Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет184/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
213
нәтижеге жстс алмайды. Жеке адамның даму процесінде «Мен» ұсақ бөлшек- 
терге бөлінеді де, «Жоғарғы Мен» дамиды. «Жоғарғы Мен» адам психикасы- 
ның ішкі құрамына айналатын ата-аналардың жэне қоғамның берген маңызды 
қағидаларына сүйене отырып, табиғи инстинктерді («Ол») тыюға жэне бақылауға 
талпынады. Сөйтіп, «Жоғарғы Мен» мен «Ол»-дың арасында қарама-қайшылық 
пайда болады. Осы екеуінің ортасында жарастырушы қызметін «Мен» атқарады. 
«Менді» қалыптастыруда жэне қоршаған ортаны танып-білуде сананың рөлі өте 
зор. Ал санамызбен қорытпаған, түсінбегеннің бэрі бейсаналық болып табылады. 
Саналық бейсаналыққа жэне керісінше болып алмаса беруі мүмкін.
Бейсана санадан жеке адамдардың өзінің елестету жэне жан күйзелісін әртүр- 
лі саналық сатысында түсінуімен ерекшеленеді. Бейсаналық түстерде, гипноздық 
жағдайда, адамдардың эртүрлі қалыптасқан одет-қылықтарында көрініс табады. 
Бұл - төменгі сатыдағы бейсаналық. Ал жоғарғы сатьщағы бейсаналық санадан 
тыс жатқан инстинктерден, физиологиялық қуштарлықтардан, эуестіктерден кө- 
рінеді. Осы жоғарғы сатьщағы бейсаналық - адамдардың агрессиялық бейімділі- 
гінің қайнар көзі. Бірақ қоғамда бул бейсаналықтың түрі өзін көрсете бермейді, 
себебі ол «сананың түкпіріне» жасырынады да, «рұқсат» етілмеген іс-әрекет ре- 
тінде ұзақ уақыт сақталады.
Фрейд өзінің басты идеясын жеке адамның «психосексуалдық дамуы» жө- 
ніндегі теория төңірегінде өрбітеді. Бұл теория бойынша, бейсаналықтың негізін 
сексуалдық инстинктер (либидо) қалайды. Олар көп жағдайда адамдардың пси- 
хикалық іс-әрекеттеріне, сонымен қатар барлық тарихи жэне қоғамдық оқиғаларға 
себепші болады. Мысалы, теренде жатқан адам психикасының өзара жанжалдары 
моральдьщ, өнердің, ғылымның, діннің, мемлекеттің, құқықтың, соғыстардың, 
т.б. себебін жэне мазмұнын құрайды.
Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация 
(басып-жаныштау) жэне комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. Суб­
лимация дегеніміз - Фрейдтің пікірінше, тежелген, «жасырынған» сексуалдық 
инстинктің (либидоның) бейсексуалды (одеби шығармашылық, саяси және 
қоғамдық іс-эрекеттер, т.б.) іс-әрекет түріне ауысуы.
«Комплекс» ұгымы адамдардағы салыстырмалы тұрақты механизмдердің 
(эдептілік, саяси, т.б. қағидалары,), олардың психикасының барлық түрлерінің 
бұзылғандығын көрсетеді. Осы ойын дәлецдеу үшін Фрейд «Эдип» туралы аңыз- 
ды мысал ретінде келтіреді. Бұл грек аңызы бойынша, Эдип білместіктен өз эке- 
сін өлтіріп, туған анасына үйленген. Осы аңыз негізінде Фрейд «Эдип комплексі» 
ұғымын қалыптастырып, оның мэні ретінде баланың анаға деген сүйіспеншілі- 
гі мен махаббаты және әкесіне деген қызғанышы мен өшпенділігі сияқты инс- 
тинктердің қабысуы арқасында Эдиптің психикасының бұзылғандығын арқау 
етіп алған. Осы ойын эрі қарай жалғастырып, Фрейд бейсаналық адамдар мен 
қоғам іс-эрекеттеріне зор эсер етеді деген қорытындыға келеді. Жалпы алғанда, 
адамдардың барлық іс-әрекеті элеуметтік, табындық (топтасу) инстинктерінің кө- 
рінісі болғандықтан, осы негізде «бұқаралық психология» қалыптасады. Фрейд 
бұл идеясын өрбіте келіп, «тобырлар» мен «көсемдер» туралы саяси-әлеуметтік 
концепциясын ұсынды. «Тобырлардың» тарихи дамуға тигізер жөнді әсері жоқ. 
Керісінше, «көсемдер» тобырлардың ең төменгі инстинктеріне эсер ете отырып,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет