Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

folium
, гр. 
phyllon


жоғары сатыдағы 
өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею 
қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама 
бұтақтарының қысқаруынан пайда болады. Жапырақтың мөлшері 
әртүрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3-10 см-дей, банан 
жапырағының ұзындығы 1-5 м, ені 40-50 см, цейлон пальмасы 
жапырағының ұзындығы 10-20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың 
сыртқы құрылысы 

жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан 
тұрады. Жапырақтың кеңейген жері 

тақтасы, ал сабаққа бекінетін 
жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. 
Жапырақ сағағы су мен минералды заттарды оның тақтасына және 
ондағы пластикалық заттарды кері осьтік мүшелерге тасымалдауды 


65 
қамтамасыз етеді. Бұған қосымша ол жапырақ тақтасын күн сәулесінің 
бағытына ыңғайлауға және оның салмағын көтеруге маманданған. 
Сағақ жапырақтың басқа бөліктерінен кеш қалыптасады. 
Жапырақтың бөліктері 

жапырақ тақтасы (алақаны), сағақ, 
бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады. Бұл 
аталған бөліктер барлық өсімдіктердің жапырағында бірдей кездесе 
бермейді. Жапырақтың тақтасының пішіні атына сәйкес тұқымды 
өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді және 
жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын 
қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі 
болады.
Сағақ 

жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. 
Жапырақ негізі дегеніміз 

жапырақ тақтасының сабаққа бекінетін 
төменгі бөлімі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай 
орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш 
шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан 
жапырақ тақтасына өтіп, онда фотосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда 
болған органикалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды. Сағағы жоқ 
жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырақ деп аталады. 
Жапырақ қынабы 

жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді 
қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен 
байланыстырып қана қоймай, таяныш қызметін де атқарады. Сондай-
ақ төбе бүршігін ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. 
Егер қынаптың реңі жасыл түсті болса, онда ол фотосинтезге 
қатынасады деген сөз. Реңі мөлдір, үлпек немесе қоңыр тері тәрізді 
(қияқөлеңдерде) қынаптар да бар. Қынапты жапырақ негізінен астық 
тұқымдастарға тән. Жапырақ негізінің пішіні әр түрлі. Кейде ол 
айтарлықтай байқалмайды немесе шамалы ұлғайып, қалыңдап кетеді. 
Мұны жапырақ тақташасы деп атайды. Мысалы, саумалдықта осындай. 
Кейбір өсімдіктерде (шатыршагүлділерде) жапырағының негізі немесе 
сағағы ұзына бойы не көлденең өсіп ұлғаяды да қобыланып бітеді, 
мұндай жапырақты қобылы жапырақ деп атайды (15-сурет). 


66 
15-сурет. Жапырақ бөлімдері (сызба-нұсқасы): 
І 

сағақты; ІІ 

қондырмалы; ІІІ 

жастықшалы; ІV а 

қынапты; 
ІV б 

қобылы; V 

бос бөбешік жапырақты; VI 

кіріккен бөбешік 
жапырақты; VII ̶ қолтық бөбешік жапырақты; 1 

жапырақ тақтасы;
2

жапырақ негізі; 3 

қынап; 4 

қобы; 5 

бөбешік жапырақтар;


сағақ; 7 

қолтық бүршік; 8 

қыстырма 
Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінен ерекше өскіншелер өсіп 
шығады, олар бөбешік жапырақтар деп аталады. Олар кішкентай 
жапырақшалар, тікенектер пішіндес, үлпек қабыршақ тәрізді болады. 
Бөбешік жапырақтардың көлемі әдетте кішілеу (жоңышқа, беде) болып 
келеді. Ал кейбір өсімдіктерде, мысалы, асбұршақта ол кәдімгі 
жапырақтардан ірі. Чинаның кейбір түрлерінің (жапырақсыз чина) 
жапырақ тақталары мүлде өзгеріске ұшыраған. 
Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса 
жай жапырақ деп аталады. Олардың пішіндері әр түрлі болады. 
Мысалы, қарағайдың, шыршаның жапырақтары. Бір сағаққа бірнеше 
жапырақ орналасса күрделі жапырақ деп аталады. Күрделі жапырақтың 
ортақ осі рахис (гр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет