Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет56/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тау лары саналып жүрген алғашқы 
ма қалаларды ұлт әдебиетін тарихи 
тану жолында шешуші қадамдардың 
бірі санау керек.
Тарихи шындыққа көз жіберсек, 
К. Ысқақовтың ұлы ақын мұрасы-
ның 1909 жылы жарық көрген ал-
ғашқы жинағындағы алғысөз ретін-
де берілген мақаласы абайтануда 
алғашқы еңбек деп саналып келді. 
Мезгіл жағынан және ғылыми тұр-
ғыда алғанда Абайды алғаш зерттеу-
де жазылған мақала орыс тілінде 
сәл ертерек жарық көрді. Мақала 
Ә. Бөкейхановтың авторлығымен 
1905 жылы «Семипалатинский лис-
ток» газетіне жарияланғанда «Абай 
Құнанбаев» (некролог) деген және 
орыс Географиялық қоғамының Ба-
тыс Сібірлік бөлімінің «Записки Се-
мипалатинского подотдела...» деп 
басталатын жинағына 1907 жылы 
«Абай Құнанбаев» деген атпен жа-
рық көреді. Бұл мақалалар туралы 
осы еңбектегі Ә. Бөкейхановтың ғы-
лыми мұрасы туралы беттерде сөз 
етіп кеткендіктен қайта тоқталып 
жату артық.
Ә. Бөкейханов пен К. Ысқақов-
тың басты мақсаты – тек Абай шы-
ғармаларының жинағын шығару 
ғана емес, өмірі мен шығармашы-
лығы туралы алғы сөзді қоса басты-
ру арқылы ұлы ақынның дүниетаны-
мы мен ақындық өнерін ғылыми 
тұрғыдан таныту, тереңірек ашып 
көрсете отырып, өнер қуған, өлең 
қуған жастарды үлгі-өнеге алуға 
да шақыру. Егерде Абай өлеңдері 
М. Әуезов айтқан үш жолмен: «Бі-
рінші жолы – баспа арқылы; екін-
ші сі – халық арасында ауызша жатта-
лып, әнмен аралас тарауы; үшін ші сі 
– қолжазба түрінде әр көлемді жи-
нақ тар боп көшіріліп тараған» бол-
са, Абай поэзиясының жаңашылдық 
сипаты мен ағартушы-демократтық 
бағыттағы прогрессивтік жолының 
тек өз айналасына ғана емес, оң-со-
лын енді танып келе жатқан қазақ ин-
теллигенциясына, әдебиет саласын-
дағы жастарға тигізген ықпалы зор 
болғаны даусыз. С. Торайғыров «Ай-
қап» журналындағы «Қазақ тілін-
дегі өлең кітаптар жайынан», «Өлең 
һәм оны айтушылар» атты сын ма-
қалаларында Абай поэзиясының үлгі-
өнеге аларлық мәнін ерекше атай 
отырып, «Зарқұм», «Сал-сал» сияқты 
хиқаялар мен «Ахырет», «Әдебиет 
өрнегі» секілді жинақтарды сы-
нап, қазақ поэзиясының алға басу-
да ұстайтын бағыты – Абай жолы, 
Абай өнегесі екенін баса айтуының 
сыры осында жатыр. «Біз енді бас 
қатырғыш дін тақылеттерінен ары-
лып, Еуропа мәдениетіне суарылған 
жаңа өнерлі тілді жасайық, ол өнер-
лі тілдің үлгісін бізге Абай берді, 
Абайдан үйренейік, онан соң сы-
наптай таза, күмістей кіршіксіз қа-
зақтың ауыз әдебиетінен, бұрынғы 
сөз тапқыр шешен сөздерден үйре-
нейік», – деген нақты пікірінен ХХ 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


72


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет