Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

parénchyma – тең құйылған
) жасуша мөлшері 
біршама тең қабырғалы, яғни изодиаметрлік болады. Олардың сырт 
пішіндері әрқилы: дөңгелек, қысыңқы, көп қырлы, дискі (табақша), 
жұлдыз, қатпарлы және т.б. 
Бір қалыпты паренхималық жасушалар тірі және жұқа 
қабықшалы. Олар өсімдік мүшелеріндегі (өзектегі, сабақ, тамыр, 
сыртқы қабатындағы, жапырақтағы, гүлдегі және тұқымдағы, жеміс 
жұмсақтарындағы) негізгі ұлпаларды қалыптастырады. 
Прозенхималық (гр. 
pros – бағыт бойынша; enchyma - құйылған

жасушалардың ұзындығы енінен 10-100 есеге дейін артық, созыңқы, 
ұштары сүйірленген, қабықшалары қалың, көп жағдайда ішкі құрамы 


21 
жоқ болады. Прозенхималық жасушалар негізінен өсімдіктерде 
өткізгіш және арқаулық ұлпаларын құрайды. Прозенхималық 
жасушалар мөлшері әртүрлі, мата талшығы ̶ 0,1-5 см болады. Ең ұзын 
прозенхималық жасушаларға сүттігенді өсімдіктердің сүт жолдары 
жатады, осы туыстықтың ағашты өкілдеріндегі қуыстар мен түтіктері 
бірнеше метрге жетеді. Өсімдік жасушасы негізінен көмірсулардан 
құралған қатты қабықшадан, протопласт және жасуша шырынымен 
толтырылған вакуольден тұрады. Протопласт құрамында цитоплазма, 
бір немесе бірнеше ядро, пластидтер, митохондриялар, диктиосомалар, 
рибосомалар, эндоплазмалық ретикулум және лизосомалар болады. 
Жасуша қабықшасы мен вакуоль протопласт тіршілігінің нәтижесінде 
қалыптасты. Даму барысында жасуша өзіне қажетті күрделі құрамды 
заттарды өзі синтездейді. 
Ядро ̶ жасушаның ең маңызды құрам бөлігі. Белгілі пішінге ие 
болған ядро барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер жасушаларында 
болады. Жасуша ядросын алғаш рет 1831 жылы ағылшын ғалымы 
Роберт Броун ашқан. Ядроның пішіні паренхималық клеткаларда 
дөңгелек шар немесе ұршық тәрізді болып келеді. Өсімдіктің түріне, 
жасына, жасушалардың күйіне, ұлпалардың типтеріне байланысты 
ядроның мөлшері өзгеріп отырады. Ядро ̶ жасушадағы зат алмасу, өсу, 
даму, көбею, тұқым қуалау, сондай-ақ ондағы ақуыздардың, 
ферменттердің синтезделуін реттеу қызметтерін атқарады. Сондықтан 
жасушадан ядроны бөліп қарауға болмайды, онсыз жасушада тіршілік 
жоқ. Ядроның химиялық құрамының негізгі заты ̶ күрделі ақуызды 
протеидтер. 
Ядро 
ақуыздарының 
ішіндегі 
маңыздылары 
̶
нуклеопротеидтер, яғни нуклеин қышқылдарымен қосыла алатын 
ақуыздар - 22%, қалған ақуыздар – 51,3%, ДНК - 14%, РНҚ – 12,1%. 
Сондай-ақ ядро құрамында су және кальций, магний иондары бар. 
Ядрода нуклеин қышқылдарының екі тобы кездеседі, олар ̶
дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және рибонуклеин қышқылы 
(РНҚ). ДНҚ концентрациясы РНҚ концентрациясынан жоғары ДНҚ 
хромосомасының құрамына енеді, оның құрылымы жасушаның бөлінуі 
кезінде жақсы байқалады.
Цитоплазма (гр. 
цитос ̶ қабықша; плазма ̶ жасалған пішін
) ̶
жасушаның ең маңызды құрамды бөлігі. Ол біршама жабысқақ, 
қоймалжың, түссіз, салмағы 1,04-1,06 мкм мөлдір зат. Жарықты 
сындыру қабілеті судан басым, онымен араласпайды, серпілмелі, 
майысқақ. Цитоплазманың негізін оның тірі компоненті, өте жұқа 
биологиялық мембрана түзеді. Биологиялық мембрананың негізін 
фосфолипидтер мен ақуыздың молекулалары құрайды, таңдамалы 
өткізгіштік қасиетке ие.
Плазмалемма жасушаның қабықшасына жабыса орналасады, 
таңдамалы өткізгіштік қасиетке ие болғандықтан жасушаның зат 


22 
алмасуын реттеуші және синтездеуші қызмет атқарады. Ең қалың ̶
мезоплазмада барлық органеллалар бытыраңқы орналасады. Тірі 
ағзадағы цитоплазма қозғалысқа бейім.
Гиалоплазма ̶ зат алмасудың көптеген аралық өнімдерінің 
диффузияланатын ортасы және гликозидтердің синтезделетін орны.
Жасуша қабықшасы өсімдік жасушасының сыртын қоршап 
жатады. Ол қорғаныштық, мықтылық, тіректік қызметтер атқарады. 
Сондай-ақ сыртқы ортадан өсімдікке қажетті заттарды қабылдауға, оны 
ажыратуға қатынасады. Суға қаныққан қабықша оның тірі 
компоненттеріне қолайлы орта жасайды және ондағы су қорының 
негізін құрайды. 
Тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде жасуша көнерген сайын 
оның қабықшасы өзгеріске ұшырайды, қабықшаның мицелла 
торларына сіңетін химиялық заттардың түріне және қасиетіне қарай ол 
сүректенеді, тозданады, кутикулаланады, минералданады және 
сілемейленеді. 
Жасуша қабықшасының құрамына негізінен полисахаридтер, 
ақуыздар, минералды тұздар, лигнин, пигменттер және липидтер енеді. 
Қабықша полисахаридтері қаңқалы және матриксті заттардан құралады 
да, олар сумен қанығады. Қаңқалы зат негізін целлюлозаның өзара 
қатарласа, 
топтаса 
орналасқан 
жіптесін 
молекулалары 
̶
микрофибрилдер құрайды. Микрофибрилдер жекелеген топтарға 
бірігіп, жуандығы 0,4-0,5 мкм микрофибрилдер түзеді де, қабықша 
қаңқасын қалыптастырады. 
Микрофибрилдер өз кезегінде қабықшаның аморфты матриксіне 
батырылған. Химиялық және физикалық қасиеттеріне қарай матрикс: 
пектинді заттар және гемицеллюлозалар болып екіге бөлінеді. Соңғысы 
клетчаткаға қарағанда біршама «жұмсақтығымен» ерекшеленеді.
Жасуша қабықшасының өн бойында арнайы саңылаулар бар. 
Саңылау ̶ алғашқы жасуша қабықшасының екінші қабықшамен 
жабылмаған «қуыс» жері. Шектес жасушалардың саңылаулары бір-
біріне қарсы тұстас орналасады, ол біріккен қос саңылау деп аталады. 
Негізінен жасуша қабықшасындағы саңылаулар: жай, жартылай және 
күрделі көмкерілген болып үшке бөлінеді. 
Тапсырмалар 
1.
Биологиялық МБР-1 микроскобының құрылысымен танысып, 
онымен жұмыс істеуді үйрену. 
2.
Қатпарлы жуаның қабыршағынан уақытша препарат жасау. 
3.
Тұрақты препараттармен танысу, микроскоппен қарау. 
4.
Микроскоптың және қараған объектілердің суреттерін салып, 
тиісті белгілерін жасау. 


23 
Қайталау сұрақтары 
1.
Микроскоп қандай бөліктерден тұрады? 
2.
Окулярға дұрыс қарау дегенді қалай түсіндіресің? 
3.
Ядроның құрамы неден тұрады? 
4.
Гиалоплазма деген не? 
2.2 Өсімдік жасушасындағы пластидтер мен эргастикалық заттар 
Пластидтер ̶ өсімдіктер жасушасына ғана тән органоидтар. 
Пластидтер туралы алғашқы мәліметтер Д.Левенгуктың (1676) 
еңбектерінде келтіріледі. Пластидтерді А.Шимпер (1882) 3 типке бөлді: 
түссіз (мөлдір) лейкопластар, жасыл түсті хлоропластар, қызыл-сары 
түсті хромопластар. 
Хлоропластар (гр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет