Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет28/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
о пред мете, его значении и гра-
ницах», – деп жазған болатын [11, 
265]. Ен деше әдебиетке тарихи тұр-
ғыда қарау көзқарасы туындаған 
уақытта әдеби-теориялық ой-пікірдің 
кенже қалуы мүмкін емес еді.
Кез келген халықтың ұлттық әде-
биеттану ғылымының туу кезеңіне 
дейінгі тарих алдындағы дәуіріне 
көз жіберсек, әдеби-теориялық көз -
қарастың оянуы әдеби-тарихи ой-
пікір мен эстетикалық таным про-
це сінің басты құралы саналатын 
ғы лыми ұғымдардың өріс алуына
әде би білімдер системасының қалып-
тасуына жол ашу арқылы ғылыми 
сипат алуына әсер ететінін байқай-
мыз. Себебі «теория становится 
научной только тогда, когда в ее основе 
лежат научные понятия». Олай болса, 
әдеби-теориялық көзқарас әдебиет ті 
өнердің бір түрі ретінде танып, оның 
жанрлық ерекшеліктері мен даму 
заңдылықтарын ашуда тұрақталған 
ғылыми ұғымдарды тудырып, тео-
риялық білімдер системасын құ-
райды. Алғашқы айтылған ғылыми 
теориялық көзқарастағы пікірлер бір-
те-бірте толыса келіп, әдебиет атты 
сөз өнерінің барлық болмысы мен 
құрылысын, жанрлық табиғаты мен 
стильдік ерекшеліктерін ғылыми-
зерт теушілік сипатта түсінуге ықпал 
жасайды. Мысалы, орыс әдебиет-
тану ғылымында ХVІІІ ғасырдағы 
әде би-теориялық көзқарастың өріс 
алуын алсақ та жеткілікті. Орыс 
әде биеттану ғылымының бастау ла-
ры болып саналатын Лаврен тий Зи-
занийдің «Грамматика сло венска», 
Милетий Смотрицкийдің «Грам ма-
тика», Макарийдің «Риторика», Фео-
фан Прокоповичтің «Поэтика» және 
«Риторика» деп аталатын еңбек те-
рінен басталған әдеби-теориялық 
көзқарас Ресейде орыстық ғылыми 
теориялық ой-пікірдің өріс алуына 
себепкер болып, Ф. Прокопович, 
В. К. Тредиаковский, М. В. Ломоно-
сов, А. Д. Байбаковтар поэзияны тек 
пен түрге бөлудің алғашқы поэти-
калық жүйесін жасады. «Теоре ти-
ческие вопросы решались тогда в ос- 
новном на стихотворных текстах... и 
в наибольшей мере отразили интен-
сивный рост теоретико-литератур ной 
мысли», – деп атап көрсетілге нін-
дей, орыс әдебиеттану ғылымының 
тууына өлеңтану жұмыстарының 
қат ты әсері болды [3, 17].
Әдеби-теориялық ой-пікірдің ал-
ғашқы кезде әдебиеттің поэзия сала-
сына, оның жанрлық түрлеріне байла-
нысты көрініп, өркен жаюы әрбір 
ұлттық әдебиеттану ғылымының 
туу кезеңіне тән құбылыс десе де 
болады. «Стиховедение всегда сос-
тав ляет сердцевину науки о лите-
ра туре» деген нақты айтылған пі-
кірге сүйенетін болсақ, қазақ әде-
биет тану ғылымында әдеби-тео-
рия лық ой-пікірдің оянуы да осы 
өлең танушылық көзқарасқа тікелей 
бай ла нысты болғанын байқар едік. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет