Атырау облысы
Атырау қаласы
М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Зейнова Гүлжамал Жәңгірқызы
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту. Ө дыбысын сөз ішінен ажырата білу,жуан-жіңішкелігін айыра білуге үйрету.
Дамытушылығы: Ө дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,ұқыптыллыққа,сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: Сөздік,көрнекілік,танымдық,практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,буындар ,слайдтар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық .
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым!
Арайлап атқан әр күнге.
Сондай жақсы көңіл күймен басталды бұл сабақ
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қош келіпсіздер! Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз. Ормандағы ағаштарды аралап, таза ауамен дем алып, неше түрлі аң-құстармен кездесеміз. Алақай не деген керемет! (Орманның суретті, құстардын дауысы естіледі).
Балалар, орманда адасып кетпей бірлесіп жұмыс істейік, әр тапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық. (Сапарларын сәтті болсын!).
Орманда нелер өседі?
Ағаштар,өсімдіктер,гүлдер өседі.
Өте жақсы.
Тапсырмалар: жапырақта жазылған.
Дыбыс деген не?
Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.
Әріп деген не?
Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.Мысалы: ы, а, ә, і.Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды.
III. Жаңа сабақ
Хормен оқыту
Ө дыбысын бәріміз бірге дыбыстайық.
(Ө – дауысты дыбыс, әндетіп айтуға болады)
Жеке оқушыларға оқыту.
Жіңішке дауысты дыбыс сөздің басында сөздің ортасында жеке дара буын бола алады
«Өзен» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Өзеннің пайдасы, оны қорғау, таза ұстау туралы түсініктер беру, әңгіме бойынша сөйлем құрастыру.
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су[ Өзендерге жер асты сулары, мұздық, жанбыр, еріген кар суы қосылады. - Өзен таудан құлап, сарқырап ағады. Ол тастан - тасқа соғылып жер - көкті аралайды.
Дыбыстық талдау жасайды өнер,көке
Ө дыбысы неге ұқсайды?
Жақсы. Ал орманды әрі қарай аралайық (Орманда әліппе оқып отырған аңдар суретті). Ормандағы аңдардың балаларыда “Мектептеріне” жиналып “Орман әліппесін” оқымақшы екен. Ал, қане біз де әіппемізді ашайық
“Өркеш” өлеңін оқыту
бө рік
кө рік
кө мір
өр нек
өр мек
өр кеш
көр ме
көр пе
көр ші
Кітаппен жұмыс
ө ріс
ө рік
ө мір
ө зен
ө лең
Өркеш
-Арқаңдағы шошайған не? –деді бұзау.
-Өркеш қой,-деді бота.
-Өркеш саған не керек ?-деді бұзау.
-Балалар мінсе,құлап қалмасын,-деді
Сөздік жұмыс
Өркеш— түйенің арқасына бір не екі айыр болып жиналатын жота майы.
Дәптермен жұмыс
*Ө әрпін ауада жазу
*Ө әрпін тақтада жазу
* Ө әрпінің салыну жолдарын басып жазу арқылы дәптерге жазу.
Ө әрпін жазып көрсету
Жазу жолының ортаңғы жағына қолымызды солға қарай иіп жазу жолының төменгі сызығына түсіп қолымызды жоғары қарай көтере отырып оңға қарай түзу сызық сызамыз.( ауада жазамыз 1, 2, 3)
Сергіту сәті
Өмірде өткен өрікті,
Өмірсерік көріп тұр
Сөйлемде бұл қай әріп
Бірнеше рет келіп тұр.
Поэзия минуты
Тіл ұстарту
IV. Бекіту
Жұмбақ шешейік
Өзен бойын жағалап,
Өскен бақта аралап,
Өркенге өрік жинастық,
Өзіміз жеп шамалап.
Мақалды жаттап алайық.
« Өнер білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы»
Жаңылтпаш жаттайық
Шөмеленбеген шөпті
Мен шөмелемей,
Кім шөмелейді?
Өтірік өлең айту
Топтық жұмыс
І топ
Көбелек
ІІ топ
Өрік
ІІІ топ
Бөрік
1 топ жәндіктер гүлге ұқсайды, көктемде жазда гүлге қонады, көбелек үстіңе қонса сәттілік әкеледі, қолымен ұстауға болмайды, аяқтары әлсіз.
2 топ жеміс дақылы, ағаштары өте биік, 8 – 15 м аралығында жапырақтары жалпақ, жоғары жағы үшкірлеу, жарық, жылу сүйгіш дақыл, құрғақшылыққа төзімді.
3 топ бағалы аң терісінен жасалады, жаздық, қыстық түрлері бар, қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны ерлер де, қыздар да киеді
V. Сабақтың қортынды кезеңі:
Сұрақ – жауап ойыны.
Сиыр қалай мөңірейді?
Түйе қалай боздайды?
Шөре – шөре- шөрелеп.
Қай төлді мен шақырдым?
Бүгінгі сабақта қайда бардық?
Ұнады ма?
Нелермен кездестік?
Бүгінгі сабаққа ризамыз ба?
Мадақтау
Достарыңызбен бөлісу: |