Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет7/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. 
Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу).
 
Уақыт:
5 минут
«Жарыс автомобильдері» сергіту сәті 
Уақыт: 5 минут 
Процесі:
«Сендер нағыз автомобиль жарыстарын көрдіңдер ме? Қазір біз шеңберге тұрып автожарыс 
ұйымдастырамыз. Жарыс автомобилінің гүрілін елестетіп көріңдер – «Ррмм!» Бір адам 
«Рррмм!» деп айтып, басын күрт солға бұрады. Сол жақтағы көршісі бірден «жарысқа түсіп», 
өзінің «Рррмм!» гүрілін айтып, келесі көршісіне бұрылады. Осылайша, «мотордың гүрілі» 
толық айналым жасамайынша, шеңбер бойынша жылдам беріледі». 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 

«Мен қандаймын?» жаттығуы 
Уақыт: 20 минут 
Материалдары: жұмыс дәптері 
Процесі:
Жұмыс дәптерлеріңді алып, _ бетін ашыңдар (№ алдын ала қараңыз). Келесі қызықты жаттығу 
арқылы өз ойларыңмен және сезімдеріңмен бөлісе аласыңдар. Қалай жауап берсеңдер де, 
дұрыс болады. Қалай дұрыс деп санасаңдар, солай жауап беріңдер. 
Балалардан жауаптарын оқып шығуларын сұраңыз. Барлығының сөйлегені жөн, бірақ 
мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Барлық жауаптар туралы айтуға немесе кейбірін таңдап, талқылауға 
болады. 
Жаттығуды жабу оқыту циклінің алғашқы екі кезеңі бойынша жүргізіледі. Қолдау туралы 
ұмытпаңыз. Эмоционалдық қауіпсіз атмосфераның болуын қадағалаңыз. 
Талқылауға арналған болжалды сұрақтар: 
-
Сұрақтарға жауап беру қиын болды ма?
-
Басқа адамдардың сендерді қалай көретіндері туралы ойладыңдар ма? Неліктен?
-
Адамның бейнесі неден тұрады және оның өзгеруі мүмкін бе? Өзгере алатын болса, 
неліктен? 
«Домино» жаттығуы 
Уақыт:
10 минут
Процесі: 
Топтың бір мүшесінен ойынды бастауды сұраңыз. Ол өзін сыртынан немесе ішінен сипаттай 
алатын екі нәрсені ойлап тауып айтады. Мысалы, «Бір жағынан менің итім бар, екінші жағынан 
мен шоколад жақсы көремін». Тренер тізбектегі алғашқы адам бола алады. 
Дәл осындай сипаттамаларға ие басқа оқушы оның алдында болған адамның қолынан ұстап, 
тізбекті тұйықтап, өзінің ерекшеліктерін немесе өзі туралы қандай да бір ақпаратты айтуы тиіс. 
«Мен де бір жағынан шоколад жақсы көремін, екінші жағынан менің інім бар». 
Егер бір қолға ұқсас сипаттамалар табылмаса, сол адамнан басқа сипаттаманы немесе жалпы 
сипаттағы қасиетті атауын сұраңыз. 
Ақыр аяғында барлық топ тренермен бірге шеңбер немесе тұйық тізбек құрайды. Оқушыларға 
рақмет айтыңыз. 
Балаларға бәріміз әртүрлі екендігімізді, бірақ бізді біріктіретін ортақ нәрселер бар екендігін 
айтыңыз. Ең бастысы – өзіне және басқаларға мүмкіндік беру және позитивті болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет