Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет2/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Алтаев Ж.
А 46 
Философия тарихы: оқулык / Ж. Алтаев, А. Қасабек. - Алматы: Қазақ 
университеті, 2017. - 338 б., 8 б. сур.
ISBN 978-601-04-2893-5
Окулықта философия тарихының Ежелгі Шығыс жэне антикалық дәуірінен бастап, одан 
кейінгі негізгі даму кезендері қамтылып, орта ғасыр еуропа, араб, парсы, түркі тілді ислам 
философиясына кеңінен талдау жасалынады. Шығыс философиясының бір бұтағы болған 
қазак философиясының тарихи даму белестеріне ерекше мэн беріліп, қазақ философиясы 
қалыптасуының тарихи ерекшеліктері, көне түркі жазбаларындағы философиялық ойлар, 
дәстүрлік пен жаңашылдық, кеңестік кезеңі философиясы қарастырылады.
Жоғары оқу орындары бағдарламаларына сәйкес жазылған бұл еңбек студенттерге, 
магистранттарға, философ мамандарға жэне философия тарихы мәселелеріне қызығушы 
зиялы қауымға арналады.
ӘОЖ 1/14 (075.8)
КБЖ 87.3 я 73
ISBN 978-601-04-2893-5
© Алтаев Ж., Қасабек А., 2017 
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2017


А Л ҒЫ СӨЗ
Оқырмандарға ұсынылып отырған «Философия тарихы» атты оқулық автор- 
лардың көп жылдардан бері тынымсыз ғылыми педагогикалық ізденістерінің 
жемісі деп түсініңіздер. Оған «Философия тарихы» оқулығының ғылыми құры- 
лымы, авторлардың алдына қойған мақсат-мүдделерінің айқындығы дэлел бола 
алады. Оқырман қауым кітап мазмұнынан «ежелгі шығыс», «элемдік антикалық», 
«араб мұсылман философиясы», «орта ғасыр жэне жаңа заман Еуропа фило- 
софиясы» тарихымен танысуға мүмкіндік алады. Оқулықта классикалық жэне 
заманауи ислам философиясы философиялық сараптама тұрғысынан тек діни- 
иррационалистік сипатта ғана емес, ғылыми философиялық-рационалистік сарын- 
да зерттелген. Сондай-ақ ислам өркениетінде белең алған түрлі ислам мәдениет- 
тері мен философиясы да философия тарихы тұрғысынан жүйеленген. Аталмыш 
өркениеттің түбі бір болып табылатын көпқырлы философиялық-дүниетанымдық 
мэдени элемдігі талданған. Бүл бірліктен ислам интеллектуалды әлемінің тұлға- 
лары эл-Кинди, эл-Фараби, ибн-Сина, эл-Ғазали, ибн-Рушд жэне парсы фило- 
софиялық ойлау мэдениетінің өкілдері мен ислам философиясының түркі-қазақ 
өкілдсрі шыққаны баяндалған.
Оқулықта жоғарыда айтылған ұлы ғұламалардың философиялық ойларымен 
катар, перипатетизміндегі рационализм ерекшелігі, олардың өмірі мен шығар- 
машылығы, ислам мэдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесі, олардың таг- 
дыры, орта ғасыр ислам философиясының шығыс пен батыс философиясына 
ықпалы, үйлесімділігі философия тарихы тұрғысынан талданып жазылған. Со- 
нымен қатар орта ғасыр еуропалық философиясының философиялық дәстүрі, 
тарихи-мэдени алғышарттары, антика жэне шығыс философиясымен байланысы, 
проблемалары, орта ғасырлардағы Еуропа мәдениетіндегі гуманизм мэселелері 
кеңінен сөз болады. Сонымен катар философия тарихында өшпес із қалдырған 
ежелгі шығыс философиясы, антикалық философия, ортағасырлық ислам жэне 
Еуропа философиясы, жаңа заман, неміс классикалық философиясы, мұсылман 
елдерінің философиясы тарихы туралы авторлар өз философиялық гіайымдаула- 
рын ортаға салады.
Әлемдік философия тарихына тереңірек үңілсек, элемде үш ошақтың (Қытай, 
Үнді, Ерекия) шамалас бір кезеңде дүниеге келгенін көреміз. Бүл орталықтар 
философияның элеуметтік кеңістігіндегі жоғары деңгейі еді жэне теориялык 
философиялык ойлаудағы дүниенің өзін жеке жэне тұтас ретінде бейнеле- 
ген алғашқы философиялык жүйелер болды. Өйткені кұнарсыз топыраққа егін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет