С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология


б) Бескрахмальды полисахаридтер



Pdf көрінісі
бет198/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   280
б) Бескрахмальды полисахаридтер:
 хьюар шайыры (гуарем)
-
асқазанда ісініп тағамдық холестериндердің және өт қышқылының
сіңірілуіне бөгетжасайды. Әсері әлсіз.
Атеросклероздың жеңіл түрінде
кешенді емдеуді қажет етеді:
полиспонин
(жапон диоскореясы тамыры мен тамыр сабағының
препараты) және
 трибуспонин
(теміртікен шөбінің препараты).
Атеросклероздың кешенді емінде сонымен қатар
 эссенциальды
фосфолипидтер
(эссенциале, липостабил) жәме
 антиоксидант
препараттары
(токоферол ацетаты, аскорбин қышқылы) қолданылады.
174
175


5.
 НЕСЕП АЙДАУШЫ ДӘР
ІЛЕР (ДИУРЕТИКТЕР)
Несеп айдаушы
дәрілер негізінен ағзадан артық мөлшердегі суды
шығарады, элөктролиттердің (№+ және
СІ+) реабсорбциясын
(қайта сіңуі)
төмендетіп, әртүрлі жағдайлардан пайда болған ісінулерді басу, АҚ-н
төмендету үшін тағайындалады. Негізгі қолдану көрсеткіштері:
артериялық гипертония кезінде АҚ-ы төмендету үшін (басқа гипотензивті
дәрілермен), өкпе ісінуінде, ми ісінуінде, химиялық заттармен уланғанда
форсирленген диурез үшін. Диуретиктер несеп түзілудің барлық
кезеңдеріне әсер етеді: фильтрацияға, секрецияға және түтікше
реабсорбциясына, Олар қышқыл негіздік тепе-теңдіюі сақтап тұру үшін
бүйрек қызметін реттеп, ағзаны ксенобиотиктерден тазартып түрады.
1. Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктер:
дихлотиазид
(гипотиазид, гидрохлортиазид, эзидрекс), циклометиазид, клопамид
(бринальдикс), оксодолин (хлорталидон), индапамид (арифон, индап).
Бүл диуретиктердің әсері орташа, тәулігіне 1 рет (таңертең) ішке
қабылдайды. Негізгі әсері нефрон түтікшелерінің дистальды және
проксимальды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын
тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді. Гипертониялық ауруларда, жүрек, бауыр
және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен пайда болған ісінулерде,
жүктіліктің токсикозында (нефропатия, ісіну, эклампсия) және етеккір
алдындағы жағдайларда қолданылады. Жанама эсері: диспепсия;
гипокалиемия
(алдын алу үшін калий хлоридін, «Аспаркам», панангин,
қүрамында калий бар диета: картоп, сәбіз, өрік, жүзім, түйе бұршақ,
бүршак,, түйілген тары, сүлы жармасы және де дихлотиазидтерді калий
сақтағыш диуретиктермен бірге қолдану қажет); гипохлоремиялық алкалоз;
гипомагниемия және гиперкальциемия; гипергликемия; гиперурикемия
(подаграның күшеюі) байқалуы мүмкін. Ауыр бүйрек қызметінің
жетшіксіздігінде, айқын бауыр зақымдалуында, қант диабетінің және
подаграның ауыр түрінде қоядануға болмайды.
Оісһіоіһіазісіит - дихлотиазид (Б): 0,025 және 0,1 таб. таңертең ас
алдында белгіленеді. Әсері 1 -2 сағ. басталып, 10-12 сағ. созылады, 3-
4 күн үзілістен кейін 3-5-7 күндік ем тағайындалады. Карбоангидраза тежеуші
әсеріне байланысты гидрокарбонаттың да реабсорбциясын төмендетеді.
Калий иондарының секрециясы жоғарылайды.Магний иондарының
экскрециясы бұзылады. Осы қүбылыстар несеппен натрий, хлор, калий,
магний иондарының және гидрокарбонатардың ағзадан шығуына алып келеді.
Клопамид және оксодолин әсері ұзақ, циклометиазид дихлотиазидке
қарағанда белсенділігі жоғары. Индапамид қан тамырларды кеңейтіп,
гипертониялық ауруларда қолданылады. Антиагреганггық әсері бар.
//.
 „Шумақты,, диуретиктер:
фуросемид (лазикс), этакрин
қышқылы (урегит), торасемид (унат), буфенокс (буметанид),
пиретанид (ареликс). Бүл препараттар ацидоз бен алкалозда күшті әсер
ететін несеп айдайтын дәрілер. Олар Генле шумағының жоғарғы бөлік
аумағында натрий, хлор және судың реабсорбциясын (қайта сіңірілуін)
тежейді, Ми, өкпе ісінуінде; гипертониялық ауруларда және гипертониялық
кризде; жедел улануда; жіті және созылмалы бүйрек қызметінің
жеткіліксіздігінде; эклампсияда қолданылады. Жанама әсері: диспепсия,
гипокалиемия, гипомагниемия, гипохлоремиялық алкалоз, гипотензия, бас
айнапу, әлсіздік, аллөргиялық реакциялар және есту қабілетінің бүзылуы
байқалады. Бауыр комасында, гипокалиемия, бүйрек қызметінің
жеткіліксіздігінің терминальды кезеңінде, несеп шығару жолдарының
механикалық бітелуінде және жүктіліктің бірінші жартысында қолдануға
болмайды.
Ғигозетісіит - фуросемид (Б): 0,02 және 0,04 таб. шығарылып,
таңертең белгіленеді, әсері 20-30 мин. соң басталып, 3-4 сағ. созылады;
1% 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е; 2-3 мл тәулігіне 1-2 рет к/т баяу
ағынмен енгізіледі, әсері 3-4 мин. кейін басталып 2-3 сағ. созылады.
Асісіит еіасгупісит - этакрин қышқылы (Б): 0,05 таб. таңертең астан
кейін, 0,05 амп. қолданар алдында ерітеді. Әсері 30-40 мин. соң басталып,
6-8 сағ. созылады.
///.
 Карбоангидраза ингибиторлары:
диакарб (ацетазоламид) -
нефронның проксимальды түтікшелеріндегі карбоангидраза ферментінің
белсенділігін таңдамалы тежеп, көмір қышқылының түзілуінің азаюы мен
бүйрек түтікшелерінің эпителийінде натрий мен бикарбонат
реабсорбциясын төмендеуіне және олардың несеппен шығарылуын
күшеюіне алып кёледі. Көз ішілік және бас сүйек ішілік қысымын
төмендетеді. Диурездік әсері әлсіз. Өкпе-жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен
пайда болған ісінулерде, глаукомада, энцефалопатияда және эпилепсияда
қолданылады. Жанама әсері; гипокалиемия, гиперхлоремиялық ацидоз
және гиперкальциурия байқалуы мүмкін. Ацидозға бейімділікте, жедел
бауыр мен бүйрек ауруларында, қант диабетінде, уремияда және жүктіліктің
алғашқы 3 айында қолдануға болмайды.
ОіасагЬит - диакарб: 0,25 таб. - 1 таб. тәулігіне 1-3 рет
тағайындалады.
/V.
 Калий сақтаушы диуретиктер:
спиронолактон (верошпирон,
альдактон), калий канкреонаты (сольдактон), триамтерен (птерофен),
176
177




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет