БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
26
10-сабақ
Тақырыбы: Коммуникация.
Ұғымдар: коммуникация, байланыс, ақпарат алмасу.
Сабақтың мақсаты: қарым-қатынас әдістерін, тиімді және тиімді емес қарым-қатынас
заңдылықтарын анықтау.
Әдістері: әңгімелесу, жаттығулар, ой-талқы.
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жаттығулар, жаттығуларға арналған материалдар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт: 5 минут
«Шынтақпен амандасу» сергіту сәті
Уақыт:
5 минут
Процесі:
Дайындық:
Үстелдер мен орындықтарды шетке қою қажет, себебі оқушылар сыныпта емін-еркін жүруі
тиіс.
1. Оқушылардан шеңберге тұруларын сұраңыз.
2. Бірден төртке дейін санап, келесіні орындауды ұсыныңыз:
• әрбір «бірінші нөмір» қолын желкесіне қояды, шынтақтары екі жаққа қарауы тиіс;
• әрбір «екінші нөмір» қолын бөксесіне қояды, шынтақтары оңға және солға қарауы тиіс;
• әрбір «үшінші нөмір» сол қолын сол жақ бөксесіне, оң қолын оң жақ тізесіне қояды, қолдары
бүгіліп, шынтақтары екі жаққа қарауы тиіс;
• әрбір «төртінші нөмір» қолын кеуде тұсында айқастырады, шынтақтары екі
жаққа қарауы
тиіс.
3. Қатысушыларға жаттығуды орындау үшін 5 минут қана берілетінін айтыңыз.
Осы уақыт
ішінде олар барынша
көп оқушымен танысуы керек, яғни
бір-бірін шынтақтарымен жанап,
есімдерін айтады.
4. 2 минуттан кейін біріншілерді, екіншілерді, үшіншілерді және төртіншілерді біріктіріп, төрт
шағын топ құрыңыз. Оқушылар шағын топ ішінде бір-бірімен амандассын.
Достарыңызбен бөлісу: