Морфологиясы


ІІІ. Гүлді өсімдіктер онтогенезінің бастапқы кезеңі ̶ ұрық пен



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

ІІІ. Гүлді өсімдіктер онтогенезінің бастапқы кезеңі ̶ ұрық пен 
өскін 
3.1 Тұқым және өскін 
Гүлді өсімдіктер денесінің қалыптасуы бір жасушадан, 
ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан немесе зиготадан басталады. 
Зиготадан тұқымның негізгі бөлігі, жаңа организмнің бастамасы ұрық 
пайда болады. Өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар болмай тұрғанда 
ұрық тыныштық қалыпта болады. Бұл тыныштық әр түрлі өсімдіктерде 
түрліше мезгілге созылады. Тұқымның өсе бастаған ұрығы ̶
өсімдіктердің жеке дамуының, яғни онтогенезінің бастапқы кезеңі. 
Жеке даму барысында жоғары сатыдағы өсімдіктерде алдымен барлық 
вегетативтік, одан кейін генеративтік мүшелер қалыптасады. 
Тұқым ̶ гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануының 
нәтижесінде тұқым бүрінен пайда болатын, көбею және таралу 
қызметін атқаратын мүшесі. Тұқымның құрамында ұрық (өсімдік 
бастамасы) және оның меристемалық жасушаларына қажетті қорлық 
заттар орналасады. Тұқым гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде жетіледі. 
Сондықтан гүлді өсімдіктер жабық тұқымдылар деп аталады.
Өсімдіктер тұқымдарының сыртқы пішіні, түсі, мөлшері әрқилы. 
Олардың салмағы миллиграмның жүзден бір бөлігінен 15 кг-ға дейін 


40 
жетеді. Көптеген гүлді өсімдіктердің тұқымы қабығы, ұрық және 
эндоспермнен тұрады. 
Тұқымның өнуінің бастапқы кезеңінде оның қабығының 
жасушалары сілемейленіп, тұқымның топыраққа бекінуіне және ылғал 
жинауына әсерін тигізеді. Зигота тыныштық күйден өткен соң (немесе 
өтпей-ақ) бөлініп екі жасуша пайда болады. Оның микропиле 
жақтағысы базальды жасуша деп аталады. Базальды жасуша көбіне 
көлденең бөлінеді. Екінші жасуша терминальды деп аталады, осы 
жасушадан ұрық дамып жетіледі. Терминальды жасуша өзара 
перпендикуляр екі қалтарыстарымен бөлініп төрт жасуша, мұның 
әрқайсысы тағы бір реттен бөлініп сегіз жасуша пайда болады. Одан 
кейінгі бөлінулердің нәтижесінде майда жасушалардан тұратын, пішіні 
дөңгелек шар тәрізді дене 

ұрық дамып жетіледі. Ұрықтың жоғарғы 
жағы тегіс келіп, бүйірлерінен екі төмпешік пайда болады. Қос 
жарнақтыларда бұл екеуі симметриялы дамып, олардан ұрықтың екі 
тұқым жарнағы жетіледі. Дара жарнақтыларда бір тұқым жарнағының 
бастамасы қарқынды дамиды, екіншісі баяулап қалып қояды да, одан 
бір тұқым жарнағы қалыптасады. 
Қос жарнақтылардың толық қалыптасқан ұрығы 

екі тұқым 
жарнағы. Тұқым жарнағының астыңғы қылтасы ұрық тамыршасы мен 
алғашқы өркеннің бой конусынан (бүршігінен) тұрады. Дара 
жарнақтыларда бір тұқым жарнағы пайда болады да, сабақтың бой 
конусы бүйір жағына қарай орналасады. 
Кейбір өсімдіктерде, мысалы, орхидеялар тұқымдасында көптеген 
паразитті (сұңғыла, арамсояу және т.б.) және сапрофитті тіршілік 
ететін өсімдіктердің тұқымында ұрық нашар жетіледі және ол бірнеше 
жасушалар тобынан ғана тұрады. 
Ұрықтың негізгі екі тобы ажыратылады: екі тұқым жарнағы бар 
ұрық және бір тұқым жарнағы бар ұрық. Алғашқысына қос жарнақты 
жабық тұқымдылардың ұрығы жатады, ал екіншісіне дара жарнақты 
жабық тұқымдылардың ұрығы жатады. Бұл топтарың арасында аралық 
нысан бар. Ашық тұқымдылардың тұқымының ұрығы 

көп жарнақты. 
Кейбір өсімдіктерде, мысалы, орхидеяда ұрық өте нашар жетіліп, 
пішіні алмұрт тәрізденген денеден ғана тұрады. 
Тұқым қор затына қарай негізі төрт түрлі: 1) эндоспермді, 2) 
эндоспермсіз, 3) периспермді және 4) эндоспермді-периспермді тұқым 
болып бөлінеді. 
Қосарынан ұрықтану аяқталғаннан кейін ұрық қалтасының 
жұмыртқа жасушасынан (зиготадан) тұқымның ұрығы, ал орталық 
ядросынан тұқымның қоректік ұлпасы 

эндосперм пайда болады. 
Эндоспермді тұқым 

нәр заттарын тұқымның эндоспермді бөліміне 
жинайтын тұқым (арпа, бидай және т.б. дәнді дақылдар). Тұқымның 


41 
эндоспермі ұрық қалтаның орталық ядросынан, ал ұрық ұрықтанған 
жыныс жасушаларынан дамиды.
Эндоспермсіз тұқым нәрлік қор заттарын тұқым жарнағына 
жинайды. Тұқым жарнағы ұрықтанған жыныс жасушаларынан пайда 
болатын оның негізгі бөлімі. Эндоспермсіз тұқымға кәдімгі бұршақ, 
үрмебұршақ, лобия және басқа да қос жарнақты өсімдіктер мысал бола 
алады. 
Периспермді тұқым ішіндегі нәрлік заттарын тұқым бүрінің 
нуцеллусына 
жинайды. 
Нуцеллус 
тұқым 
бүрінің 
өзгерген 
паренхималық жасушаларынан пайда болады. Сондықтан эндоспермді 
және эндоспермсіз тұқымдарға қарағанда периспермді тұқымның 
морфологиялық тегі басқаша. Перспермділерге қалампыр, бұрыш, 
канна, алабота және т.б. өсімдік тұқымдары мысал. 
Эндоспермді-периспермді тұқымда қоректік заттар тұқымның 
эндоспермі мен периспермінде жиналады. Қоректік заттардың басым 
көпшілігі периспермде жиналады. Эндосперм көлемі жағынан 
периспермнен едәуір кіші болып келеді. Оған мысал ретінде қара 
бұрыш тұқымын келтіруге болады.
Тұқымның өсуі үшін қажетті жағдайлар: су, жылу және ауа (кейбір 
өсімдіктердің тұқымы өнуі үшін жарық та) қажет.
Тұқымның өсуі суды көп мөлшерде өзіне сіңіруден, оның 
ұлпаларының суға қанығуынан, соның нәтижесінде бөртіп көлемін 
ұлғайтудан басталады. Судың және ұрықтың тұқым жарнақтары 
бөлетін ферменттердің әсерінен эндоспермдегі немесе периспермдегі 
қоректік заттар ериді. Ол ұрықтың меристемалық жасушаларын 
қоректендіреді, яғни қор заттарының жиналуы ұрықтан тыс бөлімде 
жүретін тұқымдардың тұқым жарнақтары бөліп шығару, ас қорыту 
қызметіне қатысады. Сол сияқты ұрықтық қоректік заттарды соруы да 
негізінен тұқым жарнақтары арқылы жүзеге асырылады (8-сурет). 


42 
8-сурет. Үрмебұршақтың тұқымы (А) мен бидайдың дәнінің (Б) өсуі: 


кіндік тамыр; 2 

жанама тамыр; 3 

қосалқы тамыр;


гипокотиль; 5 

эпикотиль; 6 

тұқым жарнағы; 7 

алғашқы 
жапырақ; 8 

бүршік; 9 

колеоптиль. 
Қоректік заттардың мұндай жолмен ұрыққа өтуінен оның барлық 
бөлімдерінің жасушалары бөлініп, сандары артады, көлемдері ұлғаяды, 
сөйтіп тұқымның қабығы жарылады. Микропиле саңылауы арқылы 
алдымен ұрық тамыршасы бой көрсетеді. Ұрық тамыршасы топыраққа 
бекініп, су және онда еріген минералдық заттарды қабылдай бастайды. 
Қос жарнақтылардың басым көпшілігінде, мысалы, үрмебұршақтың 
өскінінде ұрық тамыршасынан бұтақтанбаған кіндік тамыр өсіп 
шығады. Өсімдіктердің басым көпшілігінде ұрық сабақшамы 
(гипокотиль) доға тәрізді иіледі. Доғаның ұшы біртіндеп жазылып
жоғары қарай көтеріледі. Жер бетіне шыққан гипокотиль толығынан 
жазылып тік бағыт түзеді. Сабақ ұзарып өсіп, алғашқы нағыз жасыл 
жапырақтар пайда болады. Тұқым жарнақтары жасыл реңге ие болып, 
органикалық заттарды ассимиляциялауға (фотосинтезге) қатысады. 
Сөйтіп, өскін автотрофты қоректене бастайды. Бұл жер бетіндегі өсу 
деп аталады.
Автотрофтар (гр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет