Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

lier — байланыстыру, жалғастыру
)
дейді. Лианаларға 
сабағы жіңішке, механикалық ұлпасы біршама нашар жетілген, ұзын 
болып келетін жүйелілік (систематикалық) тұрғыдан әр түрлі 
таксондардың өкілдері жатады. Өрмелеу тәсілдеріне қарай лианалар 
таянып өсетіндер, жармасып өсетіндер болып бөлінеді. Таянып 
өсетіндерде арнаулы өрмелеу мүшесі болмайды. Оған мысал ретінде 
Ротанг пальмасы, кейбір тропикалық фуксияларды айтуға болады. 
Жармасып өсетіндерде өрмелеу қызметін атқаратын әр түрлі 
тікенектер, ілгек, қылшық тәрізді қосалқы өркендер болады (жабысқақ 
қызылбояу, бояушөп).
Лианаларға раушангүлділердің түрлері (таңқурай), мұртшалылар 
(таянышты арнаулы мұртшалары арқылы орап алады), шырмалғыштар 
(мұнда өркеннің өсу барысында таянышқа шырмалып оралып өскендігі 
айқын байқалады) жатады. Жабайы жүзім, асқабақ тұқымдасы мен 
бұршақтар тұқымдасының көбі мұртшалыларға жатады. Көптеген 
өсімдіктер (құлмақ, шырмауық таран) сағат тілінің бағытында
кейбіреулерінде (дала шырмауығы, көпгүлді үрмебұршақ) сағат тіліне 
қарама-қарсы бағытта шырмалып өседі. 
Жабысқақ сабақты өсімдіктер ілмешегі, емізікше өсінділері, 
жабысқақ түктері арқылы сүйенетін өсімдігіне тығыз жанасады. Оны 
сүйенетін өсімдіктен ажырату қиын. Мысалы, плющ, жабысқақ 
қызылбояу және т.б.


60 
14-сурет. Сабақтардың кеңістікте орналасуы: 1 

тік сабақ (жүгері);


өрмелегіш (жүзім); 3 

шырмалғыш (құлмақ); 4 

жатаған (тал, 
қурай); 5 

төселмелі (беде) 
Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Бақбақ, 
жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т.б. қысқарған сабаққа 
жатады.
Сабақтың жұмсақ-қаттылығын, жуан-жіңішкелігін, борпылдақ-
шымырлығын, 
тармақты-тармақсыздығын, 
бітеу-қуыстылығын 
консистенциясы деп атайды. Осы тұрғыдан өсімдік сабақтары 
консистенциясына қарай шөптесін және сүректі болып бөлінеді. 
Сүректі өсімдіктер сабағының сүрек (ксилема) жасушаларының 
қабықшасына лигнин сіңіп қатайған. Сүректі сабақты өсімдіктерге 
ағаштар және бұталар, бұташықтар мен жартылай бұталардың көбісі 
жатады. Олардың негізгі сабағы дің, ал бұтақтардың жеке ірі сабақтары 
діңшелер деп аталады. Шөптесін өсімдіктердің сабағы негізінен 
қатаймаған жұмсақ шөптесін қалпын сақтайды.
Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып 
келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы (қияқта), төрт 
қырлы (ерінгүлділер), қанатшалы (орман чинасы), жалпақ (шылаң-
рдест) болып келеді. Сабақтың көлденең кесіндісі бойынша пішінінің 
мынадай түрлерін ажыратады:
-
жұмыр; 
-
қабысыңқы; 


61 
-
үшқырлы; 
-
төртқырлы; 
-
көпқырлы; 
-
қырлы; 
-
ойлы; 
-
қанатты; 
-
қабысыңқы. 
Жұмыр сабақтың көлденең кесіндісінің пішіні дөңгелек тәрізді. 
Өйткені сабақта механикалық ұлпа (колленхима) айнала шеңбер түзіп, 
біркелкі орналасады. 
Сабақтың қырлы, яғни үш қырлы көлденең кесіндісі 

үш 
бұрышты, төрт қырлы көлденең кесіндісі 

төрт бұрышты болып келуі 
механикалық ұлпаның топтанып орналасқан жерлерінің білеуленіп, 
қырланып кетуінен. Ойлы және қырлы сабақтардың көлденең кесіндісі 
тісті дөңгелек тәріздес. Ойлы сабақтың ойысты жерлері енсіз келеді.
Қанатты жемісте буынаралығының ұзына бойымен енді өскінше 
созылып жатады. Қабысыңқы сабақ кактустар (опунциялар) мен кейбір 
астық тұқымдастарға тән.
Өсімдіктер сабағының ішкі орталық өзегі өсімдіктердің бірінде 
қуыс (бидай, қара бидай, сұлы және т.б.), екіншісінде жұмсақ 
(күнбағыс, ырғай және т.б.), үшіншісінде сүректі шымыр (бұталар), 
кейбіреулерінде етжеңді болады. Бұларды сырттай емес, тек жас 
сабақты көлденең кесіп көру арқылы ажыратуға болады. 
Тапсырмалар 
1.
Әртүрлі өсімдік сабақтарының көлденең кесінділерінен сабақтың 
сыртқы пішіндерін анықтау. 
2.
Бөлме өсімдіктерін пайдалана отырып оның сабағының кеңістікте 
орналасу (еңсесі), өсу ерекшеліктерімен танысу. 
3.
Өсімдік сабақтарының тығыздығын қарастыру. 
4.
Зерттелген обьектілердің суреттерін салу. 
Қайталау сұрақтары 
1.
Өсімдік тіршілігіндегі сабақтың атқаратын қызметі қандай? 
2.
Сабақ кеңістіктегі орналасуына қарай қандай топтарға бөлінеді? 
3.
Сабақтың консистенциясы деген не? 
4.
Сүректі өсімдіктерге жататын қандай өсімдіктер? 
5.
Шырмалғыш сабақтар қандай өсімдіктерге тән? 
4.5
Сабақтың анатомиялық құрылысы 


62 
Күрделі өсімдіктердің әрқилы систематикалық топтарына тиісті 
түрлердің барлығының да (дара және қос жарнақтыларда да, шөптесін 
және сүректілерде де, бір және көпжылдықтарда да) сабақтарының 
анатомиялық алғашқы құрылыстары ұқсас болғанымен олардың өзара 
ерекшеліктері де болады. 
Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысында сабақ сырт 
жағынан эпидермамен жабылады. Оның жапырақ эпидермасынан 
айырмасы жасушалары сабақтың ұзына бойына созыла орналасады. 
Эпидерманың іш жағында алғашқы қабық жатыр, оның ішкі шекарасы 
тамырдағы сияқты эндодерма қабаты. Эндодермада крахмалдың қоры 
болатындықтан оны крахмалды қынап деп те атайды. 
Алғашқы қабық құрамы бірыңғай емес. Оның эпидерманы 
астарлай жатқан паренхималық жасушаларында хлоропласт көп 
(хлоренхима). Қабықтың одан ішке қарай тереңдеп орналасқан 
жасушаларында хлоропластар болмайды.
Қабық паренхимасының субэпидерма қабаты жасушаларының 
қабықшасы қалыңдап, оның колленхимаға айналуы жиі кездеседі. 
Кейде алғашқы қабықта идиобластар да кездеседі. 
Эндодерманың астын бойлай орталық цилиндр орналасады, ол 
перицикл, өткізгіш шоқтар мен өзектерден тұрады. Перицикл 

алғашқы түзуші ұлпа, орталық цилиндрдің сыртқы қабаты. Көп 
жағдайда перицикл бір қабат, кейде бірнеше қабат болып келеді. Олар 
тұтас сақина түзіп орналасады немесе сүректеніп өткізгіш шоқтарының 
құрамына енеді. Көптеген торқалы өсімдіктердің сүректенбеген 
склеренхима талшықтары перициклден пайда болады. Орталық 
цилиндрдің өткізгіш шоқтарының алғашқы флоэма мен алғашқы 
ксилема элементтері прокамбийден түзіледі. Прокамбий бой 
конусындағы жапырақ бастамасының негізінде пайда болып
акропетальды (гр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет