ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
4. Сталиндік конституция дәуірі
(1936 жылдардан бері қарай)» деп
бөлуді ұсынады [74, 9]. 1940 жыл-
дар тұрғысынан қарағанда бұл дә-
уірлердің ілтипатқа алынар жағы
да жоқ емес, ал уақыт өте келе, бұл
кезеңдер кеңес дәуіріндегі әдебиет
жөніндегі мектеп оқулықтарында
қолданыла қойған жоқ.
1942 жылы Е. Исмайыловтың
жал пы редакциясымен 10 сыныпқа
ар налған «Қазақ совет әдебиеті»
оқулығы шықты. Кітаптың бірін-
ші басылуына жазылған алғы сөзде:
«Орта мектептің 10 класына ар-
налып жазылған бұл кітап – совет
әдебиетінің тарихы туралы тұң-
ғыш еңбек. Бұған дейін совет дә-
уіріндегі әдебиетіміздің тарихын,
өсу кезеңдерін бір жүйеге келтіріп
жазған кітап, очерк не болмаса сын
мақалаларының жинағы да болма-
ды. Сондықтан бұл кітапты жазып
шығаруда совет әдебиетінің өсу, өр-
кендеу дәуірлерін анықтау, әдебиет
түрлерінің қалыптасуын көрсету,
әр бір жазушының жазушылық сапа-
рын, стилін, ерекшеліктерін ашып
айту өте жауапты және қиын жұмыс
болды», – деп ескертті [75, 6].
Қазақ кеңес әдебиетінің тарихын
жасау мәселесі тек творчестволық,
ғылымдық қиындықтарға ғана емес,
сонымен бірге осы әдебиеттің негізін
қалаған, шаңырағын көтерген, оны
сәулетті күмбезге айналдырған,
бүкіл көркемдік дамуға өз шығар-
мала ры мен ықпал жасап отырған
дарындардың – С. Сейфуллин, Б. Май -
лин, І. Жансүгіров, М. Дәулет баев,
С. Шарипов, т.б. таланттардың жа-
зықсыз жалаға тап болуы тарихи-
көркемдік шындықтың бар сыр-
сипатын ашуға мүмкіндік бермегенін
естен шығаруға болмайды. Олар
оқулықтан орын алған жағдайда ав-
торлар ұжымы совет әдебиетінің
тарихын дәуірлеу қажеттігіне бара
алмасы айдан анық. Міне осы-
дан болуы керек, оқулықтың моно-
графиялық портреттерінің алды-
нан «Қазақ совет әдебиеті туралы»
деген көлемді кіріспе жазылып, ол
Е. Ысмайыловтың жеке автор лы-
ғымен 1946 жылы шыққан басылым-
да біршама толықтырылды.
Бұл кіріспені негізінен пробле-
малы тарихи шолу деп атаған жөн.
Өйткені, онда жаңа дәуір әдебиеті-
нің мән-жайын түсіндіріп, партия-
ның көркем әдебиетті өркендетудегі
рөлін, қазақ совет әдебиетінің не-
гізгі ерекшеліктерін баяндап, жаңа
әдебиетіміздің даму кезеңдеріне
тоқ талған. Әдеби дамудың хроноло-
гиялық жүйесін сақтай отырып, әр
кезеңде көркемдік шешімін тапқан
өнерпаздық проблемаларға да назар
аударып отырған. Мұндай принцип-
пен жазылған шолу әрқашан үлкен
дайындықты, мол білімді, әдеби-
тарихи дерек-мағлұматтарды, пара-
сатты көзқарасты талап етеді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
277
Достарыңызбен бөлісу: |