Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

bios – өмір; morphe - 
форма
) деп өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық 
жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын 
көрсететін өзіндік сыртқы бейнесін (габитус) айтады. Габитус алдымен 
өсімдіктердің жер үсті және жер асты вегетативтеріне байланысты. 
Өсімдіктердің белгілі бір түрінің особьтарына тән тіршілік 
формасы ̶ ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ол тұқым қуалау 
белгісі болып бекінген. Осыған қарамастан түрдің тіршілік формасы 
нақты жағдайларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. Мысалы, жөке 
ағашы сүректі тіршілік формасына жатады. Тіршілік жағдайы қалай 
өзгерсе де ол шөптесін өсімдік бола алмайды.
Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының 
нәтижесінде 
табиғатта 
өсімдіктердің 
экологиялық 
топтары 
(ксерофиттер, гигрофиттер және басқалар) ғана емес, тіршілік 
формалары да қалыптасқан. Жер бетін жауып тұрған өсімдіктер 
жамылғысының негізгі құрылым бөліктерін белгілеу үшін «өсімдік 
формасы» деген түсінікті алғаш рет енгізген ботаник ғалым 
А.Гумбольдт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан, олардың 
кейбіреулері: банан, сүректі папоротник, астық, мүк. Осындай 
«формалар» жиынтығы және олардың әрқайсысының үлесі зерттелетін 
аймақ өсімдіктер жамылғысының бет пердесін (физиономиясын) 
анықтайды. Қоғамдық топтар және өсімдіктер жамылғысының 
географиясы туралы ғылымның басты кезеңі А.Гризебахтың 
жұмысымен байланысты. Ол өсімдік жамылғысының санын 60-қа 
дейін жеткізіп, оларды «өсімдіктер формасы» деп атады. Тіршілік 
формасы туралы ғылымның одан ары дамуы А.Н.Краснов, Б.А.Келлер, 
И.Г.Серебряковтың зерттеулерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник 
әрі эколог Б.А.Келлердің (1933) айтуы бойынша «тіршілік формасы» 
деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа, 
тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық 
бейімделу жүйесін түсіну керек. В.В.Алехин (1944) «тіршілік формасы 
өсімдіктің сыртқы көрінісінде бейнеленген, оның жергілікті тіршілік 
жағдайына ұзақ уақыт бейімделуінің нәтижесі» деп сипаттама береді.
А.Б.Келлердің анықтамасында екі негіз: генетикалық (белгілі бір 
систематикалық топқа жатуы) және экологиялық бейімделу қамтылған. 
И.Серебряковтың (1962) анықтауында осы екі негіз қамтылады және де 
тіршілік формасының морфологиялық мәні жете сипатталады.
Өсімдіктердің 
физиономиялық, 
яғни 
сыртқы 
бейнесіне 
негізделген жүйесін төмендегідей қарастыруға болады: 
1.
Ағаштар – жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп 
жылдық өсімдіктер. Олардың қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір 
діңі болады. 


13 
2.
Бұталар – жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық 
өсімдіктер. Ағаштардан айырмашылығы 

ерекше жеке-дара діңі 
болмайды, өзара шамалас бірнеше діңі бар, бұтақтануы жер бетіне таяу 
басталатын сүректі өсімдіктер.
3.
Бұташықтар – бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см-ден 
аспайды (қара жидек, мүкжидек т.б.)
4.
Жартылай бұталар ̶ өркендерінің төменгі бөліктері ғана 
сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады 
(жусандар, жебіршөп).
5.
Лианалар 

сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып және 
шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқытшөп, шырмауық). 
6.
Жастықша өсімдіктер ̶ қоректік заттарға кедей, тасты, құмды, 
шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген. Негізгі 
морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі: тығыз бұтақтанған, 
ұзарып өсуі шектелген, аласа, өркендері бір-біріне тығыздалып
жақындаған, өркеннің жоғарғы жағы дөңгеленіп шарпылған тәрізді. 
Сондықтан жастық пішіндес болады. Жастықша өсімдіктер іш жағында 
ылғал, жылу сақтайды. Бұлар биік тау шыңдарының, мұхиттағы тасты 
аралдардың, 
теңіз 
жағалауларының, 
арктикалық 
тундраның 
өсімдіктері.
7.
Суккуленттер ̶ су қорын сақтайтын шырынды өркенді көп 
жылдық өсімдіктер (түбіртектер, кактустар, агавалар). 
8.
Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық болады. 
Бұлар тіршілік формаларының мынадай топтарына бөлінеді: кіндік 
тамырлылар, шашақ тамырлылар, ұзын және қысқа тамыр сабақтылар, 
жуашықтылар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер үсті төселмелі және 
жер үсті столондылар. 
Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктің сыртқы ортаның әсерінен 
пайда болған өсуінің сыртқы көрінісі және вегетативтік мүшелері 
тіршілігінің ұзақтығы алынған. 
Бізді қоршап тұрған табиғаттағы географиялық орта тірі және өлі 
табиғат элементтерін қамтиды. Тірі табиғат элементтеріне: адам 
баласы, жануарлар, өсімдіктер, өлі табиғатқа: су, ауа, жарық, жылу 
және т.б. жатады. Табиғаттың бұл аталған элементтері бір-бірімен 
тығыз байланысты. Өлі табиғат тірі табиғаттың тіршілік ететін ортасы. 
Мысалы, жердің қатты қабатының (литосфера) үгілуінен өсімдіктің 
негізгі өсу орны (субстраты) болып табылатын топырақ жамылғысы 
түзіледі. Бұдан өсімдік су және еріген минералдық заттарды 
қабылдайды. Ауа қабаттарының (атмосфера) тіршілікке қолайлысы 
тропосфера қабаты. Өсімдіктер ауадан О
2
қабылдап, онымен тыныс 
алса, СО
2
органикалық қосылыстар түзудің шикізаты ретінде бойына 
сіңіреді. 


14 
Өсімдіктер тіршілік әрекеттерінің барысында өзін қоршап тұрған 
ортаға әсер етеді. Оның бастысы ̶ өсімдіктердің басым көпшілігі 
(бөлігі) органикалық емес заттардан органикалық заттар түзуі. 
Органикалық заттар түзу барысында өсімдіктер ауадан көмірқышқыл 
газын қабылдап, ауа құрамын тазартады, ал оттекті бөліп шығарып 
ауадағы оттегінің қорын толықтырып отырады. Сол сияқты 
өсімдіктердің жер бетіндегі және жер астындағы бөліктерінің жылма 
жыл түсіп, жер қыртысында жинақталып шіруінен топырақ 
жамылғысы қалыптасып, оның құнарлылығы артады. 
Табиғаттың тірі элементтері орналасқан қабаты биосфера деп 
аталады. Жер бетіндегі тірі организмдердің тіршілік әрекеттері осы 
қабатта өтеді. 
Биосфераны қорғаудың басты мақсаттарының бірі – оны ғылыми-
техникалық прогрестің зиянды әсерінен сақтау. Қазіргі кезде 
техникалық прогрестің әсері тимеген бірде-бір жер жоқ, өсімдіктер 
жамылғысының көптеген типтері қайта қалпына келмейтіндей өзгерді. 
Табиғатты тиімді пайдаланудың негізі – биологиялық тепе-
теңдікті сақтау, оның заңдылығын бұзбау. 
Табиғатты қорғауда күрделі және негізгі мәселенің бірі ̶
планетаның өсімдіктер жамылғысын, сирек және жойылып бара жатқан 
өсімдік түрлерін қорғау. Табиғатты қорғау мақсатында жүзеге 
асырылған шараларға: қорықтар, мемлекеттік заказниктер, табиғат 
ескерткіштері, қорықтағы зоналар (жер) және табиғи ұлттық 
саябақтарды (парк) ұйымдастыру жатады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 
мемлекеттік 10 табиғи қорық, 9 ұлттық табиғи парк, 2 табиғи орман 
резерваттары, республикалық маңызы бар 57 орман заказниктері, 26 
табиғи ескерткіш, сондай-ақ мемлекеттік 5 қорық өңірі, зоологиялық 3 
парк, ботаникалық 5 бақ жасалып, жұмыс істеп келеді. Қорықтар мен 
заказниктердің болуы барлық сирек кездесетін өсімдіктерді қорғай 
алмайды. Өйткені бұл өсімдіктер шашыраңқы орналасқан. Сондықтан 
барлығымыздың міндетіміз тек сирек кездесетін өсімдіктерді ғана 
емес, жиі өсіп, кең таралған, бірақ әсемдігі үшін, әр түрлі ауруларға 
емдік үшін т.б. мақсаттарға кең түрде қолданылатын өсімдіктерді 
көпшіліктің жаппай жинауынан шектеу. Әрбір азамат жалпы халықтық 
табиғат қорғауды өз мүддесі, азаматтық борышы деп санауы керек.
Қайталау сұрақтары 
1.
Лианалар несімен ерекшеленеді? 
2.
Бұташықтардың ерекшелігі неде? 
3.
Суккуленттер деген не? 
4.
Өсімдіктердің қандай экологиялық топтары бар? 


15 
5.
Табиғатты қорғау мақсатында елімізде қандай шаралар 
қолданылады? 
Бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары 
1.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден 
ерекшеліктері 
А) жасуша құрылымы күрделі, автотрофты 
Б) жасушалары айқын бөлінген 
В) хлоропластары бар, фотосинтез жүреді 
Г) көп жасушалы, құрылысы күрделі 
Д) жасушалары ірі 
2.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі 
А) мүктер 
Б) теңіз балдырлары 
В) қырықбуындар 
Г) бір жасушалы өсімдіктер 
Д) балдырлар 
3.
Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы 
А) фотосинтез жүргізу 
Б) күн сәулесін жинақтау 
В) ылғал бөлу 
Г) көмірқышқыл газын бөліп шығару 
Д) шаруашылыққа пайдалану 
4.
Ағаштан алынатын өнім 
А) эфир майлары, капрон 
Б) бензин, смола 
В) спирт, глицерин 
Г) пластмасса, темір 
Д) мата, мақта 
5. Өсімдіктер онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда 
болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынын көрсететін өзіндік 
сыртқы бейнесі
А) биосфера 
Б) биоморфа 
В) атмосфера 
Г) тропосфера 
Д) литосфера 
6. «Өсімдік формасы» терминін алғаш енгізген 
А) А.Гумбольдт 
Б) А.Гризебах 
В) Б.А.Келлер
Г) И.Серебряков 


16 
Д) В.В.Алехин 
7. Жер бетіндегі бөліктері толық сүректелетін көп жылдық өсімдіктер 
А) бұташықтар 
Б) лианалар 
В) бұталар 
Г) ағаштар 
Д) жартылай бұталар 
8. Суккулентті өсімдіктер 
А) жебір, түбіртек 
Б) шырмауық, алоэ 
В) жүзім, құлмақ 
Г) кактус, агава 
Д) жусандар 
9. Өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері 
жылма-жыл қурап түсіп отыратын өсімдіктер
А) ағаштар 
Б) бұталар 
В) бұташықтар 
Г) жартылай бұталар 
Д) суккуленттер 
10. Күн сәулесі энергиясының химиялық байланыстар энергиясына 
айналу процесі 
А) хемосинтез 
Б) фотосинтез 
В) тотығу-тотықсыздану
Г) қараңғыда жүретін процесс 
Д) фагоцитоз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет