бірге қолданғанда тәбет ашатын қасиетгері бар. Сонымен қатар инсулиннің
қандағы қанттың құрамын төмендете отырып, тәбет ашатын да қасиеті
бар. Бұл заттар наркоздан, жұқпалы аурулардан кейін және тәбет
төмендеген жағдайларда белгіленеді. Сонымен қатар зат алмасу процесін
күшейтетін, тәбетгі қуаттандыратын дәрілергө:
витаминдер, анаболикалық
стероидтар, карнитин
және
апилак
жатады. Антигистаминді препарат
ципрогептадин (апетиген, перитол) орталыққа қуаттандырғыш әсер
көрсететіндіктен, нейрогенді анорексияда, созылмалы ауруларда
қолданылады.
Тіпсіига АЬзіпШіі - ащы жусан тұндырмасы:
25 мл флаконда
шығарылады. Астан 20-30 минут бүрын 10-20 тамшыдан қабылданады.
Оның қүрамында абсинтин гликозиді, сонымен бірге қүрамында терпен
мен камфора, изомерлі абсентолы мен эфир майы бар.
Тіпсіига Атага - Ащы түндырманың
қүрамы: толғақшөптен, үш
жапырақты су перісі жапырағынан (60,0), иір тамырсабағынан, ащы жусан
шөбінен (30,0), кориандр жемісінен (15,0) және 40% этил спиртінен
(1л дейін) түратын 25 мл флаконда шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: