Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет55/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
насихаттайды. Мақаладағы ғылыми-
зерттеушілік көзқарас «бізде әдебиет 
бар ма, бар болса ол қандай?» деген 
сұрақтар төңірегінде ой қозғауды 
мақсат тұтқан. «Тіл-әдебиет бір мил-
ләттің жаны һәм рухы. Әдебиеті 
болмаған милләт – тілі шықпаған жас 
бала. Тіл-әдебиет дүниедегі барлық 
бақыт-сығадаттың, ғылым-өнердің, 
дін уа мәдениеттің асылы», – деген 
секілді пікір білдіруі ұлт әдебиеті 
тарихын тануға деген таным-біліктің 
өсе түскенінің бір айғағы.
Жоғарғыдағы сұрақтарға нақты 
жауап беруге деген ғылыми ізденіс 
Ә. Бөкейхановтың «Мұсылман сиезі» 
атты мақаласынан анық байқа ла ды. 
Автор мұсылман сиезінің заңын-
дағы мекемелерде қағаз татарша 
жа зылсын деген шешімге үзілді-ке-
сілді қарсы шығып: «Біздің тілді қа-
зақ жерін араламаған мұсылман ба-
уырларымыз қайдан білсін, біздің 
кітап жазып, газет, журнал шығара 
бастағанымызға осы 3-4 жыл ғана 
арасында. Анық түрік затты халық 
тілі біздің қазақта», – деп Абай, Шә-
кәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, 
т.б., барлығы 18 өлеңді мысалға 
келтіріп – «Осылардай ақыны бар, 
бір жерде тізе қосып отырған 5 мил-
лион қазақтың тілі қалайша жоқ 
болады. Ғұмыр жүзінде біздің қазақ 
тілі өз бәйгесін алар: Абай, Ахмет, 
Міржақып, Шәкәрім, «Тарғыннан» 
һәм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой», – 
деп жазады [17]. Мақалада ақындар 
мен оның өлеңдері қазақ тілінің бар 
екенін дәлелдеу мақсатында алын-
ғанымен, ғасыр басындағы ақын дар-
ды таныстырып өтудегі танымдық 
сипатымен құнды екені айтпаса да 
түсінікті.
Қазақ баспасөзі бетіндегі бұлар 
тәріздес және тікелей әдебиет мә-
селесіне арналған сыни мақалалар 
ұлт әдебиетін тануға деген ұмты-
лыстың ілгерілей түскенін дәлел-
дейді. Әдеби-тарихи бағыттағы ғы -
лыми-зерттеушілік ой-пікір ғы лы-
ми-теориялық түсініктер мен ұғым -
дарды меңгеруді қолға алып, әде -
биет тарихын ғылыми тұрғыда 
те к серу мезгілі туғанын анықтап 
бер ді. Осының дәлелі ретінде қа-
зақ әдебиеттану ғылымы өзінің туу 
дәуірінде шешіп алуға тиісті жоға-
рыда айтылған проблемалық сұрақ-
тарға нақты жауап беруге ұмтыл ды.
Бұл тұрғыдан келгенде ғасыр 
ба сындағы әдеби-тарихи ой-пікір-
дің назары ең алдымен ұлы Абай 
шығармашылығына түсіп, әдебиет 
тарихын зерттеу жолындағы қада-
мын сол төңіректен бастауы заңды 
еді. Өйткені, оған Абай даңқының 
халық арасына кең тарауы бір әсер 
етсе, екіншіден, әдебиет сыны қа-
зақ әдебиетіне ұлы ақын салған 
жолды молынан насихаттап, сол 
кездегі жазба әдебиеттің басты ба-
ғыт-бағдары Абай салған жол мен 
өркендеп бара жатқан еді. Сон-
дықтан Абайтану ғылымының бас-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет