V БӨЛІМ.
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
әдебиет тарихын жасап отыр ғой, біз
де сондай әдебиет тарихын қомақ-
ты етіп жасайық деген ізгі ниетпен
кіріссек те қателесіп кеттік», – деп
ақталуда әдіснамалық тұрғыдағы
үлкен мән жатыр.
Ұлт әдебиетінің тарихын ежелгі
дәуірдегі жазба ескерткіштерден ба-
стау керек деген Б. Кенжебаевтың
үлкен білгірлікпен ұсынған жобасы
қабылданбай қалды да, ХVІІІ ға-
сырдың ІІ жартысынан, яғни Бұқар
жырау шығармашылығынан бері қа-
рай ғана қарастыруды дәлелдеп бақ-
қан Қ. Жұмалиевтің концепциясы
негізге алынып кетті. Қайта-қайта
сөз алып, өз ұсынысын ғылыми тал-
қыға салуға шақырған Б. Кенжеба-
евты қолдаушылар шыға қоймады.
Тіпті М. Әуезовтің өзі қорытынды
сөзде бұл мәселені айналып өтіп,
қағыс қалдырды. Тек В. Сидельни-
ков қана ғалым көтерген мәселенің
дұрыс екенін атай келе, шығыс
славяндардың ертедегі мұрасының
белорус, украин, орыс әдебиеттеріне
ортақ екенін, оны кезінде Бертельс
көтергенін, Б. Кенжебаев дер уақы-
тында қозғап отырғанын атап өтті.
Бірақ конференция қабылдаған ше-
шімде қазақ әдебиетінің тарихын
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы-
нан бастап қана зерттеу керек деген
тұжырым қабылданды. Алайда өз
әдебиеттерінің тарихына Қ. Яссауиді
бірде қосып, бірде қоспай жүрген
өзбек ағайындар ғалым ұсынған дә-
уірге бөлу жобасын көкейлеріне
мықтап түйіп әкетті де, көп кешікпей
ұлттық әдебиетінің негізін ежелгі
түркі жазба ескерткіштерінен бері
қарай зерттеу жұмысын ертерек
қолға алды. Қазақ әдебиеттануы бі-
раз уақыт ХVІІІ ғасырдан бергі дә-
уірді ғана қарастыруға душар бол-
ды, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің
ұлттық әдебиеттің қайнар бастау-
ларына барлау жасауына шектеу са-
лынды. Қ. Жұмалиев концепция сын
бекітіп берген конференция қа зақ
әдебиеті тарихын дәуірлеуді осы-
лайша шала-шарпы қалдырды. Оған
маркстік-лениндік әдіснама мен ке-
ңестік идеологияның қағидаға айнал-
ған бағыт-бағдары да өз әсерін тигіз-
бей қалмады.
Ұлттық әдебиеттану конферен-
циядағы осы дәуірге бөлген қазақ
әдебиеті тарихы кезеңдерінің өзін
тұтастай және толық түрде жүйелі
зерттеуді жолға қоюға қол жеткізе ал-
мады. ХІХ ғасыр әдебиетінен Шор-
танбай, Дулат, Мұрат ақындардың
шығармашылығы сын тұрғысынан
қарау керек деп табылып, жоғарғы
мектепке ағартушылық, халықтық
әдебиеттің керітартпа, ескішіл-реак-
цияшыл бағыттың осындай өкіл-
дерімен күрес үстінде дамығанын
көрсету үшін ғана алынды. Сол се-
кілді Ә. Күдері, Н. Наушабаев, ХХ
ғасыр басындағы әдебиеттен М.
Қалтаев, Ш. Құдайбердиев, О. Қа-
рашев, М. Ж. Көпеев шығарма шы-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
455
Достарыңызбен бөлісу: |