БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
28
11-сабақ
Тақырыбы: Коммуникация.
Ұғымдар: коммуникациялар, қарым-қатынас, ақпарат алмасу, S-M-R коммуникациялар үлгісі.
Сабақтың мақсаты: S-M-R ақпаратты беру/алу үлгісімен танысу және оны меңгеру,
коммуникациядағы кедергілерді анықтау.
Әдістері: жаттығулар, ой-талқы, шағын дәріс.
Ресурстар: S-M-R коммуникациялар үлгісі, плакаттар, жаттығулар, маркерлер.
Сабақтың барысы
«Дауыс бойынша топтасу» сергіту сәті
Уақыт: 10 минут
Материалдары: жаттығуға арналған карточкалар
Процесі:
Мұғалім оқушыларға алдын ала дайындалған карточкалар таратады, онда дауыс шығаратын
жануарлардың аттары жазылған (ит, мысық, сиыр, әтеш және т.б.) Әр жануардың аты 2-3
карточкаға (поститке) жазылады. Оқушылар карточкаларын ешкімге көрсетпей оқиды, одан
кейін көздерін жұмады. Мұғалім-тренер тапсырма береді: «Көздеріңді ашпай, жануарлар тобы
болып жиналыңдар. Сөйлесуге болмайды, тек жануарлар сияқты дыбыстау керек».
Жаттығудың психологиялық мәні:
мұқият болу, әлеуметтік қабылдау қабілетін жаттықтыру.
Талқылау.
Әсерлермен қысқаша бөлісіңіздер.
«Адамдарға байланысу не үшін керек?» ой-талқысы
Уақыт: 10 минут
Материалдары: плакаттар, маркерлер
Процесі:
Оқушылар ұсынатын идеялардың тізімін жасаңыз. Содан кейін сыныппен талқылаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: