Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет93/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Осының нәтижесінде халық ауыз 
әдебиетінің көркем де көрнекті үлгі-
лерінен, қазақ әдебиетінің көрнекті 
өкілдерінен, әсіресе, Абай, Ыбырай 
шығармасынан бас тартқан кез дері 
де аз емес. «Шолпан», «Таң», «Те-
мір қазық» журналдары мен «Ақ жол» 
газетінің төңірегіне топтасқан ақын-
жазушылардың бәрі дерлік «ұлт шыл-
дар» саналып, олардың «әдеби мұ-
раны жариялаудағы мақсаты хан дық, 
байшылдық дәуірді насихаттау», 
«Абай – ұлтшылдық әдебиеттің ба-
сы» деген қате ұғымдар орын алды
көп мәселені орынсыз насырға шап-
тырып отырды.
Мәдени-әдеби мұраны игеру 
мен пайдалануда «әр ұлтта екі түр-
лі мәдениеттің элементтері болады» 
деген лениндік қағида қатты дә-
ріптелді. Соның салдарынан Алаш 
зиялыларына қарсы күрес ұраны, 
әдеби-теориялық білімді меңгеру са-
ласындағы тәжірибесіздік, идеоло-
гия майданындағы толып жатқан ай-
тыстардың ықпалынан әдеби-та рихи 
зерттеуге тежеу саларлық кейбір ма-
қалалар да жазылып қалды. С. Мұ-
қанов өзінің «Қара тақтаға жазы-
лып жүрмеңдер, шешендер» және 
кейіндеу жазған «Әркім өзінше ой-
лайды» атты мақалаларында артық 
сілтеп, кем өлшегендері жоқ емес, 
пролеткультшылдық ой-толғамдары 
айқын байқалады.
Алайда 1920 жылдардың алғаш-
қы жартысында жалпы әдебиет, оның 
қоғамдық рөлі, әдеби мұра туралы 
пікір білдірген мақалалар дың бәрі 
дерлік нигилизмге, тұр пайы социо-
логизмге толы болды десек қате бо-
лар еді. «Ұлтшыл әде биетшілерге» 
қарсы күрестің әсе рінен Абай шы-
ғармашылығы жө нін де сыңаржақ 
пі кір айтқанымен С. Мұқанов фоль-
клорлық мұра туралы біршама дұрыс 
көзқараста болды. «Қазақ әдебиеті 
һәм Ыбырай» атты мақаласында ес-
кі әдеби мұраның иесі үстем тап 
емес, еңбекші халық мұңын жырла-
ған ақын, жыршылар болғанын дә-
лелдейді. «Қазақ әдебиетін төменгі 
сатыда деп далаға тастауға болмай-
ды. Мәдениетті елдер бірте-бірте 
өнерленген. Ендеше қазақтың алдағы 
аз жылда мәдениетті болуына сөз 
жоқ. Ол күнді күтіп отырмай қазақ 
әдебиетін тексерудің негізін қазір 
сала беру керек....Әдебиет екі түрлі 
ғой, біреуі – ауыз әдебиеті, біреуі – 
жазба әдебиеті. Қазақ жазба әдебиеті 
әлі жан-жақты толық өркендеп 
болған жоқ. Ал ауыз әдебиеті бізде 
бай, әдемі деуге болады» деген пі-
кірінің өзі зерттеушілік ойдың өре-
сін сездіреді. Сонымен қатар, ауыз 
әдебиетінің халықтың тұрмыс-тір ші-
лігі, әлеуметтік өміріне тығыз бай-
ланыстылығына тоқтала келіп, ав-
тор халық әдебиетінің ең көрнекті 
өкілдері деп Шөже, Орынбай, Шал, 
Біржан, Ақан, Ыбырай, т.б. ақын-
жыр шылардың өнерпаздығына кө ңіл 
аударады. Олардың шығармаларын 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет