Факультативтің мазмұны. 5-6 сынып оқушылары. 2-деңгей Тренинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет9/72
Дата20.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#192225
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
Байланысты:
5-6 уровень 2 КАЗ

Көшбасшылық ұғымы 
Көшбасшылық дегеніміз – адамдардың ортақ күш-жігерін бір мақсатқа жетуге бағыттай 
отырып, әр тұлғаға және әртүрлі адамдар тобына белгілі бір әсер ету қабілеті.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда, бұл бір беделді адамның топ мүшелерінің мінез-
құлқына әсер етуіне негізделген табиғи процесс. Сонымен қатар, әсер ету ретінде бір адамның 
басқа адамның сезіміне, қарым-қатынасына, қылықтарына өзгерістер енгізетін әрекеттері 
түсініледі. Көшбасшылықты жүзеге асырудың бірнеше жолы бар.
Көшбасшылық тұжырымдамаларына сәйкес, оны идеялар, сендіру, жазбаша және ауызша тіл, 
жеке бедел, мәжбүрлеу, эмоционалдық әсер ету, өзіндік мысал келтіру және т.б. арқылы 
көрсетуге болады.
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
11 
Көшбасшы деген кім? 
Белгілі бір топтың құрамында болу біреудің көшбасшылығын білдіреді. Көшбасшылық 
тұжырымдамалары әртүрлі теорияларға негізделген. Топты басқару үшін адамға қандай 
қасиеттер керек?
Көшбасшы – ол адамдардың басын қоса алатын және оларды қандай да бір мақсатқа жетуге 
бағыттайтын адам. Сонымен бірге, «көшбасшы» және «мақсат» бір-бірінен ажырамайтын 
ұғымдар. Алайда алдыңа мақсат қойып, оны жоспарлы түрде жалғыз жүзеге асыру – басшы 
болу деген сөз емес. Әрбір көшбасшының артынан еретін жақтаушылары болуы тиіс.
«Жас лидер ассоциациясының» (ЖЛА) ұстанымы 
Біз үшін 
көшбасшылық
– ол өзіңе ғана емес, өзгелерге де пайда әкеле отырып, өзіңе және 
айналадағы адамдарға көмек көрсету. 
Көшбасшының негізгі құзыреттері: 
Құзыреттілік
(лат. сompetere – сәйкес келу) – білімді, іскерлікті қолдану, жалпы міндеттерді 
атқаруда практикалық тәжірибе негізінде табысты әрекет ету қабілеті. 
Жеке: 

Жеке қасиеттер. 

Өзін-өзі түсіну.

Өзін-өзі ынталандыру. 
Топтық: 

Топтың дамуы, топтық процестер туралы білім. 

Жағдаяттық көшбасшылық. 

Ақпарат беру. 

Ынталандыру. 

Топ ішіндегі өзара әрекеттесу/Командалық рөлдер. 

Мақсаттарды дұрыс қоя білу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет