І БӨЛІМ.
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
мәнге ауысу жолында ескі көзқарас
пен жаңаша түсінудің арасындағы
болмай қоймайтын қайшылық.
Ә. Бөкейхановтың бар мүмкін-
дігінше классикалық мұра үлгілерін
көбірек жариялау арқылы ұлт әде-
биетінің өкілдерімен таныстыра беру
керек деген ұсынысын Х. Сеңгір-
баев деген автор қолдаса, редакция
атынан жазылған «Газетшілерден»
деп аталатын мақалада («ДУГ», №30,
1889) нақты тұжырымдалған. Онда
ауыз әдебиеті үлгілері мен жазба
әдебиет шығармаларын салыстыра
қарап бағалауға деген ниет жатыр.
«Себебі ақындар көңілдері жүйрік,
өлеңді көбіне ойламастан шығарады,
сонда да өлеңдері әуенге келіп,
жақсы ұйқасып дәмді болып шығады.
Осыдан көрініп тұр, ақындардың не
сөз турасында болса да өлең-жыр-
мен келтіріп айтуға халдарының
келе тіні. Мысалы, атақты ақын Шор-
танбай дайын сый алу үшін өлең
айтқан жоқ, халықтың пайдасы үшін,
халықтың мінезі көтерілуге себеп
болар ме екен деп, қисса раушылы
қылып «Зар заманды» шығарды, үш
бөлек қылып халықтың, заманның,
мәнін келтіріп», – деген бағалаудан
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір өзінің
туу процесінде әдебиеттің халықтығы
деген күрделі мәселені сөз етуге
ыңғайлана бастағанын аңғару қиын
емес [10, 162]. Бұдан әдебиет тарихы
деген ұғымның кең қанат жайып,
оны зерттеу проблемасы төңірегінде
ізденістер туып жатқаны байқалады.
Тек ізденістер бар жерде ғана пікір
таласы туып, қате көзқарастар бо-
латыны белгілі. Неміс ақыны Гете
айтқандай: «Кім ізденсе, сол адасуға
мәжбүр болады».
Әдеби-теориялық ой-пікірдің әде-
би мұраны игеру барысында нақты
көрініс таба бастағанын байқа та-
тын еңбек – Ә. Бөкейхановтың «Қо-
быланды жырындағы әйелдер бей-
несі» атты мақаласы. Автор ауыз
әдебиеті туралы жалпы түсінік бе ре
келіп, оның жанрлық түрлері мен
халық өнерпаздары туралы таныс-
тырмалық мәндегі пікір біл діруден
бастайды. Халық фолькло рының
маз мұны мен түрі алуан түрлі де сан
жағынан едеуір көп екенін айта келіп:
«Бұлардың ішіндегі ең бастылары –
эпикалық және лирикалық өлеңдер...
Қазақтың ауызша поэзиясының ай-
рықша белгісі – лиризм. Әрбір өлең,
тіпті эпикалық та, шығарушының
өмірге деген субьективтілік көз-
қарасын, оның үміті мен идеясын
аңғартады, сонымен бірге ол ба-
рынша тарихи шындыққа жақын
келеді», – деп жазады [13, 319].
«Қо быланды батыр» жырындағы
об раздарда бұл секілді теориялық
түсініктеменің өз кезеңі үшін мәні
зор екені түсінікті. «Мақала авторы
қазақ фольклорында лирикалық жә-
не эпикалық шығармалар бар еке-
нін, олардың негізгі белгісі лиризм
мен тарихилық екенін, жырдың
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|