Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

V. Көбею және даму 
5.1
Өсімдіктердің көбею жолдары 
Көбею 

тірі ағзаның жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ 
қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз ету 


78 
қасиеті. Көбею барысында өсімдіктердің кейбір түрлерінде особь 
сандары артып, өз ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды. 
Бұл прогрессивті түрлерге тән. Ал кейбіреулерінде особь саны тұрақты, 
олардың таралу кеңістігі, ареалы көлемін ұлғайтпайды не кемітпейді. 
Өсімдіктердің келесі бір түрлерінде особь сандары, соған сәйкес 
олардың таралу кеңістігі үнемі кеміп отырады. Бұл регрессивті 
түрлерге тән. Бұлар табиғи түрінде жойылып кетеді. 
Көбеюдің үш кейпін ажыратады. Олар: жынысты көбею, 
жыныссыз көбею және вегетативтік көбею. Жынысты көбею кезінде 
жаңа организм әр түрлі жыныс жасушаларының қосылуынан пайда 
болады. Жыныссыз көбеюде жаңа организм жыныс тұрғысынан 
жіктеле қоймаған бір жасушаның өзінен жетіледі. Вегетативтік 
көбеюде жаңа организмге бастаманы вегетативтік мүшелер, олардың 
бөліктері және түрөзгерістері (метаморфоз) береді. 
Вегетативтік денеден тіршілікке қабілетті бөліктер бөліну арқылы 
түрдің жеке санының артуын вегетативтік көбею деп айтамыз. Жоғары 
сатыдағы сабақты-жапырақты өсімдіктер тамыр атпалары, тамыр 
сабақтары, мұртшалар, желілері (көген сабақтары), түйнектері, 
столондары, жуашықтары, өнімтал бүршіктері арқылы табиғи 
вегетативтік жолмен көбейеді. 
Көптеген сүректі өсімдіктер және біраз шөптесін өсімдіктердің 
кейбіреуі 
тамыр 
атпалары 
(тамырдың 
эндогенді 
қосалқы 
бүршіктерінен өскен жас өркендер) арқылы көбейеді. Эндогенді 
бүршіктер жанама тамырлар сияқты жетіледі. Қосалқы бүршіктерден 
өсіп шыққан жас өркендер көбейіп, тез тарайды. Мәдени түрінде 
мұндай өсімдіктер тамыр атпалары арқылы көбейтіледі. Тамыр 
атпалары арқылы көптеген сүйекті жемістер 

қара өрік, шие, алма, сол 
сияқты терек, тал, көктерек, қандыағаш, жөке, ақ қараған, серігүл, сиыр 
бүлдірген көбейеді. Шөптесін өсімдіктерден 

сүттіген, шырмауық, 
бақбақ, желкек, қалуен т.б. осы жолмен көбейеді. 
Тамыр сабақтары арқылы көбею негізінен көп жылдық шөптесін 
өсімдіктерге тән. Тамырсабақты өсімдіктерге жыланқияқ, папоротник, 
селеу, қамыс, қоңырбас, қияқ, жатаған бидайық, адыраспан т.б. 
өсімдіктер жатады. Бұлардың жер астындағы өркендерінің буыны және 
буынаралықтары бар. Буындағы бүршіктерден жас өркендер өсіп, 
вегетативтік көбеюді қамтамасыз етеді. Қысқарған тамырсабақтарда 
бүршіктер жиі орналасады, олардың жер бетіндегі өркендері де жиі 
шоқтанып жатады. Ұзарған тамырсабақтарда бүршіктер сирек 
орналасады, сондықтан олардың жер бетіндегі өркендері де сирек. 
Ұзарған тамырсабақты өсімдіктер жан-жаққа тарамданып, тез арада 
жайылып өседі. Көптеген жатаған өсімдіктер мұртшалары арқылы, ал 
төселмелі сабақты өсімдіктер желілері арқылы көбейеді. Жатаған 


79 
өсімдіктерге ақбас беде, қойбүлдірген, қазтабан, жатаған сарғалдақ, тас 
бүлдірген т.б. жатады. 
Жатаған өркеннің топырақпен жанасқан буынынан қосалқы тамыр 
жетіліп, осы жердегі жапырақтың қолтық бүршігінен жас өркен 
шығып, көбеюін жалғастырады. Жатаған өркендердің буынаралықтары 
өліп, жас өсімдік пен аналық өсімдіктің байланысы үзіледі. Жас өсімдік 
те, аналық өсімдік те өз алдына жоғарыдағыдай көбею жолын 
қайталайды, яғни әрқайсысынан жаңа мұртшалар 

жатаған өркендер 
жетіледі. 
Төсемелі не желі сабақты өсімдіктерде оның ылғалды топырақпен 
жанасқан 
жерінде 
жатаған 
өсімдіктердегі 
сияқты 
қосалқы 
бүршіктерінен жас өркендер пайда болады. Желі сабағы арқылы көбею 
асқабақ тұқымдастарының өкілдеріне тән. Мысалы, қолдан отырғызған 
асқабақ, қауын, қарбыз, қияр желілеріне өсімдік вегетациясының 
соңында ылғалды топырақ төгіп, сонымен жанастыру арқылы 
көбейтуге болады. 
Вегетативтік көбею қызметін атқаратын түйнектер 

тамыр мен 
өркеннің түрөзгерістері. Түйнектердің өзі жер бетіндегі түйнектер және 
жер астындағы түйнектер болып бөлінеді. Бұлардың бет жағындағы 
орналасқан бүршіктерден (көзше) жас өркендер өсіп шығады. 
Түйнектері арқылы жер алмұрты, цикламен, альпі қоғажайы, 
нарғызгүл, кольраби орамжапырағы және т.б. өсімдіктер көбейеді. 
Өнімтал бүршіктер – кейбір папоротниктерде, мүк тәрізділер мен гүлді 
өсімдіктерде вегетативтік көбею қызметін атқаратын арнайы мүше. 
Өсімдіктерде олардың мөлшері тым көп болғандықтан тұқым сияқты 
шашылып, қолайлы ортаға түссе тез өсе бастайды. Мысалы, жасан 
шөптер тұқымдасына жататын бөлме өсімдігі бриофиллумның 
жапырақ жиегіндегі тісшелерінің арасында (ойыс жерінде) қосалқы 
бөлшектер бар. Бұл бүршіктерден 2-3 жапырағы, 1-2 қосалқы 
тамыршасы бар кішкентай өсімдіктер пайда болды да, жапырақтан 
түскен жерінен қаулап өсе бастайды. Осы сияқты өнімтал бүршіктер 
кейбір шықшылдықтар жапырағына, папоротниктер жапырақ жиегіне, 
жүйкелеріне тән. Кейбір өсімдіктерде өрімтал бүршіктер түрі өзгеріп 
жуашық (тісшөпте) немесе түйнекше (мықыр таспада) түрінде 
кездеседі. 
Табиғи вегетативтік көбеюді адам өз мақсатына пайдаланып, 
вегетативтік көбейту жолымен мәдени өсімдіктерді өсіреді. Соның бірі 

қолдан вегетативтік көбейту. Қолдан вегетативтік көбейту ерте 
заманнан қолданылып келе жатқан әдіс. Қолдан вегетативтік 
көбейтудің бірнеше жолы бар. Соның бірі 

телу әдісі.
Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршікті бөлігін екінші өсімдіктің 
денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплантация деп те атайды. Өз 


80 
тамырында өсіп тұрған өсімдікті телітуші (подвой) деп, ал оған әкеліп 
ұластырылатын бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды. Телу үшін 
өсімдіктер таңдап алынады. Телу кезінде телінушінің өткен жылдары 
жаппай гүлдеп, мол жеміс берген, ауруға шалдықпаған сау бұтақтары 
алынады. Телітушінің тамыр жүйесі жақсы жетілген, телінушіден 
шыққан өркендерді қоректік затпен қамтамасыз ете алатындай қуатты 
болуы, сондай-ақ ауруға шыдамды, ортаның қолайсыз әсеріне төтеп 
берерліктей болуы қажет. Осындай шарттар орындалғанда ғана 
телуден жақсы нәтижеге жетуге болады. Мысалы, жеміс-жидекті 
өсімдіктерден жүзімді алайық. Оның аса қауіпті ауруы 

филлоксера. 
Жүзімнің өнімін төмендетіп жіберетін осы дерт. Ғалымдар мәдени 
жүзімнің сорттарын жабайы жүзімге телу арқылы бұл аурудан 
құтқарды. Өйткені жабайы жүзім тамыры филлоксера ауруына төтеп 
бере алады. Сол сияқты раушангүлді итмұрынға теліп телітушінің хош 
иісті, әсем гүлдерін алуға болады. Осы қасиеттеріне бола негізінде 
ғалымдар лимон, мандарин, алхоры, алманың мәдени сорттарын өзді-
өзінің жабайы түріне теліп олардың жаңа сорттарын алды. 
Компоненттер бір-біріне тез ұласуы үшін телінуші мен телітушінің 
түзуші ұлпасы 

камбий, тағы басқа аттас ұлпалары бір-бірімен сәйкес 
келуі қажет. Компоненттердің арасындағы енген жасушалардан пайда 
болған қабат біртіндеп айналасындағы тірі жасушаларға сіңіп кетуі, 
телінетін екі өсімдік жүйелілік тегі жағынан бір-біріне жақын болуы 
керек. Алшақ болса оңайлықпен теліне қоймайды және күткен 
нәтижені бермейді. Мысалы, екі тұқымдасқа жататын өсімдіктерге 
қарағанда бір туыстың екі түрі өзара тез ұласады. 
Қазіргі кезде телудің жүзден астам тәсілі белгілі. Олардың көп 
қолданылып жүргендері 

жанастыра телу, кесінділеп (қалемшелері 
арқылы) телу және көзшелеп телу. Жанастыра телу үшін қатар өсіп 
тұрған екі өсімдіктің бірін телітуші, екіншісін телінуші етіп алады. 
Екеуінің де жанасар жақтағы беттерінің қабығын шамалы сылып 
тастап, екеуін өзара жанастырады да сыртынан жұмсақ жіппен орап 
байлайды. Сүректі өсімдіктерді теліген кезде байлауға жөке ағашының 
суға салып жұмсартылған тін талшығы пайдаланылады. Осы қалыпта 
қалдырылған компоненттер шөптесін өсімдікте 10 күнде, сүректі 
өсімдікте бір-екі вегетациялық кезеңде ұласады. Телінушінің 
ұласқандығы бүршіктердің өркендей бастауынан байқалады. 
Жанастыра телу кезінде есте болатын жағдайлар: біріншіден
компоненттердің сылынған жерінің көлемі бірдей болуы, екіншіден, 
телінуші ретінде алынған өсімдік өркенінің кесетін жерден жоғарғы 
бөлімінде бүршіктерінің болуы. Телінгеннен бір немесе екі 
вегетациялық кезең өткен соң компоненттер ұласады, осы кезде 
телітушіні жоғарғы жағынан, телінушіні төменгі жағынан кеседі. 


81 
Кесінділеп телудің: жарықшақтап телу, беттестіре телу және т.б. 
түрлері бар. 
Копулировка әдісінде телушіге алынған қалемшенің 2-3 бүршігі 
болуы қажет, телінушінің қалемшесі мен телітушінің сабағынан қиғаш 
кесінді жасалады және де компоненттердің камбий қабаттары сәйкес 
келетіндей диаметрлері бірдей болады. Копулировка жасалған жерге 
балшық немесе ағаш көмірінің ұнтағын сеуіп қояды. Бұл телінген жерге 
ауру тудыратын микроорганизмдердің ұяламауы үшін қажет. Ал 
ағаштар мен бұталарды теліген кезде компоненттердің диаметрі сәйкес 
келе бермейді. Мұндай жағдайда кесінділеп телудің басқа тәсілдері 
қолданылады (20-сурет). 
20-сурет. Телу түрлері.
А – окулировка; Б – қарапайым копулировка; В 

беттестіре телу;
Г 

жарықшақтап телу
Көзшелеп телуде (окулировка) телінушіге көзше, яғни бүршік, 
телітушіге өсіп тұрған өсімдік алынады. Бүршікті алу үшін өркеннің 
бүршік тұрған жерінің жоғарғы және төменгі жағынан көлденең кесінді 
жүргіземіз, жоғарыдан төмен қарай аздап қабығын ілестіре көзшені 
сылып аламыз. Телітушіден Т әрпіне ұқсас бір-біріне перпендикуляр 
кесінді жасаймыз. Кесілген жердегі қабықты пышақтың ұшымен 
көтеріңкіреп, бүршікті ендіреміз. Бүршіктің қалқаншасын бастыра 
байлап қоямыз. Телінген жерге қайың көмірінің ұнтағын себеміз. Бұл 
жарақаттанған жерді микроорганизмдердің зиянды әсерінен сақтайды. 
Көзшелеп телудің басқа тәсілдерден тиімділігі компоненттер мықты 
болып тез ұласады, телуге материал аз кетеді, арзанға түседі. 


82 
Қолдан вегетативтік көбейтудің телуден басқа метаморфозданған 
мүшелерден, кесінділерден, сұлатпа шыбықтан, түбін ажыратып 
көбейту және тамыр атпаларынан көбейту сияқты жолдары бар. 
Метаморфозданған 
мүшелерден 
вегетативтік 
көбейтуге 
түйнектерді, пиязшықтарды пайдаланады. Мәселен картоп сабағының 
метаморфозы түйнегінен өсіріледі. Оның көзшелері 

бүршіктер. Сол 
бүршіктердің әрқайсысы жер бетіне жеке өсімдік болып шығады. 
Сондықтан картоп түйнегі үлкен болған жағдайда әр бөлігінде 1-2 
көзшеден қалдырып бірнешеге бөліп отырғызады. Сол сияқты 
күрделігүлділер тұқымдасына жататын жер алмұртын сабағының 
метаморфоздануынан пайда болған жер асты түйнегі арқылы 
көбейтеді. Жер алмұртының түйнегі тағамға, малға жем ретінде, ал 
техникада спирт жасау үшін пайдаланылады. 
Кейбір өсімдіктерді тамырының метаморфоздануынан пайда 
болған тамыр түйнектерінен көбейтеді. Мәселен, гүлді өсімдік 
нарғызгүлдің жанама тамырлары түйнекке айналған. Әсемдік үшін 
отырғызылатын жуашықты өсімдіктердің (лалагүл, қызғалдақ
нарцисс, сүмбіл, амариллис т.б.) пиязшықтары вегетациясының 
соңында баданалар береді. Бұл баданаларды 3-5 айдан соң қайта 
отырғызса 4-5 жылдан соң қайтадан жетіліп жас өсімдік өседі. 
Кейбір пиязшықты өсімдіктерді түрі өзгерген жапырақтары 

қабыршақтары арқылы көбейтуге болады. Мысалы, лалагүлді 
қабыршағы арқылы көбейтерде баданасының сыртқы қабыршақтарын 
сыдырып алып, оның түп жағын құмға көміп қояды. Бір жылдан соң 
қабыршақты құмнан шығарып алады да қайта өсіре бастайды. Сонда 
бұл қабыршақтар 3-4 жылдан соң гүлдейді. 
Кесінділеп көбейту үшін өсімдік кесінділері пайдаланылады. 
Кесінді дегеніміз 

бойында бүршіктері бар өсімдіктердің вегетативтік 
мүшелерінің бір бөлігі. Мұны қалемше деп, көбейтудің бұл жолын 
қалемшелеп көбейту деп атайды. Өсімдіктердің түріне қарай олардың 
біреуін сабағының, екіншісін жапырағының, ал қайсыбірін тамырының 
кесіндісінен көбейтуге болады. Сабақ қалемшелері жасыл (жаздық) 
және қыстық деп бөлінеді. Жасыл қалемшелер арқылы негізінен бөлме 
өсімдіктерін көбейтеді. Ол үшін аналық өсімдіктен қиғаш етіп кесілген 
3-5 жапырағы бар (бүршікті) қалемшелер дайындалып, оны ылғалды 
құмға отырғызып қояды. Қалемшелер түптенген (қосалқы тамырлар 
шығарып) кезде бүршік өсе бастайды. 
Сүректі өсімдіктердің басым көпшілігі қыстық қалемшелер 
арқылы көбейтіледі. Қыстық қалемшелердің бір-екі немесе үш-төрт 
жылдық өркендерін (ұзындығы 20-25 см) дайындайды. Бұларды күзде 
ылғалды құмға отырғызады да, көктемде питомникке көшіреді, онда 
күш алып, ұлғайып өскеннен кейін тұрақты орынға отырғызады. 


83 
Сабақ кесіндісінен жүзім, түшала, тобылғы, жыңғыл, ақгүл, ырғай, 
терек, тал т.б. өсіріледі. Тамыр қалемшені жуандығы 0,5-2 см, 
ұзындығы 16-20 см күзде дайындап, сабақ қалемшелері сияқты өсіреді. 
Жапырақ қалемшелері арқылы бегония, глоксиния, лалагүл, қазтамақ 
сияқты өсімдіктер тобының түрлері ғана көбейе алады. Бегония 
жапырағынан дайындалған қалемшелерде қосалқы тамырлар жапырақ 
тақтасының астыңғы бетінің ірі жүйкелерінде, ал бүршіктер мен 
өркендер жапырақтың үстіңгі бетінде жетіледі. 
Сұлатпа шыбықтан көбейту дегеніміз өсімдіктің вегетативтік 
жолмен 
көбейтуге 
арналған 
өркендерін 
өсімдіктің 
өзінде 
тамырландырып алу. Сұлатпа шыбығы арқылы өсімдіктерді үш түрлі 
жолмен көбейтеді. Олар: жатқыза сұлату, иілдіре сұлату, тік сұлату. 
Түбін ажыратып көбейту 

түптеніп өсетін өсімдіктердің 
тамырлары бар сабақтарын бір-бірінен ажыратып өсіру. Түбін 
ажыратып көбейтудің селекция жұмысында мәні зор. Жеке-жеке 
тамырлы сабақтарды көбейту арқылы бағалы сорттардың тұқымын 
алуға болады. 
Тамыр атпаларынан көбейту 

тамырдағы қосалқы бүршіктерден 
жер бетіне өсіп шыққан өркендерді аналық өсімдіктерден бөліп алып 
өсіру. Бұл түбін ажыратып көбейтуге ұқсас. Одан айырмашылығы 

өз 
тамырында өсіп тұрған аналық өсімдікті орнынан қозғамай тамыр 
атпаларынан өсіп шыққан жас өркенді бөліп алып өсіреді. Таңқурай, 
алхоры, шие, қара бүлдірген, мойыл, терек т.б. өсімдіктерді осы 
жолмен көбейтуге болады. 
Жыныссыз көбею споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге 
асады. Споралар (гр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет