V БӨЛІМ.
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
1994 жылы «Қазақ әдебиеті сыны-
ның тарихы» оқулығы, «Жанр жай-
лауы» (2007) атты оқу құралы жарық
көрді. Қазақ әдебиеттану ғылымын да
«төңкеріске дейін сын болған жоқ»
деген қате қағиданы жоққа шыға рып,
қазақ әдебиет сынының тарихына зор
үлес қосты.
Халық бар жерде сол халықтың
рухани қажеттілігінен туындай-
тын әдебиеті де болады. Өнер мен
әдебиет адамдардың сұлулыққа,
әсем дікке, әдемілікке, көркемдікке
құш тар табиғатына сай қалыптасып,
белгілі бір талап-талғамдарға жау-
ап бере отырып дамиды. Яғни, сөз
өнері мен сын өнері бірге пайда бо-
лып, қатар қанат жаяды. Бірінсіз бірі
жоқ. Демек, әдебиет сынының түп-
төркіні өнер атаулыны тудырған,
оны сұлулықтың сырлы бесігіне
бөлеп
әлдилеген,
өркендеткен
халықтық эстетикада жатыр. Қазақ
әдеби сынының тарихы әріден, түп-
тамырынан бастап зерттеген «Сын
сапарында» халықтық эстетика жеке
тарауда арнайы қарастырылған.
Көркем табиғаттың аясында сұ-
лулықпен суарылып өскен қазақ хал-
қының эстетикалық талғамы да сол
өзін қоршаған ортаның, төрт түлік-
ке негізделген тіршілік көздеріне
орай қалыптасқан орман-тоғайлы,
ұзын аққан өзендер мен шалқар
көлдер, асқар таулар көмкерген, жыл
мезгілдерінде бірде жасыл, бірде
сары, бірде сұр түстерге құлпырып,
өзгеріп тұратын қасиетті далада өмір
кешкен қазақ халқы өзінің өскен ор-
тасына, сұлулықтан сомдалған биік
талғамдарына сай, әлемдік әдебиет-
тің небір озық үлгілерімен қатар тұра
алатын тамаша ауыз әдебиетін жаса-
ды. «Қыз Жібек» жырындағы көш-
тің, «Қобыланды батыр» жырындағы
Тайбурылдың шабысының сурет-
телуін көркемдік сұрыптаудың жоға-
ры көрінісі деген зерттеушінің пікі-
ріне сөзсіз келісесіз.
Ұлттық сыншылдық ой-пікірдің
қайнар көзі туралы: «Әсемдікті танып-
білу, оны ардақтау, сұлулықтың сы-
рын ашып, ажарсыздық пен келіссіз-
дікті мінеу сияқты эстетикалық
түсініктер халық шығармашылығы-
на, оның ауыз әдебиетіне жат па?
Әрине, жоқ. Жазба әдебиетке дейінгі
немесе жазба әдебиетпен қатар
дамыған, күні бүгінге дейін өркендеп
келе жатқан ауыз әдебиетінде, оның
озық-үлгі өрнектерінде эстетика-
лық талап-талғамның элементтері
молынан кездеседі» дей келе ауыз
әдебиеті үлгілеріне тоқталып, олар-
дың эстетикалық жақтарын қарас-
тырады [46, 13]. Қазақ халқы қа-
шаннан бері сұлулықты, әдемілікті
дәріптегенін, сол сұлулықты сөз
өнерімен қастерлей білгенін ғылыми
тұжырыммен негіздейді.
«Эстетика» – гректің «эстезис»
деген сөзінен алынған, ол «сезімтал-
дық, сезіммен қабылдайтын дарын-
дылық» деген ұғымды білдіреді.
Фольклордың эстетикасын анықтау –
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
420
Достарыңызбен бөлісу: |