232
1 1 . ҚАБЫНУ ЖӘНЕ АЛЛЕРГИЯ
ПРОЦЕСТЕРІНЕ
ӘСЕР
ЕТЕТІН
ДӘР
ІЛЕР
1
.
Қабьшуға қарсы
дәрілер
Қабынуға қарсы дәрі дәрмектерге қабыну процестерін басатын дәрілік
препараттар жатады. Кдбыну деп эндогенді және әкзогенді факторлардың
әсерінен ағзаның зақымдануы. Қабыну реакцияларының кезеңдері:
альтерация, экссудация, пролиферация. Бұл кезеңдер биохимиялық
реакциялардың өзгеруінен медиаторлардың бөлінуімен
(простагландин,
брадикинин, серотонин, гистамин
және т.б.) байланысты. Қабыну
медиаторлардың ішінде простагландиндер күшті зақымдағыш қасиеттері бар.
Олардың биосинтезінде фосфолипаза А
2
және циклооксигеназа ферменттері
қатысады. Қабыну процесінде осы ферментгердің белсенділігі артып, ұлпаны
зақымдайтын простагландиндердің түзілуі күшейеді, олар альтерация және
экссудацияның дамуына алып келеді. Қабыну медиаторының бірі
брадикинин
қан тамырларды кеңейтетін әсері бар, қан тамырлардың өткішгіштігін
жақсартып, лейкоциттердің қүрамын жоғарылатады және қабыну ошағындағы
дене қызуын көтереді. Қабыну ошағындағы ауырсынудың пайда болуы,
ұлпаның ісінуі мен жүйке талшықтары үштарының сығылуына алып келеді.
Осыған байланысты жергілікті қабыну белгілері гиперемия, капиляр
өткізгіштігініңжоғарлауы, лейкоцииердің иммеграциясы және ауырсынулар
пайда болды. Сонымен қатар қанға сіңіріліп одан ағзаларға таралуы әртүрлі
жүйелі қабыну белгілеріне алып келеді. Қабыну кезінде қабынуға қарсы
дәрілер қолданылады.
Қабынуға қарсы
Достарыңызбен бөлісу: