С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология


Инъекцияға (егуге) арналған дөрілік түрлер



Pdf көрінісі
бет40/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   280
Инъекцияға (егуге) арналған дөрілік түрлер
Дәрілік заттарды парентеральды енгізу инъекция жолымен жүзеге
асады:
 тері астына,
булшық
 етке, күре тамырға, артерия ішіне,
субарахнойдальды және т.б.
Инъекция арқылы әртүрлі дәрілік заттарды
 тері астына
 -
көбінесе
сулы ерітінділер;
 бүлшық етке
 -
сулы және майлы ерітінділер, сондай-ақ
суспензиялар;
 күре тамырға
 -
тек сулы ерітінділер енгізіледі.
Кейбір ерітінділер мен суспензияларды қолданар алдында ерітіп
енгізеді. Ампуладағы немесе флакондағы қүрғақ (үнтақ түрінде) түрдегі
инъекцияға арналған дәрілік заттарды алдын ала ерітіп немесе араластырып
алады. Инъекциялық ерітіндіге еріткіш ретінде көбінесе инъекцияға арналған
су, кейбір өсімдік майлары, кейде сүйытылған этил спиртін (33 % дейін)
пайдаланады. Инъещияға арналған дәрілік түрлер (рго іпіесііопіЬиз)
залалсыздандырылған, түрақты, апирогенді (дене қызуын көтермеуі қажет);
механикалық қоспалардан тазартылған болуы тиіс. Медициналық
тәжірибеде инъекцияға арналған дәрілік түрлер фармацевтикалық
өндірістерде көбінесе ампулада және флаконда шығарылады. Инъекцияға
арналған дәрілік түрлер дәріханаларда сирек дайындалады. Дәріханада
инъекцияға арналған ерітінді тығындалып жабылған 5-1000 мл шыны
қүтыларда шығарылады. Қүты этикеткасына «Залалсыздандырылған» деп
жазылады.
Рецепте ампуладағы қүрғақ дәрілік заттарға (үнтақ):
 дәрілік заттың
атауы,
бір ампуладағы
 мөлшерін
көрсетеді, одан соң
 0.1.6.
 Ы...Һ атриіііз
(... ампулада осындай мөлшерде босат) және 5. жазылады. Сигнатурада
дәріні еріту, енгізу жолы мен инъекция уақыты көрсетіледі.
45




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет