көрсетеді):
1. Кардиотоникалық әсері:
а) Оң инотропты (систоланың
күшеюі мен жеделдеуі, жүректің соғуы және минуттық көлемінің артуы). б)
Теріс хронотропты
(диастоланың үзаруы, жүрек ырғағының баяулауы).
в)
Теріс дромотропты
(миокардтың өткізгіштігінің төмендеуі).
г) Оң
батмотропты
(журектің өткізгіштігінің артуы), д) Оң тонотропты (миокард
тонусының жоғарылауы).
2. Миокардта энергетикалық балансының жақсаруы
(миокардтың
оттегіге деген суранысының артуы).
3. Диурездің күшеюі.
Седативті (тыныштандыратын) әсер көрсетеді.
Осы себептерден жүрек гликозидтері систоланы күшейтіп қысқартады,
соғуы мен минуттық көлемін арттырып жүрек қызметін күшейтеді, бірақ
диастола ұзарып жүрек көбірек дем алады. Жүрек гликозидтері миокардтың
қозуы мен автоматизмін күшейтеді, ол экстрасистолаға алып келуі мүмкін.
Жүрек гликозидтері өткізгіштікті нашарлатып, ал артық мөлшерінде жүрек-
қарынша бөгетін тудыруы мүмкін. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігімен
ауыратын науқастар жүрек гликозидтерін қолданғанда жүректің реттелуі
нәтижесінде күре тамыр іркілісі төмендеп, ісінулер жойылады, веноздық
қысым төмендеп, АҚ қалыпты жағдайға келеді, диурез жоғарылайды,
АІЖ-
ң қызметі мен мидың қан айналым жүйесі реттеледі және ұлпада гипоксия
қүбылысы төмендеп, ентігу жойылады.
Жүрек гликозидтерінің бір-бірінен айырмашылығы белсенділігіне,
әсерінің пайда болу жылдамдылығына, әсерінің үзақтығына және дәрілік
заттың фармакокинетикасына байланысты. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: