1. Миометрияныңжиырылубелсенділігін куаттандыратын дөрілер (Утеростимуляторлар) Миометрия - жатырдың бұлшық етті жүйесі. Миометрияның ырғақты
жиырылуын күшейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын
жеңілдетеді,
Окситоцин тобының препараттары: окситоцин (синтоцинон), метилокситоцин, дезаминоокситоцин (сандопарт), питуитрин, гифотоцин (питуитрин М). Окситоцин - миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын
гипофиздің артқы бөлігінің (синтетикалық препараттарда осындай атауға
ие) гормоны. Окситоцин миометрия мембранасының жасушаларына
К
+
иондарының өткізгіштігін жоғарылата отырып, әсер потенциалын
азайтып, қозуды күшейтеді. Окситоцинге жатыр жүктіліктің соңғы айларында
әсіресе босану кезінде сезімтал келеді. Окситоцин мерзімінен бүрын су
кеткенде тиімді. Миометрияда окситоциннің әсерін эстрогенді гормондар
күшейтеді. Окситоцин сүт бездерінің секрециясын жоғарылатады. Босануды
(толғақты) шақыру және қуаттандыруда (к/т (мин. 8-40 тамшыға дейін)),
босанғаннан кейінгі жатырдан гипотониялық қан кетуді тоқтату үшін (б/е)
және жатырдың атониясында толғақты қуаттандыру үшін қрлданылады.
Жамбас пен үрықтың (іштегі бала) өлшемі сәйкес келмеуінде, үрықтың
көлденең және қиғаш орналасуында, жатырдың жыртылу қауіпінде, кесар
тілігінен кейінгі жатыр тыртығында
қрлдануға болмайды, Охуіосіпит - окситоцин (Б); 1 мл (1 мл - 5 ӘБ) амп. к/т
(1 мл-н 5% 500 мл глюкоза ерітіндісімен) тамшылатып енгізіледі.
Метилокситоцин - окситоциннің синтетикалық аналогы; әсері,
қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.
Дезаминоокситоцин - 50 ӘБ таб. - босануды күшейту үшін
трансбуккальды (шайнамай және жүтпай үртында сіңіруі қажет) әр 30 мин.
206
сайын 1 таб. белгіленеді. Сонымен бірге босанғаннан кейінгі кезеңде
жатырдың инволюциясын (қайтадан дамуы) тездету және лактацияны
қуаттандыру үшін қолданылады.