Б. Химиотерапевтикалык дәрілер
Жұқпалы ауруларды емдөу және алдын алу үшін қолданылатын инфекция
қоздырғыштарына әсер ететін препараттарды химиотерапев-тикалық
дәрілерге жатқызамыз.
Химиотерапевтикалық дәрілердің негізін қалаушы неміс ғалымы
П.Эрлих, XX ғасырдың басында мышьяктың бірнеше қосылыстарын
синтездеп, оларды мерезде, кейбір қарапайымдыларға қарсы препарат
ретінде қолданған. Кейіннен сульфаниламидті препараттар (Домагк
1932 ж.) мен антибиотиктер алынған (А.Флеминг, 1929 ж.), ал 1940 ж.
Флори мен Чейн пенициллиннің таза түрін алған. Химиотерапевтикалық
дәрілердің құрылысына қарай жұқпалы аурулардың қоздырғышына
таңдамалы әсеріне қарай төмендегіше топтарға жіктейміз:
1. Антибиотикгер.
2. Синтетикалықмикробқэ қарсыдәрілер.
3. Туберкулезге қарсы дәрілер.
4. Спирохетозт қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер.
5. Саңыраукүлакгарға қарсы дәрілер.
6. Вирусқа қарсы дәрілер.
7. Кдрапайымдыларға қарсыдәрілер.
8. Куртгарға қарсы (гельминтке қарсы) дәрілер.
Жүқпалы ауруларды толық емдеу үшін химиотерапияның негізгі
принциптеріне сүйену қажет:
1. Қоздырғышқа қарсы сезімталдығы жоғары препаратты таңдау;
2. Емді дер кезінде бастау;
3. Енгізу арасындағы дәл уақыт аралығын сақтай отырып препараттың
тиімді мөлшерін қабылдау;
4. Ауру белгілері жойылғанша және 2-3 күн артығымен (толық
бактериологиялық айыққанша) емдеу;
5. Қиыстырылған ем қабылдау;
6. Қажетті жағдайда алдын алу үшін емдеу кестесін қайталау;
Достарыңызбен бөлісу: