Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Ақуыз терапиясы жəне ақуыздардың қате фолдингі



Pdf көрінісі
бет65/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

4.1 Ақуыз терапиясы жəне ақуыздардың қате фолдингі
Ақуыздар метаболизмі бағытындағы жаңа ізденістер, адам ағзасындағы
ақуыздардың аномальді, өздерінің қызметтерін дұрыс атқара алмайтын түрлерінің
синтезделуі нəтижесінде метаболизм үдерістерінің бұзылуы себебінен жасуша
құрамында ақуыз қалдықтары көп жиналатын ауру түрлерімен күресудің тың
əдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осындай ауру түрлеріне Альцгеймер
ауруына себепкер болатын адамдардың ми жасушалары құрамында кездесетін
ақуыздардың аномальді түрлері – ұзын əрі жабысқақ амилоидты талшықтары жəне
жанұялық амилоидозды полиневропатия науқасына алып келетін заты (құрылымы)
өзгеріске ұшыраған транстиретин ақуызы жатады.
Осы бағытта жақында жүргізілген зерттеулер мұндай қадамның үлкен
мүмкіндіктері бар екендігін көрсеткен. Ғалымдар гипогонадотропты гипогонадизм
дертімен науқас адамдардың гонадолиберин рецепторларын зерттеген. Бұл аурумен
науқастанған адамдар тестестерон гормондарының кем бөлінуімен ерекшеленеді.
Науқас адамда гонадолиберин рецепторларының бөлінуі бұзылғаны анықталған.
Ғалымдар мұны науқас адамға гонадолиберинді егу нəтижесінде оның жағдайының
ешқандай жақсармауынан байқаған. Біздерге ақуыздарда болатын белгілік реттердің


115
(сигнальная последовательность) оларды қажетті нүктеге бағыттап тұруы үшін
керек екені белгілі. Қалыпты жағдайда гонадолиберин плазмалеммаға
тасымалданып шырышты модулятормен қосылуы керек. Кейін модулятор ақуызды
плазмалеммаға бекітеді. Гонадолибериннің неге жұмыс істемейтінін анықтау
мақсатында, пациенттің жасуша культурасы пайдаланылды. Зерттеушілер
секреторлық реттеуші гендерді гонадолиберин кодына жауап беретін геномға қосса,
рецептордың жақсы жұмыс істейтіні анықталған. Рецептордың дұрыс жұмыс
істейтініне көз жеткізгенмен, ақуыз фолдингі бұзылған деп тұжырымдаған ғалымдар
əдейі құрастырылған кішкене пептид арқылы гонадолиберин рецепторымен
байланыс орнатуды ойлайды. Бұл жерде біз көптеген ғылыми ізденістер
нəтижелерінің болжамсыз болатынын айтқымыз келеді. Бірақ, таңданысқа орай,
жаңағы кішкентай пептид жасушаға өтіп, ақуыз синтезі болып жатқан кезеңінде осы
ақуыздың рецепторымен байланысып, ондағы фолдингтің дұрыс өтуіне ат салысқан.
Мұнда фолдингтің модуляторлары болып есептелетін – шаперондар көбінесе
спицификалық емес, сондықтан олардың негізгі міндеттері ақуыздардың
гидрофобты үлескілерімен байланысу еді. Теория бойынша ақуыздың гидрофобты
ауданына жауап бере алатын қандай болмасын молекула, оның фолдингін
модуляциялай беруі тиіс. Зерттеушілер осындай мақсатта көптеген ұқсас қасиетті,
атап айтқанда жасушаға еркін кіруі үшін кішкене көлемді жəне ақуыздың
гидрофобты үлескілеріне жақсы байланысатын молекулаларды пайдаланып көрді.
Соның нəтижесінде ғалымдар кейбір молекулалардың фолдингтің дұрыс өтуіне
ықпал ететінін анықтаған. Бұл нəтижелер арнайы өсірілген жасуша культурасында
алынған еді. Зерттеулердің нəтижелері көптеген ауруларды, атап айтқанда кистозды
фибриоз, пигментозды ретинит жəне жүйелі амилоидоз сиқты науқастарды емдеуде
пайдалы болуы мүмкін. Осыған ұқсас əдістер арқылы Альцгеймер, прионды кеселі,
Паркинсон ауруы жəне орақ-жасушалы анемия (серповидно-клеточная анемия)
ауруларының алдын алуға болады деген жорамалдар жасалуда.
Адам ағзасында фолдингтің қате жүруі нəтижесінде туындайтын ауруларды
емдеу, немесе биоинженерлі өндіріс жүйелерінде фолдингтің дұрыс жүруін
қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға болатын көптеген заттар бар. Сондықтан,
көп мөлшерде потенциалы бар пайдалы молекулаларды тез зерттеу əдістерін жасау,
əсіресе аптамерлерді анықтау бағытына, қазіргі кезде көптеген қаржылар
жұмсалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет