Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит. №2-сабақ.
Бөлім:
8.4А Көбею
Педагогтің аты-жөні:
Кулумбетова С
Күні:
06.04.2021ж
Сыныбы:8 А
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі. Гаметофит. Спорофит.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар гаметофит және спорофиттерді ажыратып сипаттай алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1. Гаплоидты және диплоидты, митоз және мейоз, гаметалар және зигота
дегеніміз не? Олардың арасында қандай байланыс бар?
2. 6-параграфтағы материалдарды еске түсіріп, мүктер мен қырықжапырақтардың ерекшеліктерін
айтыңдар.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады