Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

metá 

 бірлесе, méros 

 бөлігі
) түзеді. Өркеннің мұндай 
құрылым бөлігі буыннан, буынаралықтан, жапырақтан, қолтық 
бүршіктен құралған. Демек, өркен метамерлік құрылымды жүйе. 
Сабақ өсімдіктің денесін жоғары көтеріп тұру, жапырақта пайда 
болған органикалық заттарды тамырға қарай, ал тамырдың топырақтан 
сіңірген суы мен минералды тұздарын жапыраққа қарай өткізу 


55 
қызметтерін атқарады. Көпшілік жағдайда ол қор заттарын 
жинақтаушы және вегетативтік көбею мүшесі де бола алады. 
Бүршік өркеннің үздіксіз өсуін, бұтақтануын және өркендер 
жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бүршік дегеніміз 
буынаралықтары өте қысқарған, түрі өзгерген мүше. Бүршік 
құрамында осьтік сабақ, оның өсу конусы (төбесі, ұшы), бір-бірін жаба 
орналасқан бірнеше жас жапырақшалары болады. Бүршіктегі төменгі 
жапырақшалар ондағы ішкі жапырақшалары өсу төбесін жоғары 
жағынан иіле жауып орналасады. Көпшілік жағдайда бұл 
жапырақшалар 

қабыршақты, біршама қатты, түсі, түрі өзгерген, саны 
әртүрлі, мысалы еменде 20-дан астам, талда 

22, дара жарнақтыларда 
біреу ғана. Мұндай қабыршақтары бар бүршіктер жабық бүршік деп 
аталады (ақ қайың, жөке, емен және т.б.). 
Ашық немесе жалаңаш бүршікте қабыршақтар болмайды. Ашық 
бүршік көптеген тропикалық және субтропикалық ағаштарға (мәңгі 
жасыл), цитрус тұқымдастарына тән. 
Барлық гүлді өсімдіктердің бүршіктері келешекте не өсіп 
шығатынына байланысты мынадай топтарға бөлінеді: 
-
гүл бүршігі 
-
жапырақ бүршігі 
-
вегетативті-генеративті бүршік. 
Гүл бүршігінің көлемі ірі, қысқарған өркеннің бойына ғана бітеді, 
одан келешекте гүл шығады. Жапырақ бүршігінің көлемі гүл 
бүршігінен ұсақ болады, жапырақ өсіп шығады. Вегетативтік-
генеративтік бүршіктен келешекте өркен метамері, гүл немесе 
гүлшоғыр өсіп шығады. Бүршіктің бұл түрі шөптесін өсімдіктерде және 
кейбір ағаштарда (мамыргүл, ырғай) болады. 
Сабақта орналасу ретіне қарай бүршіктерді төбе бүршік және 
жанама бүршіктер деп бөлеміз. Жанама бүршіктерге қолтық және 
қосалқы бүршіктер жатады. Төбе бүршік 

өсіп келе жатқан өркеннің 
дәл ұшында болады да, оның клеткаларының көбеюі нәтижесінде 
өсімдіктің негізгі өркендері бойлай өседі. Жапырақ қолтығында бір 
немесе бірнеше бүршіктер орналасуы мүмкін. Олар орналасуына қарай 
мынадай түрлерге бөлінеді: 
-
сериялы 
-
коллатеральды немесе бүйірлес бүршік 
-
биколлатеральды бүршік 
-
айналмалы-бунақты бүршік. 
Қосалқы бүршік өсу конусының меристемасынан емес, 
қалыптасқан ересек сабақтан эндогенді жолмен дамиды. Бұл бүршіктер 
перицикл, камбий және өзектік сәуле паренхималарынан түзіледі. 


56 
Қыстаған бүршік сүректі өсімдіктерде күзге қарай пайда болып, 
қыстап, тек келесі көктемде өркендейді. Бұйыққан бүршік 

жылдар 
бойы өспей, өзінің өсу қабілетін жоғалтпай, өзіне қолайлы кезеңде 
өсуге, өркендеуге бейімделе сабақ ұлпаларына көмілген бүршіктер. 
Көпшілік өркендерде бүршіктен өркеннің өсіп шығуы белгілі 
мерзімдерде болады. Ағаштарда, бұталарда және көпжылдық шөптерде 
бүршіктерден өркендер жылына бір рет көктемде немесе жаздың 
басында дамиды, онан соң тек келесі көктемде өркендейтін жаңа 
қыстаушы бүршіктер қалыптасады. Бүршіктер жылына бір рет, бір 
вегетациялық мерзімде өскен өркен 

жылдық өркен немесе жылдық 
өнім деп аталады.
Өсімдіктердің басым көпшілігіне тән нәрсе оның өркенінің 
сабағында жапырақтың болуы. Жапырақсыз сабақтар, мысалы, 
гүлсидамдар біршама сирек кездеседі. Жапырақтар сабақта кезектесіп 
немесе серіппе тәрізді бұралып, қарама-қарсы және шоқтанып 
орналасады. Жапырақтары түсетін ағаштарда жаз айларында тек осы 
жылдың өркендерінде ғана жапырақтар болады. Өткен жылдардағы 
өркендерде жапырақтар болмайды. 
Өркеннің бұтақтану тәсілі әр түрлі. Ол жанама бұтақтардың 
әрқилы орналасуына, олардың өсу тәсіліне және жанама өркендердің 
өсу ортасына, құрылымдық ерекшелігіне байланысты.
Бұтақтанудың мынадай түрлерін ажыратады: 
-
дихотомиялы
-
моноподийлі
-
симподийлі
-
жалған дихотомиялы.
Дихотомиялы бұтақтануда өсу нүктесіндегі инициалдық 
жасушалар екіге айырылып бұтақтанады. Келесі кезекте бұл осьтің 
төбелік бүршігі тағы екіге айырылады. Міне, осы ретпен бұтақтану 
жалғаса береді. 
Моноподийлі бұтақтануда ұрықтан дамыған басты сабақ өсу 
конусын өмірлік сақтайды, негізгі осьтің шексіз төбелік өсу қабілеті 
сақталады. 
Симподийлі бұтақтануда басты осьтің конусы өзінің қызметін өте 
ерте тоқтатады. Негізінен өсуді жалғастыратын екінші реттегі ось. Осы 
ретпен бұтақтану жалғаса береді. 
Жалған дихотомиялы бұтақтану бұтақтанудың өз алдына ерекше 
түрі болып табылмайды. Бұл осьтік сабақта жапырақ қарама-қарсы 
орналасқандағы симподийлі бұтақтанудың бір түрі. Өсімдіктің 
бұтақтануының нәтижесінде оның еңсесінің аумағы артады да, 
фотосинтездік қабілеті жоғарылайды (13-сурет). 


57 
13-сурет. Өркеннің бұтақтану типтері: А 

дихотомиялы,
Б 

моноподийлі, В 

симподийлі, Г 

жалған дихотомиялы. 
1,2,3,4 

бірінші және одан кейінгі реттердегі осьтер 
Көптеген шөп, бұта өсімдіктерінің буынаралықтарының 
мөлшеріне қарай қысқарған және ұзарған буынаралықты өркендер 
ажыратылады. Ұзын буынаралықты өркендердің буындары бір-бірінен 
алшақтаған, осьтік сабағы тегіс болып келеді. Ұзарған өркен кеңістікте 
бойлап өсе береді, гүлдемейді, жеміссіз болады да бойдақ, кейде сабау 
шыбық деп аталады. 
Қысқарған өркеннің буынаралықтары жақын, сондықтан да 
олардың сырт көрінісі қысқартылған (қатпарлы), кедір-бұдыр болады. 
Қысқарған өркенде көбінесе гүл бүршіктері дамиды да, одан жеміс 
жетіледі. Оны жемістік өркен деп атайды. 
Тапсырмалар 
1.
Бөлме өсімдіктерінің өркендерінің сыртқы құрылысындағы 
ерекшеліктерін зерттеу. 
2.
Жапырақты бұтақтардан өркеннің буынын, буынаралығын, төбе 
және қолтық бүршіктерін, жабын жапырақтары мен жапырақ 
қолтығын, ал жапырақсыз бұтақтардан жапырақ дағы, жапырақ ізі, 
бүршік сақинасы және бұйыққан бүршікті табу. 


58 
3.
Сүректі өсімдіктер бұтақтарынан, өсімдіктердің кеппешөптерінен 
өркеннің бұтақтану түрлерін анықтап, суреттерін салу. 
4.
Ағаш бұтақтарындағы бүршіктерді және пиязшықты ортасынан 
жарып, лупа арқылы қарай отырып, бүршіктің ішкі құрылысындағы 
ерекшеліктерді анықтау, суретін салу. 
Қайталау сұрақтары 
1.
Өркен деген не? 
2.
Қандай өркендерді ұзарған және қысқарған өркендер деп атайды? 
3.
Бүршіктің қандай түрлері бар? 
4.
Бұтақтанудың биологиялық мәні неде? 
5.
Дихотомиялы бұтақтанудың моноподийлі және симподийлі 
бұтақтанудан қандай айырмашылығы бар? 
6.
Өркеннің қандай түрлері бар? 
4.4
Сабақ морфологиясы 
Сабақ 

ұшында төбе меристемасы болуына байланысты үнемі 
ұшынан өсіп отыратын өсімдіктің вегетативтік мүшесі. Сабақ арқылы 
жапырақта фотосинтез процесі нәтижесінде пайда болған органикалық 
заттар тамырға, ал тамыр арқылы қабылданған минералды заттар 
жапыраққа қарай жылжып отырады. Өсімдіктерді кеңістікте ұстап 
тұру, жапырақты жарыққа бағыттау қызметін атқарады. Сабақта 
фотосинтез жүреді және вегетативті көбею мүшесі болып табылады. 
Осы 
аталған 
негізгі 
қызметтерімен 
қатар 
көпжылдық 
өсімдіктердің 
сабағында 
қор 
заттары 
жиналады, 
шөптесін 
өсімдіктердің сабағында фотосинтез жүреді және көптеген 
өсімдіктердің сабағы вегетативті көбею мүшесі болып табылады. 
Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады, 280-300 м 
(ротангалы пальманың өрмелеп өсетін сабақтары)

ден 1,5 мм дейін (су 
өсімдігі вольфия) жетеді. Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті 
немесе сүректі болып бөлінеді. 
Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, 
шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінеді.
Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың және 
т.б. жатады. Жатаған сабақтар (желі сабақ) өте әлсіз, жұмсақ, жер 
бауырлап жатады. Олар мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртша да 
желі сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда 
буынаралықтары ұзын және топыраққа жанасқан жерінен қосалқы 
тамыр шығады (құлпынай). Желі сабақтың буынаралықтары қысқа, 


59 
олардың топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, 
қауын, қарбыз). 
Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы 
өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары 
болмайды. 
Өрмелегіш сабақтар 

мұртшасы арқылы басқа өсімдікке 
жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім т.б.). 
Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке тығыз жанаспайды, жеңіл әрі 
жіңішке, ұзын болады. Шырмалғыш, өрмелегіш сабақты өсімдіктерді 
лианалар 
(
фр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет