлкен үлес болғанын 
атап айту қажет. Өйткені, ХХ ғасыр 
басындағы қазақ әдебиеті ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірде әлі де бол-
са даулы күйде қалып, бір шешімін 
таба қоймаған қиындыққа толы кезең 
болатын. Әсіресе, С. Мұқановтың 
1932 жылы «ХХ ғасырдағы қазақ 
әдебиеті» еңбегінің «халық жаула-
рын» әшкерелеу науқанында тап 
мүддесін жырлаған автордың пар-
тиядан шығып, қызметтен қуы-
луына, саяси сенімсіздікте болуы-
на әсер еткендіктен, қазақ әдебиеті 
тарихының осы дәуіріне қалам тар-
тудың қияметке айналғаны – тари-
хи шындық. Маркстік-лениндік 
әдіс нама мен кеңестік идеология 
«ұл шылдар» жазған 1920 жылдар-
дағы еңбектерді былай қойғанда, 
30-жылдардағы оқулықтар мен зерт-
теулерді жоққа шығарып отырған 
осы мезгілде мектепті жаңа оқу 
құралдарымен қамтамасыз етуді 
шұғыл түрде жүзеге асыру міндеті 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


274


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет