17
ІІ. Жасуша. Өсімдік ұлпалары
2.1 Жасушаның құрылысы
Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Жасуша ̶ тірі ағзаның
қоғамдық және функционалдық бірлігі. Жасушаның микроскопиялық
және субмикроскопиялық структурасы және тіршілік әрекеті жөніндегі
ғылымды цитология деп атаймыз. Яғни цитология ̶ жасуша туралы
ілім.
Алғашқы рет жасушаны бузинаның жабындық ұлпасын ̶ тозды
зерттеу барысында ағылшын жаратылыс зерттеушісі Р.Гук көрген. Ол
1609 жылы Г.Галилей және әкелі-балалы Янсендердің ойлап тапқан
микроскоптарын жетілдіріп, оны өсімдіктер мүшелерінің жұқа
кесінділерін зерттеуге пайдаланған. Өзінің зерттеулерінің нәтижесін
Р.Гук 1965 жылы жарық көрген «Микрография» деген шығармасында
толық баяндаған және осы еңбегінде ол алғаш рет «клетка», яғни
жасуша деген ұғымды қолданған. Уақыт өте бұл ғылыми терминге
айналды. Тоз қабаты тек қабықшалары ғана болатын, өлі жасушалардан
тұратын болғандықтан жасушаның тіршілік әрекеті негізінен оның
қабықшасына байланысты болады деген қате пікір қалыптасқан. Ол
кезде жасушаішілік заттарға онша көп көңіл бөлінбеген. Оларды
«қоректік шырын» немесе «өсімдік кілегейлері» деп қараған. Тек XIX
ғасырда ғана жасушаішілік заттарға зерттеушілер көңіл аудара
бастады. Бірақ бұл кезге дейін крахмал дәндері, кристалдар,
хлоропластар және тағы басқа жасушаның кейбір бөліктері белгілі
болған еді.
Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш еңбек жазған ағылшын
ғалымы Н.Грю мен итальян ғалымы М.Мальпиги болды. Олар бір-
біріне қатыссыз жеке-жеке өз беттерімен өсімдік ұлпалары мен
жасушаларының құрылымын зерттей келе М.Мальпиги 1671 жылы
«Өсімдіктер анатомиясы туралы мәлімет», ал Н.Грю 1682 жылы
«Өсімдіктер анатомиясының бастамасы» атты еңбектерін жарыққа
шығарды.
1831 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ядроны ашып, оның
жасуша тіршілігі үшін аса маңызды роль атқаратыны туралы пікір
айтты, ал 1839 жылы чех физиологы Я.Пуркинье жасуша ішіндегі
сұйықтықты зерттеп, оны «протоплазма» (протопласт) деп атады.
Жасушаның осы компоненттеріне атау беру мүмкіндігіне де сол кісілер
ие болды.
Өсімдіктер мен жануарлардың жасушалық құрылысы туралы
зерттеушілер жинақтаған көптеген мәліметтерді жинақтай және өз
зерттеулерінің нәтижелерін пайдалана отырып неміс ғалымдары,
ботаниктер М.Шлейден мен зоолог Т.Шванн 1838-1839 жж. жасуша
18
теориясының негізін қалады. Жасуша теориясының қағидалары
М.Шлейденнің «Өсімдіктердің дамуы туралы деректер» және
Т.Шванның «Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі
сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер» атты еңбектерінде жарық
көрген. Бұл теорияның мәні бойынша жасуша барлық тірі
организмдердің – өсімдіктердің де, жануарлардың да негізгі қарапайым
құрылымдық бірлігі болып табылады. Жасушалық теория өсімдіктер
мен жануарлардың шығу тегінің, құрылысының және эволюциясының
бір екендігін дәлелдеп берді. Ф.Энгельс жасушалық теорияны
энергияның сақталу заңымен және Ч.Дарвиннің эволюциялық
теориясымен қатар XIX ғасырдағы жаратылыстану саласындағы үш
үлкен жаңалықтың бірі деп жоғары бағалаған.
Біртіндеп микроскопиялық техниканың жетілуіне байланысты тірі
организмдердің жасушалық құрылымына көптеген жаңалықтар, жаңа
эксперименттік материалдар жинақтала бастады.
XIX ғасырдың екінші жартысында жаңа ғылыми жаңалық
ашылды. И.Д.Чистяковтың, Э.Страсбургердің аса жоғары дәлдікпен
жүргізілген эксперименттік зерттеулерінің негізінде жасушаның
бөлінетіндігі анықталды. Одан кейінгі зерттеулер нәтижесінде 1892-
1894 жж. В.И.Белялов мейоз жолымен бөлінуді дәлелдеп берсе, 1898
жылы С.Г.Навашин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.
Сөйтіп жасуша жасушасыз заттардан өздігінен пайда болады деген
көзқарасты түгелдей жоққа шығарды. Жасушалардың цитоплазмалық
мембраналар
арқылы
бір-бірімен
байланыста
болатындығы
айқындалғаннан кейін (Э.Руссовтың, И.Н.Горожанкиннің және т.б.
жұмыстары) ғана организмнің тұтастығы дәлелденді. Олар жасушалық
теорияны байыта түсті.
XIX ғасырдың аяғында цитология жеке ғылым ретінде түпкілікті
қалыптасты. Оптикалық микроскоптың базасында жасушаның негізгі
компоненттерінің барлығы және олардың химиялық құрамы зерттелді.
Олардың атқаратын қызметтері жөнінде көптеген мәліметтер
жинақталды.
Цитологияның
одан
арғы
дамуы
электронды
микроскопты ойлап табумен тікелей байланысты. Биологияда
электронды микроскопты XX ғасырдың артасында пайдалана бастады.
Электронды
микроскоптың
көмегімен
жасушаның
белгілі
компоненттерінің құрылысының бөліктерін көріп қана қоймай,
сонымен бірге олардың бұрын белгісіз болып келген жақтарын да
ашудың мүмкіндігі туды. Микроскоптың құрылысы 1-суретте
көрсетілген.
19
1-сурет. МБР-1 микроскобының құрылысы
1
макрометрлік винт; 2 – ұстайтын мойны; 3 – окуляр;
4
бинокулярлы тубус; 5 – револьвер; 6 – объектив; 7 – заттық үстел;
8 – препаратты жылжытқыш; 9
конденсор; 10 – айна; 11 – штатив
негізі; 12 – микрометрлік винт
Қазіргі уақытта цитология биологияның ең жақсы жетіліп келе
жатқан саласының бірі. Оның алдында жасуша компоненттерінің
құрылысының бейімделушілігін (иммунитетін), сыртқы ортаның
факторларының әсеріне байланысты болатын өзгерістерді және т.б.
зерттеу
міндеттері
тұр.
Цитологияның
жаңа
салаларының
(физиологияның, биохимияның, жасушаның компоненттерінің физико-
химиясының) дамуы табиғаттың тағы бір құпия сырын, тіршіліктің
өзіндік мәнін ашуға мүмкіндік берді.
Жасуша барлық тірі ағзалардың қызметті және құрылымды бірлігі.
Жасуша барлық тірі ағзаларға тән қасиеттерге: зат және қуат алмасу,
өсу, көбею, негізгі ұрпақтық белгілерін беру, қозғалу, сыртқы ортаның
әсерлерін сезінуге ие ағзаның ең қарапайым сатысы. Бір және көп
жасушалы ағзалардың жасушалары қоректік ортада дербес немесе
бөлектелген күйінде де өмір сүре алады және көбейеді. Жасушаның
20
қызметі өз кезегінде оның құрамындағы әртүрлі органеллаларына
(ядросы, пластидтері және т.б.) бөлінген. Оның барлық бөліктері өте
жоғары дәрежеде морфологиялық және қызметі жағынан маманданған.
Жасушаның құрылымы 2-суретте берілген.
2-сурет. Өсімдік жасушасының құрылысы
1
цитоплазма; 2
ядро; 3
митохондрия; 4
хлоропластар;
5
хромопластар; 6
крахмал дәндері; 7
Гольджи жиынтығы;
8
эндоплазмалық ретикулум; 9
вакуоль; 10
жасушаның ішкі
мембранасы; 11
жасушаның сыртқы мембранасы
Жасуша пішіндеріне қарай паренхималық және прозенхималық
болып екіге бөлінеді.
Паренхималық (гр.
Достарыңызбен бөлісу: |