Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет436/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
ба йыпталып, түбегейлі тексеріледі 
және талданады» деген пікір түйеді. 
Оған мысал ретінде Р. Нұрғалиев, 
Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, Б. Кәр-
бозов секілді әдебиетшілерді атай-
ды. Негізінен автор тек өз кафедра-
сындағы ғалымдарды ғана атап отыр. 
Бұл тізім кейінде З. Ахметов баста ған 
теоретиктермен және А. Исмақова, 
Г. Пірәлиева, Е. Тілешов, К. Ахметов 
және басқа да есімдермен толықты. 
Әсіресе, ақыл – парасат азаттық 
алғаннан беріде Алаш арыстарының 
ғылыми және әдеби мұраларын зерт-
теуге мүмкіндік туғаннан соң бұл 
ғылыми мектеп барынша қанат жая 
өркендеу үстінде. Бірақта А. Бай -
тұрсыновтың «Әдебиет та ныт қыш» 
еңбегі мен 1920-1930 жыл дардағы 
әдеби теориялық бағыт тағы зерт-
теу мақалаларды ескере қарайтын 
болсақ, бұл екінші мектептің негі-
зін қалыптастырған А. Байтұр сы -
нов екендігіне дау болмаса керек. 
Оны жоғарыдағы пікірінде «осы-
лардың тәжірибесі пайдалана тұ-
ра» деп З. Қабдоловтың өзі де 
жоқ қа шығармайды. Сондықтан ұлт-
тық әдебиеттануда теория саласы 
бойын ша ғылыми мектепті қалып-
тастырушы А. Байтұрсынов болды 
десек, ақиқаттың ауылынан алыс 
кет пес едік. Оған мысал ретінде ке-
ңестік тоталитарлық жүйе ғылыми 
айналымнан шығарып тастағанмен 
«Әдебиет танытқыштың» Түркия 
мемлекетінде әдебиет теориясынан 
бірден бір құрал ретінде пайдаланы-
лып келгенін атасақ та жеткілікті. 
Біз еңбектің алдыңғы тарауларын-
да А. Байтұрсыновтың әдеби-тео-
риялық зерттеулерін жан-жақты қа-
растырғандықтан, қайталап жату 
артық санаймыз.
Егерде А. Байтұрсынов өз еңбегін 
жазғанға дейін ұлттық әдеби-тео-
риялық ой-пікір бұл салада мүлдем 
ізденіс жасаған жоқ десек, тарихи 
шындыққа қиянат жасаған болар 
едік. Ол, яғни, әдеби теориялық ой-
пікір ізденістері, әр түрлі сипаттағы 
сыни және ғылыми ғұмырнамалық 
мақалаларда белгілі бір дәрежеде 
жүріп жатты. Мәселе А. Байтұрсынов 
өз еңбегін жазған уақытта бүкіл түркі 
әлемінде табан тірей басшылыққа 
алатын бірде бір ғылыми зерттеудің 
болмауында жатыр. Қалай дегенмен 
де А. Байтұрсынов Еуропа және Ре-
сей әдебиеттануындағы теориялық 
қисындарға арналған зерттеулерді 
толық меңгергендігіне дау жоқ. 
Және қандай кезеңде десеңізші?! 
«Ұлт шыл-алашордашыл» атан дыр-
ған тапшылдардың кез келгені көзге 
шұқып отырған аласапыран заманда 
«Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» 
деп келешекті ойлаған Ахаң ұлы 
емес пе! Ең маңыздысы сөз өнері 
туралы Аристотельден бері келе 
жатқан теориялық қисындар мен 
ұғым түсініктерге тек ұлт әдебиеті 
өкілі ретінде ғана қарауында жа-
тыр. Қазір бір мақала жазсақ, он-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


458


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет