ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Ноғайлы дәуірлеріне бөліп, «Едіге»,
«Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора»,
«Қобыланды» сияқты батырлар жыр-
ларын сол кезеңдерге жатқызады.
Қобыландының тарихта болған адам
екенін дәлелдеу мақсатына бірне-
ше мысалдар келтіре отырып, ба-
тыр мен Құртқа образына сипаттама
береді. Осы мақаладағы бір көңіл
ау даратын бір пікір: «Қобыланды –
елдің қиял қылған батыры, бұл өз
руы ның мақтанышы. Елінің қор-
ғаны. Жаугерлік, тыныштық жоқ за-
манда, жағалай шабыс, құба қал мақ
заманы сияқты аума-төкпе заман-
да, амандықты, тыныштықты ті
ле -
ген ел батырды қиял қылған», – дей
келіп, эпостық жырлардың та-
рихи оқиғаның салдарынан туға-
нымен, халық өз арман-тілегіне орай
толықтырып, өңдеп ұрпақтан-ұр-
паққа жеткізетініне тоқталады. «Зерт-
теу әдістерінде байқалған кейбір қай-
шылықтарына қарамастан, М. Әуе-
зовтің батырлар жырының шығу көзі,
оған халықтың творчестволық қа-
рым-қатынасы ондағы тарихи оқиға-
ның халық қиялы мен тілегіне сәйкес
суреттелуі, бірлік, елдік, патриот тық
мотивтер, жырдың кейіпкерлері, тілі
туралы айтқан топшылаулары мен
батыл байқаулары 1920 жылдар үшін
батырлар жырын зерттеудегі үлкен
жаңалық еді» [32, 176].
Теориялық, жанрлық жақтан те рең
талдауларға бара қоймаса да, 1920
жылдардың бас кезіндегі мақала-
ларда фольклорлық шығармалардың
тарихилығы туралы проблеманы сөз
етуінің өзі ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің өрісін аңғарта алатын еді.
Жаңа дәуірдің әдебиетін туды-
ру мәселесі, оның идеялы, шы-
ғармашылық бағыты қандай болуға
тиіс, ол қандай көркемдік әдіспен
өр кендеуі керек деген проблемалар
1920 жылдардың орта шенінде анық
бой көрсетті. Оның сөз болуы бір
жағынан фольклорлық мұраға да қа-
тысты болды.
«Кімнен үлгі аламыз» деген ке-
зеңдік сауалға жауап беру барысында
дәстүр мен жаңашылдықтың тарихи
сабақтастығы кең сөз болды». Олар-
да ғылыми-зерттеушілік сипат жет-
пей жатқанымен, мәдени мұра тура-
лы лениндік қағиданың ықпалын да
айтылғанымен, фольклорлық үлгі-
лер мен атақты ақын-жыраулардың
классикалық мұрасын әділ бағалау,
одан үлгі алу, үйрену жолын наси-
хаттау саласында бірталай ізденістер
болды.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін бел-
гілі қоғам және ұлт қайраткері, сын-
шы, әдебиетші С. Садуақасовтың
«Әде биет туралы» мақаласындағы
әдеби мұраға деген көзқарасына тоқ-
тала кетелік. Автор нигилистік ба-
ғытты сынай отырып: «Ескіден қал-
ған мұраға біз ие боламыз ба, жоқ
болмаймыз ба? Бұл – үлкен негізгі
мәселенің бірі. Біздің көбіміз (мен біз
дегенде коммунист сыншыларды ай-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
113
Достарыңызбен бөлісу: |