Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет305/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
деген ұғым тумауы керек. СОКП 
өзінің ХХ съезінен кейін «халық жа-
уларына» байланысты 1937 жылғы, 
«буржуазияшыл-ұлтшылдыққа» 
орай 1952-1953 жылдардағы қуғын-
сүргінді қателік деп тапқанымен, ұлт 
республикаларының еркіндік алуына 
бастайтын «ұлтшылдық» туралы ұлы 
орыстық шовинизмге негізделген 
отаршылдық саясатты жалғастыра 
беретін көзқарасын өзгерткен жоқ. 
Қайта халықтар достығы идеясын 
желеу етіп, ұлттық мүддеге тартатын, 
халықтың өз тарихи тамырын та-
нып білуге апаратын кез келген жаңа 
қадамды жойып жіберіп отырды. 
Осыдан жеке ұлт республикаларын-
дағы ғылым-білім, өнер бір орта-
лықтан басқарылды, жеке адам құ-
қығы аяққа басылды. Еркін ойлауға 
шектеу салынып, кеңестік идеология 
шығармашылық жұмыстарда ғана 
емес, ғылыми-зерттеуде де өз билі-
гін жүргізді. Бұл келді де қазақтың 
фольклорлық және классикалық мұ-
расын зерттеуге болатын және бол-
майтын деп екіге бөліп тастады. Осы 
саладағы басты бағыттар мен талап-
тарды ҚКП Орталық Комитеті өзінің 
«Қазақ халқының әдеби поэзия лық 
және музыка мұрасын зерттеудің, 
сын тұрғысынан пайдаланудың жайы 
мен оны жақсарту шаралары туралы» 
(1957 ж.) қаулысы арқылы бекітіп 
берді. Онда төңкеріске дейінгі әдеби 
мұраны да, кеңес дәуіріндегі ақын-
жазушылар шығармашылығын да 
лениндік әдіснаманың әдебиеттің 
таптығы, халықтығы, партиялығы 
қағидаларына сай ғана тексеруді 
басшылыққа алу қатты ескертілді. 
Сын мен ғылыми еңбектерде осы 
прин циптер негізінде талдау жа-
сау мен бағалау басты талап болып 
қойылды. 40-жылдары назардан қа-
ғыс қалған социалистік реализм қай-
та дәріптеліп, теориялық тұр ғыда 
негізделе бастады. Соның нәти жесін-
де төңкерісті, оның жеңістерін дәріп-
теуге арналған, еңбекші халықты 
ғана жырлаған таптық позицияда ғы 
шығармалар көптеп жазылды. Не 
бірыңғай тап тартысы идеясынан, не 
тартыссыздық теориясынан тұратын 
шығармаларға кең жол ашылды. 
Жеке басқа табынудың зардапта-
рын әшкерелей отырғанымен, кеңес 
өкіметі мен партиялық басшылық 
жаңғыру дәуірі деп атап отырған бұл 
кезеңде осындай бағыттағы жаңа са-
ясатын жүргізуге көшті.
Қазақ әдебиеттануының ХХ съез-
ден кейінгі жылдардағы осындай 
талаптарға сай даму жолы ғылыми 
еңбектерде біршама сөз болды және 
айтылып та жүр. Алғашқыда қазақ 
әдебиеті тарихының көп томдығының 
1967 жылғы ІІІ томының екінші 
кітабында ғылыми шолу дәрежесінде 
көрінді. Одан кейін бұл мәселеге 
барған ғалым Т. Кәкішев болды. 
Ғалым қазақ әдебиеті сыны тарихын 
зерттеуде әдебиетші-ғалымдардың 
ғы лыми және сыншылдық ой-пікір-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


325


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет