Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

dolychos 

ұзын; 
mesos 

орташа; brachys 

қысқа, morphe — түр, форма
). Түтіктің 
ұзаруы ерекше тозаңданатын өсімдіктерде анық байқалады. 
Гүлдің симметриясы әдетте күлтенің құрылысына байланысты. 
Актиноморфты күлтелер, әсіресе қарапайым ұйымдасқан, ол 
сарғалдақтар, қалампырлар, лалагүлділер сияқты тұқымдастарға тән. 
Кейбір аса дамыған тұқымдастарда, шатыргүлділер, ойраншөптер, 
қоңыраугүлділер мен кейбір күрделігүлділерде де (түтік гүлдер) 
осындай күлтелер кездеседі. Насекомдармен тозаңданатын көптеген 
тұқымдастар зигоморфты болып келеді. Бұл жағдай гүлдің 
эволюциясында анық байқалады. Кірікпеген зигоморфты күлтелер 
бұршақтар тұқымдасында кеңінен тараған, бұлардың құрылысы 
өзгеше. Оның жоғарғы үлкен күлте жапырақшасы желкен, екі бүйір 
жапырақшалары ескек және төменгі екі жапырақшасының кірігіп өскен 
бөлігі қайықша деп аталады. Кірікпеген зигоморфты гүл құрамына 
тегеурін тән. Тегеурін күлтеден не жай серігінің жапырақшаларынан 
пайда болады. 
Өсімдік өркендеріне немесе бұтақтарына топтанып орналасқан 
ұсақ гүлдер жиынтығын гүлшоғыр деп атайды. Гүлшоғыр оның 
морфологиялық құрылысы, құрамына енетін гүлдердің көлемі мен 
саны жағынан алуан түрлі болады. Гүл жапырақшаларының болуы 


97 
немесе болмауына қарай гүлшоғырлар фрондозды, брактеозды және 
жалаңаш (ашық) болып бөлінеді.
1.
Егер гүл жапырақшалары гүлшоғырларында жетілген жасыл 
болса, фрондозды (лат. 
frondis 

жасыл жапырақ
) немесе 
жапырақталған (үштісті шегіргүл, таңқурай) деп аталады. 
2.
Гүлшоғырында тек гүл қабыршақтары ғана дамыған (жоғары 
фармациялы жапырақтар) болса брактеозды (
лат. bracteus 

 жұқа
) деп 
аталады. 
3.
Егер гүлшоғырында гүл жапырақшалары жетілмесе, оны жалаңаш 
немесе эбрактеозды деп атайды. 
Басты осьтің өсуіне қарай гүлшоғыры моноподийлі және 
симподийлі болып бөлінеді. Моноподийлі өсуде әрбір ось төбелік 
меристемадан қалыптасады. Мұндай осьтің гүлшоғыры рацемозды 
(лат. 
racēmus 

 білек, шоқ
) анықталмаған гүлшоғыры деп аталады. Егер 
де негізгі осьтің өсуі симподийлік болса, онда ол көп ретті өркендердің 
жиынтығы болады және цимозды (гр. 
cyma

қима толқын
) деп 
аталады. 
Бұтақтану дәрежесіне қарай гүлшоғырларды жай және күрделі деп 
бөледі. Жай гүлшоғырларда гүлдер негізгі оське орналасады да, 
бұтақтануы екіден аспайды. Күрделі гүшоғырларда негізгі оське жеке 
гүлшоғырлар (оларды парциальды немесе элементар деп атайды) 
орналасады да, бұтақтануы үш, төрт, кейде одан артық қатарға жетеді. 
Жай гүлшоғырының мынадай түрлері бар: 
1.
Шашақ гүл 

гүлшоғырының осінде орналасатын жеке гүлдердің 
сағақтары ұзынды-қысқалы болады. 
2.
Масақ гүл 

ұзынша осьтің бойында біркелкі орналасқан жеке 
гүлдердің гүл сағақтары болмайды, болған жағдайда өте қысқа болады. 
3.
Собық гүл 

негізгі осі жуан, етжеңді масақ гүлге ұқсас собық 
болады. 
4.
Қалқанша 

негізгі осьтегі ұзындығы әр түрлі сағақтарында 
гүлдері бір деңгейде орналасады. 
5.
Шатыр гүл 

басты осі қысқарады да, гүлдері шоғырлана ұшынан 
өседі, сағақтары бірдей болады. 
6.
Шоқпарбас гүл 

басты осі қысқарған, кейде етжеңді көптеген 
жеке гүлдері осьтің бетінде тығыз орналасады. 
7.
Себет гүл 

осі етжеңді, беті жазық, ортасы ойыс, енді бірде дөңес 
болуы мүмкін. 
Күрделі гүлшоғырының да бірнеше түрі бар, олар:
1.
Қосарлы шашақ гүл 

қысқарған басты осьте шашақ гүлдер 
орналасады. 
2.
Күрделі шатыр 

ұзарған басты осьте жай масақ гүлдер 
орналасады. 


98 
3.
Сыпыртқы гүлшоғыры 

оның төменгі гүлшоғырлары 
жоғарғыларынан жақсы дамып, пәрменді тармақталған. Олардың 
пішіндері пирамида, қалқанша және кубок тәрізді.
Цимозды гүлшоғырларына цимоидтар және тирс жатады, 
бұлардың өсуі симподийлі. Симподийлі өсу процесінде негізгі аналық 
басты осьті бір, екі немесе көп жанама осьтер алмастырады. Цимозды 
гүлшоғырлары: монохазий, дихазий, плейохазий болып бөлінеді. 
Монохазий 

жалғыз сәулелі, анықталған гүлшоғыры. Мұнда 
алғашқы гүл осьтің ұшында орналасады да, төменгі жағынан екінші ось 
дамып, оның ұшында гүл қалыптасады. Монохазий өз кезегінде ирек 
және бұйра гүлшоғыр болып екіге бөлінеді. 
Дихазий цимоидты 

ең қарапайым гүлшоғыр.
Плейохазий немесе көп сәулелі анықталған гүлшоғырында әрбір 
аналық осьті бір, екі немесе шоқтанып орналасқан көп жанама осьтер 
алмастырады. 
Тирс 

ось моноподийлі өсетін және жанама цимоидты 
гүлшоғырлары бар күрделі гүлшоғыр. Көпшілік жағдайда тирс қосарлы 
ирек немесе қосарлы бұйра гүлшоғыры ретінде қарастырылады. 
Антодий (гр
. anthos 

гүл
) – жануарлар арқылы тозаңдануға 
жоғары дәрежеде арнайы бейімделген өсімдіктердің жеке гүлдеріне 
ұқсас гүлшоғырлар. 
Сырға тәріздес гүлшоғыр 

ұсақ, ұсқынсыз, жай жабындық 
жапырақшалары бар, желмен тозаңданатын гүлдер. Мұндай 
гүлшоғырлары 

жай шашақ гүлшоғыры және күрделі тирс гүлшоғыры. 
Тапсырмалар 
1.
Өсіп тұрған гүлден гүл бөлімдерін: сағағын, кіндігін, 
тостағаншасын, күлтесін, аталығын зерттеп, суреттерін салу. 
2.
Бөлме өсімдіктерінің гүлдерінен гүл симметриясын анықтау. 
3.
Гүлдің морфологиялық ерекшеліктерін анықтап, суретін салу. 
4.
Гүлдердің кеппешөптерінен гүлшоғырларын анықтап, суреттерін 
салу.
Қайталау сұрақтары 
1.
Гүл деп нені айтамыз? 
2.
Гүлдің негізгі бөлімдеріне не жатады? 
3.
Жай гүлшоғыр мен күрделі гүлшоғырдың айырмашылығы неде? 
4.
Гүл жапырақшаларының болуы не болмауына қарай гүлшоғырлар 
қандай топтарға бөлінеді? 
5.
Жай гүлшоғырлар түрлерін атаңыз 


99 
Бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары 
1.
Өсімдіктің вегетативтік көбеюге қатысатын мүшелері 
А) тамыр, сабақ, түйнек 
Б) жапырақ, гүл 
В) ұрық, тұқым 
Г) жыныс жасушалары 
Д) түйнек, тамыржеміс 
2. Бір өсімдіктің бүршікті бөлігін екінші өсімдіктің денесіне ұластыру 
әдісі
А) бүршік арқылы көбейту 
Б) тамыр атпалары арқылы көбейту 
В) телу арқылы көбейту 
Г) кесінділеп көбейту 
Д) ұластырып көбейту 
3. Жыныс жасушалары ұрықтанғаннан соң пайда болатын жасуша 
А) спорофит 
Б) зооспора 
В) спорангий 
Г) оогоний 
Д) зигота 
4. Споралы жапырақтар 
А) спорофит 
Б) спорангий 
В) спорофилл 
Г) сорус 
Д) оогоний 
5. Бұрыс гүл тән өсімдік 
А) қызғалдақ 
Б) итмұрын 
В) қырыққабақ 
Г) шегіргүл 
Д) алма 
6. Гетерохламидті гүлге тән ерекшелік 
А) гүл серігі қарапайым, серіппе тәрізді орналасқан 
Б) гүл серігі қос қабатты 
В) гүл серігінің жапырақшалары бір ғана шеңбер түзеді 
Г) гүл серігі жоқ 
Д) күлтесі жоқ 
7. Бір үйлі өсімдіктер 
А) тал, бәйтерек, жаңғақ 
Б) үйеңкі, қарамық 


100 
В) жүгері, емен, қайың 
Г) көктерек, сора, қымыздық 
Д) үйеңкі, қияқ 
8. Жасыл түсті жапырақтары жетілген гүлшоғырлар 
А) фрондозды 
Б) брактеозды 
В) эбрактеозды 
Г) жалаңаш 
Д) цимозды 
9. Күрделі гүлшоғыр 
А) шоқпарбас гүл 
Б) шатыр гүл 
В) сыпыртқы гүлшоғыр 
Г) шашақ гүл 
Д) қалқанша 
10. Пентациклді гүл 
А) лалагүл 
Б) орхидей 
В) бересклет 
Г) ерінгүлділер 
Д) сабынкөктер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет