Морфологиясы


Тең споралы папоротниктердің даму циклі



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

Тең споралы папоротниктердің даму циклі.
Ұрпақ ауысу 
папоротник тәрізділерде, әсіресе аталық папоротникте жақсы 
байқалады. Аталық папоротник қоңыржай белдеудің орман аймағында 
өсетін көпжылдық шөптесін өсімдік. Бұлардың жер астында қуатты 
тамырсабақтары, жер бетінде ірі қос қауырсын тілімді жапырақтары 


87 
(вайя) жетілген. Аталық папоротниктің тамырсабағынан ұлу тәрізді 
ширатылған өркендер өсе келе одан вегетативтік, жыныссыз, жынысты 
жолдармен көбейеді.
Ересек аталық папоротник 

ядро фазалары тұрғысынан 
диплобионт (гр. 
diplo 

 екі есе, екі еселенген, biont 

 тірі ағза
), денесін 
құрап тұрған жасушалардың хромосома саны диплоидты. Өсімдіктің 
жапырақтары толық қалыптасқаннан кейін оның астыңғы бетінде 
орталық жүйкені қуалай қарама-қарсы орналасқан сарғыш қоңыр 
дөңгелек дақтар көрінеді. Олар 

спорангий топтары. Ал споралы 
жапырақтар спорофилл деп аталады.
Сорустар сырт жағынан үлпек қабат 

индуизммен жабылған. 
Спорангийлер 
спорофилдің 
төменгі 
бетінде 
меристемалық 
төмпешіктер ретінде пайда болады. Оның сыртқы жасушалары 
спорангий қабықшасын түзеді де ішкі жасушалары бөлініп 
археспориальды (гр.
 arche 

 бастапқы 

 бастама беруші, sporá 

 ұрық

ұлпаны жасайды. Бұл ұлпаның біраз жасушалары төселмелі қабатты
яғни тапетумды (гр.
tapetum 

кілем, жабын
), біразы митоз жолымен 
бірнеше рет бөліне келіп спорогенді ұлпа түзеді. Спорогенді ұлпа 

споралардың аналық жасушасы. Олар мейоз жолымен бөлінеді, сөйтіп 
гаплоидты мейоспоралар тетрадасы түзіледі. Споралар пісіп жетілген 
соң спорангий жарылып, споралар ауа толқыны арқылы шашылады. 
Сонымен папоротниктің мейоспоралары көбею, таралу қызметтерін 
атқарады. Спорангий және мейоспоралар пайда болатын өсімдік 

спорофит (гр. 
sporá 

 ұрық, phytón 

 өсімдік


споралы өсімдік немесе 
жыныссыз ұрпақ деп аталады. Ұрпақ тұрғысынан ересек аталық 
папоротник спорофит 

жыныссыз ұрпақ.
Қолайлы ортада споралардан өскінше қалыптасады. Өскінше 

гаплобионт, өйткені оның жасушаларының барлығы гаплоидты. Сырт 
көрінісі жағынан өскіншенің диплобионт өсімдіктен (спорофиттен) 
үлкен айырмасы бар. Өскінше пішіні жүрек тәрізді, көлемі шағын, 
көлденең 1 см-ге дейін (жасыл түсті), барлық жасушалары хлорофилді, 
көп жасушалы пластинка. Денесі сабақ, жапырақ және тамырға 
жіктелмеген пластинкалы балдырларға ұқсас. Өскінше денесінің 
төменгі сүйірлеу жағынан өсіп шыққан ризоидтары арқылы ортасына 
бекініп, су және минералдық заттарды қабылдайды. Хлорофилді 
жасушаларында органикалық заттар түзіліп, өз бетімен қоректенеді. 
Біртіндеп өскіншенің топыраққа қараған астыңғы бетінде алдымен 
аталық жыныс мүшесі антеридий, одан кейін аналық жыныс мүшесі 
архегоний пайда болады. Папоротниктің антеридийлері іші 
спермогенді жасушаларға толы қабықшамен қапталған. Онда пішіні 
бұранда тәрізді көп талшықты сперматозоидтар жетіледі (21-сурет). 


88 
21-сурет. Аталық папоротниктің көбею мүшелері: 1 

спорофиттің 
жалпы көрінісі; 2 – спорангийлер сорусы; 3 

қабығы жарылған 
спорангий; 4 – спораның өсуі; 5 

өскінше; 6 

антеридий;
7 – архегоний (а – жас, б 

жетілген), 8 – өсіп жетіліп келе жатқан 
спорофит; ЖК – жұмыртқа жасушасы; Қкк 

құрсақ каналша 
жасушасы; МК – мойын каналша жасушалары 
Архегонийдің пішіні құмыра (колба) тәрізді. Оның төменгі 
кеңейген бөлігі құрсақ, жоғарғы тарылған жағы мойын деп аталады. 
Құрсақта қозғалмайтын аналық гамета жұмыртқа, оның үстінде құрсақ 
канал жасушалары орналасқан. Мойынның ішінде мойын канал 
жасушалары орналасқан. Жұмыртқалар пісіп жетілуіне дейін барлық 
канал жасушалары шырыштанады және төбесінде архегоний ашылады. 
Сперматозоидтар талшықтары арқылы активті қозғалысқа келіп, 
құрсақтағы жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады, сөйтіп зигота пайда 
болады. Диплоидты зигота архегонийде митоз жолымен бөлініп жаңа 
спорофиттің бастамасын береді. Ол алғашқы кезде өскіншенің есебінен 
қоректенеді. Көп кешікпей алғашқы жапырақтар мен қосалқы 
тамырлар шығарып, спорофит өз бетінше қоректенуге көшеді. Сөйтіп, 
өскінше тіршілігін аяқтайды. Осылайша папоротникте шекарасы 
мейоспоралардың пайда болуы (диплофазадан гаплофазаға өту) және 
жыныс процесі (гаплофазадан диплофазаға өту) болып табылатын ядро 
фазаларының алмасуы ғана емес, бір-бірінен тіршілік ерекшеліктері, 


89 
құрылысы және атқаратын қызметі жөнінен айырмашылығы бар екі 
ұрпақ заңды түрде алмасады. Жыныссыз ұрпақ 

спорофит 
(диплоидты) ересек папоротник және жынысты ұрпақ 

гаметофит 
(гаплоидты) өскінше бірін-бірі ауыстырып отырады. 
Аталық папоротниктің дамуында спорофит басым, өйткені ол 
қуатты жетілген вегетативтік мүшелері бар, құрлықта өмір сүруге 
бейімделген ұрпақ. Гаметофит 

қысқа өмір сүреді, денесі нашар 
жіктелген, талломнан тұрады, көлемі өте ұсақ, алмасуы гетероморфты 
(гр. 
heteros 

 әр түрлі, әр алуан, morphe 

 форма, түр
).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет