Қынап айнасы
– қынапты немесе жатырдың қынап бөлігін зерттеуге немесе
қолдан ұрықтандыруда қолданылатын арнайы құрал.
Л
Ламинарлы бокс
– гаметалар жəне эмбриондармен жұмыс істегенде олардың
толықтай оңашалануы мен стерилдігін қамтамасыз етуге арналған қондырғы.
Лапоратомия
– көбею мүшелеріне еркін қол жеткізу мақсатында теріні қарын
тұсынан арнайылап жару (тілу).
ЛГ
– овуляцияны жəне одан кейінгі сары дененің қалыптасуын, сүт бездерінің
дамуын қамтамасыз ететін гормон
Линия
(желі) (ағ. line) – құрамында гендік (маркерлік) белгілері бар штаммды
сұрыптау немесе бір жасушаны көбейту арқылы алынған жасушалар тобы.
Липосомалар
(гр. lypos – май, soma - дене) – жасанды түрде алынған
фосфолипидтердің шар тəрізді денешіктері.
Локус
(лат. locus - орын) – хромосоманың генетикалық немесе цитологиялық
қартасындағы белгілі бір геннің (аллельдердің) орналасқан жері.
Лютеалдық фаза
– овуляцияны қамтамасыз ететін ЛГ гормонының əсер ету
кезеңі.
М
Малдардың көбею биотехнологиясы
– генетикалық басымды малдарды
молайту мақсатында, оларды жедел қарқында көбейту үшін, жануарлардың
репродуктивтік мүмкіндіктерін толық пайдалану əдістері.
Мацерация
(лат. maceratio - жұмсарту, жібіту) – өсімдік (ағза) жасушаларын
бөлу (ажырату), жасуша аралық заттарды жою немесе еріту мақсатымен істелетін
əрекеттер.
МБС сериялы микроскоптар
– эмбриондарды бағалау, сұрыптау мен
іріктеуге арналған ұлғайтқыш құрал.
Мегаспора
(гр. megas - үлкен, spora - тұқым) - əртүрлі спорасы бар жоғары
сатыдағы өсімдіктердің ірі гаплоидтық жасушасы, ол аналық жасушаның бастамасы
болып табылады.
Мейоз
(гр. meiosis – кему, азаю) – жасушалардың бөлінуінің ерекше жолы,
əдісі, оның нəтижесінде хромосома сандары редукцияланып, азайып, екі еселенген
диплоидтық жағдайдан тұтас сыңар гаплоидтық жағдайға өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |