Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет308/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
на талабымен артық-кем айтылған 
пікірлердің түзетіле бастауына әкел-
ді. Оған мысал ретінде тек осы 1956 
жылы ғана жарық көрген Т. Ах -
тановтың Ғ. Мүсірепов, М. Сармұр-
зинаның, С. Қирабаевтың Ғ. Мұс-
тафин, А.Нұрқатовтың Ғ. Мұстафин, 
М. Әуезов, С. Мұқанов туралы 
әдеби-сын очерктері мен мектеп 
мұғалімдеріне көмекші құрал ре-
тінде шыққан еңбектерін атасақ та 
жеткілікті. Сонымен қатар, орта 
мектеп бағдарламаларының шығуы, 
солардың негізінде мектепті жаңа 
оқу құралдарымен қамта масыз ету 
жұмыстарының қолға алынуы тың 
ізденістер болып жатқанын хабар-
лағандай еді. Мысалы, С. Қира баев
З. Қабдолов, А. Нұрқа товтардың 
ІХ класқа арналған «Қазақ әдебие-
ті» (1956) оқулығы таптық көзқа-
расқа негізделген социологиялық 
арқауы басым талдаулардан көрі, 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір бұ-
рынғы ой ауанынан біржола ары-
лып кете қоймағанымен, әдеби-
теориялық тұрғыда қарастыруға 
ойы са бастағанын байқатты. Бұл ай-
тылғандарды қазақ әдебиеттану ғы-
лымның қоғамдық ой-пікірде нақты 
айтыла бастаған жаңа өзгерістерге 
іштей дайындала бастаған талпы-
ныстары деп ұғу қажет секілді.
Осы сипаттағы жаңашыл ұмты-
лыстар айқын көрініс таба бастаған 
уақытта Сәкен, Ілияс, Бейімбет-
тер толық ақталды да, ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің кеңес дә-
уіріндегі әдебиетті зерттеуіне кең 
өріс ашылды. Баспасөз олардың 
шы ғармаларын молынан жарияла-
ды, естеліктер, деректер жазылды, 
әдеби мұралары қайтадан бүкіл ха-
лықтың рухани азығына айналды. 
Жазушылар Одағы осы үш тұлғаның 
шығармашылығына арналған кеш-
тер өткізіліп, тұсаулы ой толқынында 
жүрген күдікшіл көңілді сергітті. 
Шығармаларын басып шығару ісі 
қолға алынды, ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің нысанасына айналды. 
Бұны ұлттық әдебиеттанудың өз 
даму жолында жетілген әдіснама 
арқылы қиын күресте қол жеткізген 
жеңісі еді деп бағалауға болмас. 
Қанша талпынғанымен ұзақ жылдар 
бойы құрсауда ұстап келген ленин-
дік әдіснама ырық бермегендіктен
жеткілікті деңгейде дайындалып та 
үлгере алмады десе де болады. Әдеби-
теориялық тұрғыдан жақсы деңгей-
де болғанымен, осы қаламгерлердің 
әдебиет тарихындағы орнын ғылыми 
тұрғыда әділ бағалауда өз пози-
циясын қорғай алмады. Оған дәлел –
академик-жазушы С. Мұқанов ау-
зымен айтылса да «С. Сейфуллин –
қазақ совет әдебиетінің негізін қа-
лаушы» деген тұжырымды бірден 
қабылдаттыра алмай, ұзақ жылдар 
әуре сарсаңға салуы. Осы тарихи 
талассыз шындықты ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікір сол кездегі иде-
ология хатшысы Н. Жандилдин 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


328


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет