V БӨЛІМ.
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
халықтың қарапайым тәжірибе-
сін, ой-санасын, білімін, талғамын,
мәдениетін, этнографиясын білу бо-
лып табылады. Ғалым Т. Кәкішев
халықтық эстетиканың үлгісін тек
бір жыр бойынан қарастырмай,
барлық ауыз әдебиетінің жанрлары-
нан табуды басты мақсат етіп қойған.
Қазақ фольклорында эстетикалық
ұғым әр алуан. Эстетикалық түсінік
халық ауыз әдебиетінде қорытылған,
жинақталған түрде кездеспесе де, ол
үнемі аса бір ұнамды құбылыстарға
зер салып, оның мәнісін түсінді ріп
отырады. Зерттеуші ертегілер дегі
сұлулықты сөз етеді. Ол: «Пушкин-
ді еске түсіріңіздерші, ол балалық
шағында ғана емес, атақты ақын
атанған соң да Арина Родинованың
айтқан ертегілерін құмарта тыңдаған»
деп өз ойын әрі қарай дамыта-
ды. Көрік пен келбеттің, шынайы
сұлулық пен табиғи әсемділіктің та-
маша үлгісі деп есептелінетін «Қыз
Жібек» жырындағы көш суретін
мысалға алып, оның эстетикалық
маңызын оқушы қауымға қандай
әсер туғызатындығын айтады. Бұл
сипаттауындағы әсем де ажарлы су-
реттер эстетикалық әсер туғызатыны
даусыз. Аталған жырда қазақ қыз-
дарының сұлулығын суреттеген-
де әсемдікті түйсініп, эстетикалық
талғамды қалыптастырады.
Қазақ фольклорының эстети-
касын сөз еткенде, халықтың
өнер тану жолы мен эстетикалық-
танымдық ойларын аша түсу мақсаты
қойылады. Қазақ әдебиеті сынының
қалыптасуында да халықтық эстети-
ка өз әсерін тигізгені белгілі. Бірақ,
әсер қандай дәрежеде болды? Осы
сұраққа ғалым өз тұжырымын ай-
тады. «Әдебиеттану ғылымы ауыз
әдебиетінің заңдылығын зерттеп,
оның әлеуметтік-эстетикалық нәріне
айрықша мән беруде. Сын жанрының
туу, даму жолдарына назар аударсақ,
халықтық эстетиканы сыни ойдың
бастауы деп танып, халықтың көр-
кемдік түсінік-танымы мен талап-
талғамының өрісін байқауға болады»
деген пікірі осыған дәлел [46, 10].
Өз еңбегінде Т. Кәкішев айтыс
өнері туралы айтылған пікірлерді
де келтіре кетеді. Мәселен, Мұхтар
Әуезовтің, Е. Ысмайыловтың айтыс
туралы жазған еңбектеріне шолу жа-
сай отырып, өзіндік пікірге ие бола-
ды. «...Қазақтың ақындар айтысына
тек эстетикалық қана емес, тарихи-
географиялық тұрғыдан қарап, ар-
найы зерттеу – қазақ әдебиеттану
ғылымының өзекті проблемасы», –
деп ғалым өз ойын қорытындылай
түседі. Жамбыл мен Құлмамбет,
Біржан мен Сара сияқты ақындар ай-
тысының классикалық үлгілері деп
есептелінетін айтыстарға тоқталып,
ондағы эстетикалық талғамдарды
ашуға тырысқан. Жамбыл мен Құл-
мамбет
айтысындағы
қарсылас
ақынның сағын сындыру мақсатын
көздеумен қатар, сөз өнерінің
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
421
Достарыңызбен бөлісу: |